"Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 7-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 16729 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өкілеттіктерін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық комиссияның міндеттері:

      1) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын айқындау;

      2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарға сертификаттау жүргізу;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың сертификаттаудан өту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу болып табылады.";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың жеке істерін қарау;";

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификат тапсыру;

      4) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу;

      5) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдармен әңгімелесу өткізу;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) болып табылады.

      Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.

      Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Есеп комитетінен бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) кіреді.

      Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.";

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлттық комиссия беретін мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатқа қол қояды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның Төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді, ол Есеп комитетінің интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.";

      қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 20 наурыз

  Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2018 жылғы 20 наурыздағы № 7-НҚ
нормативтік қаулысына
қосымша
  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия туралы ережеге
қосымша
нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшесінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы _______________________________________________________ (Ұлттық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Р/с

Кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Дауыс бердім:*

Дауыс
бермедім*

Сәйкес

Сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3














Барлығы:




      Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________

      (қолы)

      Күні: 20__жылғы ______________


      * тиісті сандар қойылатын "Барлығы" деген жолды қоспағанда, "Сәйкес" және "Сәйкес

      емес" деген бағандарда "+" немесе "-" деген белгілер қойылады.

      Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ "Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора"

Нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением Республиканского бюджета от 20 марта 2018 года № 7-НҚ. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2018 года № 16729

      В соответствии с пунктом 5 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О государственном аудите и финансовом контроле" Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее – Счетный комитет) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ "Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12680, опубликовано 8 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет"), следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Положении о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора, утвержденном указанным нормативным постановлением:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 3 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункте 4:

      в подпункт 1) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в подпункт 3) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) отзыв сертификата государственного аудитора по основаниям, предусмотренным пунктом 8 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О государственном аудите и финансовом контроле";";

      в подпункт 5) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Председателем Национальной комиссии является Председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета.

      Рабочим органом Национальной комиссии является Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее – Счетный комитет).

      Председатель Национальной комиссии утверждает персональный состав в количестве не менее четырнадцати человек на основании представленных предложений.

      В состав Национальной комиссии входят один представитель от Администрации Президента Республики Казахстан, один представитель от Правительства Республики Казахстан, пять представителей от Счетного комитета, пять представителей от уполномоченного органа по внутреннему государственному аудиту, депутаты Парламента Республики Казахстан (по согласованию).

      Представительство обеспечивается на уровне политических государственных служащих и/или административных государственных служащих корпуса "А".";

      в подпункт 7) пункта 7 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Решения Национальной комиссии оформляются протоколом, подписываемым Председателем, членами и секретарем Национальной комиссии, доводятся до сведения общественности через интернет-ресурс Счетного комитета.";

      в приложение вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Юридическому отделу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего нормативного постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Счетного комитета.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Счетного комитета (Абдирайымов Х.С.).

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Счетного комитета
по контролю за исполнением
республиканского бюджета
Н. Годунова

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр финансов
Республики Казахстан
________________Б. Султанов
20 марта 2018 года