"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 145-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасайтын жекелеген кедендік операциялардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындары, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайлары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 364 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік
кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс
жасайтын жекелеген кедендік операциялардың тізбесі
1. Кедендік рәсіммен орналастыру.
2. Кедендік қарап тексеру.
3. Кедендік жете тексеру.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 364 бұйрығына 2-қосымша |
Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындары, сондай-ақ
мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік
кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс
жасау жағдайлары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындары, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайлары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 145-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және жекелеген кедендік операцияларды жасау тәртібі мен орнын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайларын айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды
мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс
уақытынан тыс жасау тәртібі
2. Мемлекеттік кірістер органдары осы бұйрыққа 1-қосымшада көзделген жекелеген кедендік операцияларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығымен бекітілген Кедендік тазарту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде №16346 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.
3. Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасайтын жекелеген кедендік операциялардың тізбесінде анықталған жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау мақсатында мүдделі тұлға уәжді өтініші бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінеді.
4. Өтініш мынадай деректерді көрсете отырып еркін нысанда қызмет аймағында тауарлар орналасқан мемлекеттік кірістер органдарына беріледі:
1) тұлғаның атауы, салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;
2) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары);
3) жекелеген кедендік операцияларды жасау орны;
4) мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орындарда және (немесе) олардың жұмыс уақытында жасалуы мүмкін емес жекелеген кедендік операциялар бойынша негіз(-дер).
5. Мемлекеттік кірістер органы берілген өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында анықталған жағдайларда – оны алған сәттен бастап 5 (бес) сағаттан аспайтын мерзімде қарастырады.
6. Мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешімі туралы мүдделі тұлғаға өтініште көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарлайды.
3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды
мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс
уақытынан тыс жасау орындары
7. Жекелеген кедендік операцияларды жасау орындарына:
1) мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс уақытынан тыс:
кеден бекеттері;
көліктік-логистикалық орталықтар;
кедендік бақылаудың тұрақты аймақтары;
кедендік бақылаудың уақытша аймақтары;
еркін қоймалар;
арнайы экономикалық аймақтар;
кеден бекеттерінің бақылау-өткізу пункттері;
кеден қоймалары жатады;
2) мемлекеттік кірістер органдарының орналасқан орыннан тыс:
автомобиль шекара маңындағы өткізу пункттері,
теміржол шекара маңындағы өткізу пункттері;
теңіз шекара маңындағы өткізу пункттері;
өзен шекара маңындағы өткізу пункттері;
әуе шекара маңындағы өткізу пункттері жатады.
8. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында орналасқан өткізу пункттерінде көліктік-логистикалық орталықтар болған кезде, жүру жолында санкцияланбаған операцияларға және тауарлардың жеткізілмеуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін арналған тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік операциялар көліктік-логистикалық орталықтарда жасалады.
4-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының жекелеген кедендік операцияларды
мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс
уақытынан тыс жасау жағдайлары
9. Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс мынадай жағдайларда жасайды:
1) егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушы өндірудің тұрақты үздіксіз циклын немесе тауарлардың тиеп жөнелтуін жүзеге асырса;
2) тауарлардың бұзылуының, қоршаған ортаға, тірі жануарларға, өсімдіктерге және халыққа қауіпті залал келтірудің алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары шұғыл ден қоюды қажет ететін төтенше, дүлей, техногендік жағдай, авария, өзге де мүмкін катаклизмдер немесе ауа райында, электрді өшіру, жазатайым жағдайлары туындаған.