? БҰЙЫРАМЫН:
1. Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, рәсiмдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша тиісті мемлекеттік тізілімдеріне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ережелерді бекіту туралы және "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 7517 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 15 шілдеде жарияланған, № 7) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген, Өнертабысқа өтінімді жасау, рәсімдеу және қарау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өнертабыстар тізіліміне мәліметтер енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережелерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
1) өнертабыс авторларын және өнертабысқа патент сұратылып отырған тұлғаларды, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерін немесе орналасқан орнын көрсете отырып, осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысанда, үш данада қазақ немесе орыс тілінде өнертабысқа патент беру туралы өтінім (бұдан әрі – өтінім;
2) өнертабыстың толық ашылуымен тиісті білім саласындағы маманның сараптаманы жүзеге асыруы үшін жеткілікті сипаттамасы екі данада;
3) өнертабыс объектісін анықтайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыс формуласы. Өнертабыс формуласы анық, нақты болуы керек және екі данадағы сипаттамаға негізделуі тиіс;
4) егер өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса сызбалар мен өзге де материалдар екі данада;
5) реферат екі данада;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат.".
4-тармақтың 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10045 болып тіркелді) сәйкес мөлшерде (бұдан әрі – бағалар) өтінім беру төлемін растайтын құжат.
Ұлы отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, жалпы білім беру мектептерінің және колледждердің оқушылары, студенттер, жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлер төлемді растайтын құжаттан басқа мәртебесін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады. Бұл мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан аспайды;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтінім құжаттары қазақ, орыс немесе басқа да тілде тапсырылады. Егер өтінім құжаттары басқа тілде тапсырылса, өтінімге олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасы екі данада қоса беріледі. Басқа тілдегі құжаттарды қамтитын өтінім сараптама ұйымына түскеннен кейін аударма екі ай ішінде тапсырылады, ал тиісті төлемді жасаған кезде мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан аспайды.
Өзге құжаттар, егер олар басқа тілде ресімделген болса, олардың қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бір данада ұсынылады.";
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өнертабысқа патент беру туралы өтінімді қамтитын 71-коды бар бағанда "өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына" деген сөзден кейін патент сұратылып отырған өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі:
Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) және тегі атының алдында көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта мекенжайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Өнертабыстардың авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтінімнің екінші бетіндегі 72-кодтың астындағы бағанда келтіріледі.";
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әрбір баламаны сипаттау кезінде тікелей мәтінде ол ашылған ақпарат көзінің библиографиялық деректері, өтінім берілген өнертабыстың мәнді белгілеріне ұқсас келетін маңызды белгілеріне ұқсастарын бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілер, сондай-ақ өтінім берушіге қажетті техникалық нәтижені алуға кедергі келтіретін белгілі себептер келтіріледі;";
54-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Өтінім материалдарының факс немесе өзге байланыс арқылы жіберілген түпнұсқалары (электрондық өтінім беруді есептемегенде) олардың түскен күнінен бастап бір ай ішінде бұрын келген құжаттарды сәйкестендіруші ілеспе хатпен бірге ұсынылады. Осы талап орындалғанда материалдардың немесе өзге байланыс арқылы (электрондық өтінім беруді есептемегенде) келіп түскен күні олардың келіп түскен күніс аналады. Егер материалдардың түпнұсқалары көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түссе немесе факспен немесе өзге байланыс арқылы жіберілген түпнұсқалары (электрондық өтінім беруді есептемегенде) келіп түскен материалдар ұсынылған түпнұсқаға сәйкес келмесе, материалдардың түскен күні олардың түпнұсқалары келіп түскен күні болып саналады, ал факспен немесе өзге байланыс арқылы жіберілген (электрондық өтінім беруді есептемегенде) материалдардың мазмұны кейін назарға алынбайды. Факс немесе өзге байланыс арқылы жіберілген (электрондық өтінім беруді есептемегенде) өтінімге қатысты материалдар, түпнұсқасы келіп түскенге дейін түспеген болып саналады. Егер факспен немесе өзге байланыс арқылы жіберілген (электрондық өтінім беруді есептемегенде) өтінімнің қандай да бір материалдары немесе олардың бөлігі оқылмаса не алынбаса, тиісті материалдар түпнұсқалар келіп түскен күні түскен болып саналады.
Өтінім беруші оқылмайтын бөлігін алып тастағанда, материалдар факс немесе өзге байланыс арқылы келіп түскен күннен бастап саналады;";
Мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:
"65-1. Келіп түскен өтінім құжаттарын тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) сараптама ұйымына келіп түскен өтінім құжаттары олардың келіп түскен күні қойылып тіркеледі.
Өтінім берушіге өтінім құжаттарының келіп түскені туралы оған өтінімнің сараптама ұйымы қойған реквизиттері бар бір данасын жіберу арқылы хабарлама жіберіледі;
2) сараптама ұйымынан барлық хат-хабар бір мекенжайға ғана жіберіледі, бұл ретте: егер өтінімнің "хат алмасу үшін мекенжай" бағанында өтінім берушінің немесе өтінім берушілердің бірінің мекенжайынан өзге мекенжай көрсетілген болса, егер олар бірнешеу болса не өтінім беруші (өтінім берушілер) өкілінің мекенжайы көрсетілсе, хат хабар осы мекенжай бойынша өтінім берушіге немесе, егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - өтінімде бірінші болып көрсетілген өтінім берушіге, ал, егер өтінім берушілердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан, бірінші болып көрсетілген өтінім берушіге жіберіледі;
егер өтінімнің "хат алмасу үшін мекенжай" бағаны толтырылмаған болса, хат-хабар өтінім беруші мекенжайына жіберіледі, немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - бірінші өтінім берушінің атына немесе, егер өтінім берушілердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан бірінші өтінім берушіге жіберіледі;
3) егер өтінім құжаттары басқа тілде ұсынылған болса және олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармалары болмаса, өтінім берушіге өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде аударманы ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген аударманы ұсыну мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспайды. Өтінім берушіге, сондай-ақ аударма көрсетілген мерзімде ұсынылмаса өтінім берілмеген болып есептелетіні және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейтіні туралы хабарлама жіберіледі.
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінім берген үшін төлемді тексеру:
өнертабысқа патент беруге өтінімнің тіркелген құжаттарында өтінім беруге төлемді растайтын құжаттың болуы тексеріледі;
осындай құжат болмаған жағдайда және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат (Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, мүгедектер, жалпы білім беру мектеп және колледж оқушылары, жоғары оқу орны студенттері, жасы немесе еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлер) болмағанда, өтінім берушіге бір айлық мерзім ішінде жоқ құжаттың (құжаттардың) және/немесе белгіленген мөлшерге дейінгі төлемнің жүргізілгені туралы құжатты тапсыру туралы хабарлама жіберіледі, олар Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім құжаттарының келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін. Бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспайды.
Өтінім берушіге, сондай-ақ төлем туралы көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімде және белгіленген көлемде ұсынылмаса, өтінім берілмеген болып есептелетіні және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейтіні туралы хабарлама жіберіледі.";
72-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Өтінім берушіге егер өтінімде барлық қажетті құжаттар болса және оларға қойылған талаптар сақталса, өтінімнің берілген күні белгіленгеннен кейін формалдық сараптама кезеңінде өтінім келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде формалды сараптаманың оң нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.";
95-тармақтың 8 бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта өзгерту туралы өтінішхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді және Заңның 28-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімді сақтай отырып ұсынылады, сондай-ақ онымен бірге белгіленген мөлшердегі төлем туралы құжат ұсынылады. Өтінім берушіге қайта өзгерту күнінен бастап бір айлық мерзім ішінде өтінімнің қайта өзгертілгені, сондай-ақ өтінімді одан әрі қарау Заңның 23-бабына және Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7517 болып тіркелген) бекітілген қағидаларының ережелеріне сәйкес жүргізілетіндігі туралы хабарлама жіберіледі.";
105-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) халықаралық өтінім бір данада қағаз түрінде ұсынылады, ол тікелей көшірмелеуге жарайтын болуы керек немесе өтінімді Халықаралық бюроның e-PCT қызметі арқылы жіберу үшін электрондық нысанда ұсынылады;.
3) халықаралық өтінім арызы арнайы бланкте немесе компьютерлік басылым түрінде, сондай-ақ Халықаралық бюроның e-PCT қызметі арқылы электрондық нысанда ұсынылады.";
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Ұлттық фазаға аудару шарттары:
1) Қазақстан Республикасына нұсқауы бар халықаралық өтінім оның басымдық күнінен бастап отыз бір ай өткенге дейін ұлттық фазаға аударылады.
2) өтінім беруші сараптама жасау ұйымына өнертабысқа не пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтінімді қазақ тілінде немесе орыс тілінде не РСТ өтінімінің егер ол басқа тілде ұсынылса қазақ тіліне немесе орыс тіліне аудармасын, сондай-ақ тиісті төлем туралы құжатты ұсынады;
3) осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ұлттық фазаға кіру мерзімі өтінім берушінің қолдаухаты бойынша және РСТ Нұсқаулығының 49,6 қағидасы сақталған жағдайда, тиісті төлем жасағанда он екі ай ішінде қалпына келтіріледі;
4) Өтінім берушінің арнайы өтініші бойынша Шарттың 23 (2) және 40 (2)-баптарына сәйкес ұлттық фаза бұл мерзім өткенге дейін басталуы мүмкін;
5) келіп түскен материалдарда өтінім құжаттарының мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаған кезде, егер олар басқа тілде ұсынылса, өтінім беруші оны белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап ұлттық фазаға кіру үшін екі ай ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабарланады. Аударманы ұсыну мерзімі Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Аударма көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде өтінім ұлттық фазаға кірмеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады. Тіркелген материалдар қайтарылмайды, іс жүргізу қалпына келтірілмейді;
6) халықаралық өтінімді мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аудару мыналарды қамтуы тиіс:
өнертабыстың сипаттамалары, формуласы (егер Шарттың 19-бабына сәйкес өзгертілсе, өзгертілген формуланың ғана аудармасы және өзгерістер түсініктемесінің аудармасы) сызбаларға қатысты кез-келген мәтін және реферат;
7) егер халықаралық өтінімде Қазақстан Республикасы таңдалса халықаралық алдын ала сараптама жасау мақсатында: өнертабыстың сипаттамасы (халықаралық алдын ала сараптама жасаудың қорытындысына қоса берілген өзгертілген сипаттама), өнертабыстың формуласы (халықаралық алдын ала сараптама жасаудың қорытындысына қоса берілген өзгертілген формула), сызбаларға қатысты кез-келген мәтін (халықаралық алдын ала сараптама жасаудың қорытындысына қоса берілген өзгертілген мәтін) және реферат. Аталған түсіндірулердің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы ұсынылмаған кезде, сараптама жасау ұйымы оларды назарға алмауға құқылы.
8) егер өтінім беруші халықаралық өтінімді қарауды бастауды сұрайтын күні ДЗМҰ Халықаралық бюросы осы өтінімді жіберуді әлі жүзеге асырмаса, өтінім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардан басқа өзіне қатысты халықаралық беру күні белгіленген халықаралық өтінімнің қабылдаушы ведомство растаған көшірмесін ұсынуы тиіс. Егер өтінім беруші халықаралық өтінімнің қабылдаушы ведомство растаған көшірмесін ұсынбаса, оны қарау ДЗМҰ Халықаралық бюросы өсы өтінімді жібергеннен кейін басталады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген, пайдалы модельге өтінімді жасау, рәсімдеу және қарау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік пайдалы модельдердің тізіліміне мәліметтер енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережелерінде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10045 болып тіркелді) сәйкес мөлшерде (бұдан әрі – бағалар) өтінім беру төлемін растайтын құжат.
Белгіленгеннен төмен көлемде төлем жасалған кезде Ұлы отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, жалпы білім беру мектеп және колледж оқушылары, жоғары оқу орны студенттері, жасы немесе еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлер төлемді растайтын құжаттан басқа Сараптама ұйымының монопольды түрде көрсететін жұмыстары мен қызметтеріне бағаларға сәйкес оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжатты ұсынады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылады. сәйкес ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек; Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес осы мерзімді екі айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігі көзделген;";
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) патент беру туралы өтініш қамтылған бағанда "өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына" деген сөзден кейін 71-кодтың астында патент сұратылып отырған өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – АӘТ), оның үстіне тегі атының алдында көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес (құжаттық көшірмесі қоса беріледі) заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта мекен жайын қоса, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Пайдалы модельдер авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтініштің екінші бетіндегі 72-коды бар бағанның жанында келтіріледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттарына патент сұралатын шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар үшін елінің коды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі – ДЗМҰ) SТ.3 стандарты бойынша (егер ол белгіленсе) көрсетіледі.
Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы үшін келтіріледі;";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Хат хабарды өтінім беруші немесе оған уәкілетті оның өкілі әр өтінімге жеке жүргізеді.
Материалдар сараптама жасау ұйымына тікелей немесе пошта арқылы не электрондық беру арқылы ұсынылады. Өтінім берілгеннен кейін жіберілген материалдарда оның нөмірі және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болу керек. Егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, оның атынан берілетін материалдарға заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттары мен оған уәкілетті адам лауазымын көрсете отырып қолын қояды, қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
Материалдар факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы берілуі мүмкін. Материалдардың түпнұсқалары олардың факспен немесе факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы түскен күнінен бастап бір ай ішінде оларды бірегейлендіретін ілеспехат пен бірге табыс етіледі.
Бұл шарт сақталған жағдайда материалдардың факспен немесе немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы түскен күні материалдардың түскен күні болып саналады.
Егер материалдардың түпнұсқалары аталған мерзім өткеннен кейін түссе немесе факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы түскен материалдар ұсынылған түпнұсқалармен бірегей болмаса, материалдар түпнұсқалар табыс етілген күн түскен болып есептеледі, ал факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы түскен материалдардың мазмұны бұдан әрі назарға алынбайды.
Факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы жіберілген материалдар түпнұсқалар ұсынылғанға дейін түспеген болып есептеледі.
Егер факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы түскен материалдар немесе олардың бір бөлігі оқылмаса немесе алынбаса, тиісті материалдар түпнұсқалар түскен күні келіп түскен болып есептеледі. Оқылатын бөлігіндегі материалдар өтінім беруші оқылмайтын бөлігін алғаннан кейін факспен немесе өзге байланыс (өтінімді электрондық беруді есептемегенде) арқылы алынған күні келіп түскен болып есептеледі.
Өтінімнің нөмірі көрсетілмеген материалдар нөмірді жанамалап анықтау мүмкін болмаса қаралмай кері қайтарылады;
Өтінім бойынша өндіріс процесінде жіберілген материалдар Заңда белгіленген мерзімде ұсынылады.
Сараптама жасау ұйымында өндіріс мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлінде жүргізіледі. Өтінім беруші өзге тілде беретін материалдарға олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын қоса тапсырады. Аударма белгiленген мерзiмде табыс етiлгенге дейін өзге тілде берілген материалдар назарға алынбайды, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.
Сараптама жасау ұйымына оқылуы қиын, кемшіліктермен ресімделіп жіберілген материалдар қаралмайды. Мұндай материалдарды ұсынған адамға тиісті хабарлама жіберіледі.
Құпия белгісі бар материалдар арнайы байланысты пайдалана отырып жіберіледі.";
Мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толтырылсын:
"70-1. Келіп түскен өтінімдерді тіркеу мына тәртіппен жүргізіледі:
1) сараптама ұйымына келіп түскен өтінім құжаттары, егер онда өнертабысқа патент беру туралы өтініш болса, олардың келіп түскен күні қойылып тіркеледі.
Өтінім берушіге өтінім құжаттарының келіп түскені туралы оған өтінімнің сараптама ұйымы қойған реквизиттері (тіркеу нөмірі және келіп түскен күні) бар бір данасы немесе хабарлама жіберіледі;
2) сараптама ұйымынан барлық хат-хабар бір мекенжайға ғана жіберіледі, бұл ретте:
егер өтінімнің "хат алмасу үшін мекенжай" бағанында өтінім берушінің немесе өтінім берушілердің бірінің мекенжайынан өзге мекенжай көрсетілген болса, егер олар бірнешеу болса не өтінім беруші (өтінім берушілер) өкілінің мекенжайы көрсетілсе, хат хабар осы мекенжай бойынша өтінім берушіге немесе, егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - өтінімде бірінші болып көрсетілген өтінім берушіге, ал, егер өтінім берушілердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан, бірінші болып көрсетілген өтінім берушіге жіберіледі;
егер өтінімнің "хат алмасу үшін мекенжай" бағаны толтырылмаған болса, хат-хабар өтінім беруші мекенжайына жіберіледі, немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - бірінші өтінім берушінің атына немесе, егер өтінім берушілердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан бірінші өтінім берушіге жіберіледі;
3) егер өтінім құжаттары басқа тілде ұсынылған болса және олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармалары болмаса, өтінім берушіге өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде аударманы ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген аударманы ұсыну мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспайды. Өтінім берушіге, сондай-ақ аударма көрсетілген мерзімде ұсынылмаса өтінім берілмеген болып есептелетіні және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейтіні туралы хабарлама жіберіледі.";
91-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) халықаралық өтінім сараптама жасау ұйымына орыс немесе ағылшын тілінде беріледі;
халықаралық өтінім арызы арнайы бланкте немесе компьютерлік басылым түрінде, сондай-ақ Халықаралық бюроның e-PCT қызметі арқылы электрондық нысанда ұсынылады;
3) халықаралық өтінім бір данада қағаз түрінде ұсынылады, ол тікелей көшірмелеуге жарайтын болуы керек немесе өтінімді Халықаралық бюроның e-PCT қызметі арқылы жіберу үшін электрондық нысанда ұсынылады;";
91-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
100-тармақтың он бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Патент иеленушінің атауына және мекенжайына өзгерістер қорғау құжатының нөмірі, сондай-ақ тиісті өзгерістерді растайтын құжат ұсыныла отырып жазбаша өтінішхат бойынша жасалады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауар таңбаларына өтінімдерді ресімдеу, жасау және қарау ережелерінде:
4-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінім сараптама ұйымына екі данада беріледі.";
6-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"6.Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) мәлімделетін белгінің он бес репродукциясы. Мәлімделетін белгі 8х8 см форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері егер 20х20 см мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады. Көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда, бейнелер кішірейтілген түрде ұсынылуы керек.
Бейнелер анық, қарама-қарсы түсті, репродукциялау үшін жарамды болуы керек. Тіркеуге мәлімделетін белгінің бейнесі тауар таңбасын тіркеу сұратылған түсте немесе соған ұқсас түс үйлесімінде ұсынылады. Өтінімде түстер немесе түс үйлесімі көрсетілуі тиіс, түсті кескіндемелер қосымша беріледі, бірақ оны ұсыну мерзімі өтінім берген күннен бір айдан аспау керек.
Егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракурстардағы көлемді тауар таңбасының әртүрлі бейнелері ұсынылады.
Егер дыбыстық тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер музыкалық шығарманың бөлігі тіркеуге мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;
2) мәлімделетін белгінің сипаттауын қамтитын (егер өтінім беруші оның мағыналық маңызын түсіндіруді қажет деп санаған жағдайда) мәлімделетін белгінің сипаттамасы және оның құрамдас элементтерін, жалпы және/немесе оның элементтерінің мағыналық маңызын көрсету;
Сипаттама мәлімделетін белгінің мәнін, оның идентификациясын түсіндіру үшін қызмет етеді.
3) сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат. Төлем өтінім беру кезінде немесе өтінім келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде төленеді. Төлемақы туралы құжаттар белгіленген мерзімде немесе сараптама жасау ұйымы сұрау салғаннан кейін Заңда белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі;
4) егер ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім берілсе, Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес қауымдастық немесе бірлестікке қатысушылардың ұжымдық тауар таңбасын пайдалануы туралы келісім. Келісімде, ұжымдық тауар таңбасын тіркеудің мақсаты, ұжымдық тауар таңбасы тіркелетін тауарлардың (қызмет көрсетулердің) тізбесі мен бірыңғай сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны пайдалану шарттары мен оның пайдаланылуын бақылау тәртібі көрсетіле отырып, бірлестіктің атауы, тауар таңбасын пайдалану құқығы бар кәсіпорындардың орналасқан мекенжайы қамтылуы тиіс;
5) тауар таңбасын тіркеу бойынша іс уәкілетті органмен немесе сараптама жасау ұйымымен өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат бірге немесе іс жүргізу процесінде өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынылады;
6) конвенциялық басымдық сұратылса, бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі және оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы. Көшірмесі сараптама ұйымына конвенционды өтінімнің түскен күнінен бастап бір айдан кешікпей ұсынылады.
Конвенциялық немесе көрмелік басымдық белгілеу туралы өтініш тауар таңбасына өтінім берген кезде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде ұсынылады;
7) егер көрмелік басымдық сұратылса, көрменің халықаралық мәртебесін, оны өткізу уақыты мен орнын, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар көрмеге қою объектісін көрсете отырып, көрмелік басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын куәландырылған құжат қажет.
Құжатты көрменің ұйымдастыру комитеті немесе әкімшілігі өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ұсынады.
Құжат көрменің халықаралық дәрежесін растауы және оның өткізілетін уақыты мен орны туралы мәліметті, тауар таңбасы ретінде мәлімделген белгісі бар көрмеге қою объектісінің атауын қамтуы тиіс;
8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның, тудың және эмблемалардың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға рұқсат;
9) егер тауар таңбасы ретінде мерзімдік басылымның атауы тіркеуге берілсе, бұқаралық ақпарат құралды есепке қою куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін).";
Мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
Келіп түскен өтінім құжаттарын тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) сараптама ұйымына келіп түскен өтінім құжаттары, егер онда өнертабысқа патент беру туралы өтініш болса, олардың келіп түскен күні қойылып тіркеледі.
Өтінім берушіге өтінім құжаттарының келіп түскені туралы оған өтінімнің сараптама ұйымы қойған реквизиттері (тіркеу нөмірі және келіп түскен күні) бар бір данасы немесе хабарлама жіберіледі;
2) сараптама ұйымынан шығатын барлық хат-хабар "хат алмасу үшін мекенжай" бағанында көрсетілген мекенжайға жіберіледі;
3) егер өтінімнің "хат алмасу үшін мекенжай" бағаны толтырылмаған болса, хат-хабар "өтінім беруші мекенжайы" бағанында көрсетілген мекенжайға жіберіледі";
7-тармақтың 3 бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алдын ала сараптама жасаудың нәтижелері бойынша оның аяқталған күнінен бастап он күнішінде өтінім берушіге өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өтінімде осы Қағидаларда көзделген мәліметтер мен өтінімге қоса берілетін құжаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ сұрау салу жіберілген күннен бастап екі ай ішінде тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімге сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжат және іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат ұсынылмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз жүзінде және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы |
|
Өнертабысқа өтінімді жасау, |
|
тізіліміне мәліметтер енгізу, |
Келіп түскен күні |
(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға аудару күні |
(21) Тіркеу № |
(22) Берілу күні |
||||||||
? (86) алушы ведомство бекіткен, халықаралық өтінім нөмірі және халықаралық берілу күні |
|||||||||||
Өнертабысқа |
Қазақстан Республикасы |
||||||||||
Төмендегідей құжаттарды тапсырып, өтініш берушінің атына Қазақстан Республикасының патентін беруге өтінемін. |
Стандарт бойынша елдің коды |
||||||||||
ҰЗМИ-ға өтінім беру күніне ерте күн бойынша басымдық сұрау кезінде ғана толтырылады |
|||||||||||
(31) Бірінші өтінімнен ерте берілген өтінімнің № |
(32) Сұралатын басымдық күні |
(33) ST.3 бойынша беру елінің коды (конвенциялық басымдықты сұрағанда) |
|||||||||
(54) Өнертабыс атауы |
|||||||||||
(98) Хат алмасуға арналған мекенжайы (толық пошталық мекен-жайы және адресаттың аты-жөні) |
|||||||||||
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық атауы, тіркеу нөмірі) немесе өтініш берушінің өкілі (толық аты-жөні немесе атауы) |
|||||||||||
Қосымша құжаттар тізімі |
Парақтар саны 1 дана |
Даналар саны |
(ҰЗМИ мөртабанына арналған орын) |
||||||||
? өтінімге қосымша |
|||||||||||
? өнертабыс сипаттамасы үлгінің сипаттамасы |
|||||||||||
? өнертабыс формуласы |
|||||||||||
? сызбалар және басқа да материалдар_|_| басқа да материалдары |
|||||||||||
? реферат |
|||||||||||
? өтінім беру төлемін төлеу туралы құжат |
|||||||||||
? төлем мөлшерін азайтуға негіздемелердің растайтын құжат |
|||||||||||
? бірінші өтінімдер көшірмесі (конвенциялық басымдықтар сұралғанда) |
|||||||||||
? өтінімнің шетел тіліндегі құжаттары |
|||||||||||
? патент сенімді өкілі немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын, сенімхат |
|||||||||||
? басқа да құжат (атап кету) |
|||||||||||
Формуламен (рефератпен) бірге жариялауға ұсынылатын, сызба фигурасының № |
|||||||||||
(72) Автор (лар) (толық аты-жөні) |
Тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы, егер белгілі болса ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер бар болса) |
Өтініш берушінің (лердің) және/немесе автордың (лардың) қолы (дары) |
|||||||||
Мені (бізді) |
Қолы
Автор (лар) болып табылмайтын, өтініш берушінің (лердің) қолы (дары), (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшы қолы мөрмен расталады).
Егер басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылмаған болса, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелерде кездесетін, Заңмен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасы |
|
Пайдалы модельге өтінімді |
Келіп түскен күні |
(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға аудару күні |
(21) Тіркеу № |
(22) Берілу күні |
? (86) алушы ведомство бекіткен, халықаралық өтінім нөмірі және халықаралық берілу күні |
|||
Пайдалы модельге Қазақстан |
Қазақстан Республикасы Әділет |
||
Төмендегідей құжаттарды тапсырып, өтініш берушінің атына Қазақстан Республикасының патентін беруге өтінемін. |
Стандарт бойынша елдің коды |
||
ҰЗМИ-ға өтінім беру күніне ерте күн бойынша басымдық сұрау кезінде ғана толтырылады |
|||
(31) Бірінші өтінімнен ерте берілген өтінімнің № |
(32) Сұралатын басымдық күні |
(33) ST.3 бойынша беру елінің коды (конвенциялық басымдықты сұрағанда) |
|
(54) Пайдалы модель атауы |
|||
(98) Хат алмасуға арналған мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы және адресаттың аты-жөні) |
|||
(74) Патент сенімді өкілі (толық атауы, тіркеу нөмірі) немесе өтініш берушінің өкілі (толық аты-жөні немесе атауы) |
|||
Қосымша құжаттар тізімі |
1 д. беттер саны |
Даналар саны |
(ҰЗМИ мөртабанына арналған орын) |
? өтінімге қосымша |
|||
? пайдалы модель сипаттамасы үлгінің сипаттамасы |
|||
? пайдалы модель формуласы |
|||
? сызбалар және басқа да материалдар_|_| басқа да материалдары |
|||
? реферат |
|||
? өтінім беру төлемін төлеу туралы құжат |
|||
? төлем мөлшерін азайтуға негіздемелердің растайтын құжат |
|||
? бірінші өтінімдер көшірмесі (конвенциялық басымдықтар сұралғанда) |
|||
? өтінімнің шетел тіліндегі құжаттары |
|||
? патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын, сенімхат |
|||
? басқа да құжат |
|||
Формуламен (рефератпен) бірге жариялауға ұсынылатын, сызба фигурасының № |
|||
(72) Автор (лар) |
Тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы, егер белгілі болса ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер бар болса) |
Өтініш берушінің (шілердің) және/немесе автордың (лардың) қолы (дары) |
|
Мені (бізді) |
|||
Қолы |
Қазақстан Республикасы |
|
Тауарлық белгіге өтінімді |
Келіп түсу күні |
Берілу күні |
Өтінім № |
||||||
Тауар белгісін тіркеуге |
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің |
|||||||
Берілген өтінім арқылы ұсынылған белгілемені Қазақстан Республикасында тауарлық белгі (қызмет көрсету таңбасы) ретінде тіркеу сұралады |
||||||||
? Ұжымдық тауарлық белгі |
||||||||
Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы көрсетілген (немесе егер өтініш беруші жеке тұлға болса тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда,)* өтініш берушінің толық атауы |
Стандарт бойынша елдің коды |
|||||||
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер БСН немесе жеке кәсіпкер нөмірі, ЖСН нөмірі |
||||||||
Өтініш берушінің мекенжайы, телефон, ұялы телефон, телефакс, электронды почта мекенжайы |
||||||||
Хат алмасу мекенжайы (алушы көрсетілген толық почталық мекенжайы) телефон‚ ұялы телефон, телефакс, |
||||||||
? Бұрын берілген өтінім бойынша конвенциялық басымдық сұралады |
||||||||
Бірінші өтінім нөмірі |
Сұралатын басымдық күні |
ST.3 бойынша беру елінің коды |
||||||
? Көрмелік басымдық сұралады |
Ашық көрсетілімнің басталу күні |
|||||||
Мәлімденген белгілеме: |
||||||||
? Стандартты шрифтілік орындаудағы тауарлық белгі |
||||||||
*Қазақстан Республикасы өтініш берушілері үшін атауы қазақ және/немесе орыс тілдерінде толтырылады; |
||||||||
ХТҚЖ санаттары бойынша топталған, тауарлық белгісін қорғау сұралып жатқан тауарлар мен қызметтер: |
||||||||
Мәлімденген белгілеме Қазақстанда бұрын тіркелген. |
||||||||
Қоса берілетін құжаттар тізімі: |
||||||||
Берілген құжат арқылы мәлімденген белгілемені тіркеуге беруші басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын. |
||||||||
Қолы |
Егер басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылмаған болса, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелерде кездесетін, Заңмен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді пайдалануға келісемін.