РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.03.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің БасқармасыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1-тармағын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 12 және 13-тармақтарын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Банктер туралы заңның 30-бабы 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларының мақсатында "ВВВ-"-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтингі белгіленсін.";
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ екінші деңгейдегі банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 13-тармағының талабын орындау үшін:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - заңды тұлғалар үшін - осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар бас банкі не банк холдингі болады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Рейтингілік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін:
Standard & Poors;
Moody's Investors Service;
Fitch.";
1-қосымшаға сәйкес Рейтингілердің салыстырмалы кестесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2018 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына 1-қосымша |
Рейтингілердің салыстырмалы кестесі
№ | Standard & Poors | Moody's Investors Service | Fitch |
1. | ААА | Ааа | ААА |
2. | АА+ | Aa1 | АА+ |
3. | АА | Аа2 | АА |
4. | АА- | Аа3 | АА- |
5. | А+ | A1 | А+ |
6. | А | А2 | А |
7. | А- | A3 | А- |
8. | ВВВ+ | Baa1 | ВВВ+ |
9. | ВВВ | Ваа2 | ВВВ |
10. | ВВВ- | Ваа3 | ВВВ- |
11. | ВВ+ | Ba1 | ВВ+ |
12. | ВВ | Ва2 | BB |
13. | ВВ- | Ва3 | ВВ- |