"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 375-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарына сәйкестендіру құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша актінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 246 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан |
Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарына сәйкестендіру құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша акт
Біз, төменде қол қойғандар________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
20_____ ж. "__________"________________ осы______________________________________
_______________________________________________________________________________
сәйкестендіру құралдарын салуды/алуды жүргізгені туралы актіні жасадық.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ өтінішінің негізінде
энергиямен жабдықтау ұйымының атауы, күні және хаттың №
Мемлекеттік кірістер органының пломбаларын алып тастаудың себебі____________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Есепке алу объектісінің және өлшеу құралдарының атауы | Аспаптың типі мен дәлдік сыныбы | Пломбылау сәтіндегі аспаптың көрсеткіші | Мемлекеттік кірістер органдарының алынған пломбысының бедерлері | Пломбыны алу сәтіне аспаптың көрсеткіші | Мемлекеттік кірістер органдарының пломбы бедері | Мемлекеттік кірістер органдары пломбыларының саны (салынған / алынған) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жоғарыда көрсетілген есеп айырысу санауыштары
_______________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының атауы
Қызмет телефон _______________________________ телефон №:____________________
Мемлекеттік кірістер органының атауы, жедел кезекшінің телефоны
______________________________ _______________ ___________________
(Мемлекеттік кірістер органы (қолы, жеке Т.А.Ә.(болған жағдайда)
лауазымды тұлғасының лауазымы) нөмірлік мөр
_____________________________________ _______________ ____________________
(энергия объектісі өкілінің лауазымы) (қолы, жеке Т.А.Ә. (болған жағдайда)
нөмірлік мөр)
_____________________________________ __________________ __________________
(энергия объектісі өкілінің лауазымы) (қолы, жеке Т.А.Ә. (болған жағдайда)
нөмірлік мөр)
Ескерту:
Кедендік бақылауында, пломбыларды ашу және санауыштарды ашу мемлекеттік кірістер органының басшылығын хабардар ете отырып және мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының қатысуымен ғана жүргізілуі қажет.
________________ _________________________
(қолы) Т.А.Ә.(болған жағдайда)