Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау және олардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15810 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, олардың орынбасарларына қабылдау алдын ала жазылу арқылы, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазуды "egov.kz" порталынан түскен электронды арыздар, қағаз форматта берілген өтініштер және Бас прокуратураның Call-орталығына түскен өтінімдер бойынша қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкер күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізеді.
Call-орталығына түскен жеке қабылдауға жазылу туралы өтінімдер, егер олар үшінші адамдардың мүддесіне берілетін болса, өтінішхаттарды беру үшін өкілеттіктері туралы мәліметтер болған кезде қабылданады.
Мәселенің мән-жайы көрсетілмеген жеке қабылдау туралы өтініші оны берген адамға қараусыз қайтарылады.
Қажетті жағдайда қабылдауды ұйымдастыруды төмен тұрған прокуратура орагандарына тапсырылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бас Прокурордың, оның орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауды ұйымдастыруды өтініш беруші ұсынған құжаттары мен хат алмасу материалдарын зерделегеннен кейін Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығы (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелер қабылдауға жазу туралы өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде Орталыққа өтініш беруші мәселесінің мән-жайы бойынша анықтама береді.";
17-тармақтың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Осы Қағидалардың 17-тармағында және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларында көзделген жағдайларда, Орталықтың уәкілетті қызметкері өтініш берген адамдарға тиісті түсіндірме береді.";
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас Прокурорға қабылдауға жазылған адамдардың өтініштері бойынша анықтамаларды Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері қабылдау басталмас бұрын үш жұмыс күні ішінде Орталыққа жолдайды.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бас Прокурорға қабылдауды ұйымдастыру, баяндау, қабылдауды жүргізу тәжірибесін талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы Орталықтың уәкілетті қызметкерлерінің талаптары Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.
22. Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға алдын ала жазылу тікелей олардың құзыретіне жататын мәселелері, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Осы Қағидалардың 23-тармағында және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларында көзделген жағдайларда, Орталықтың уәкілетті қызметкері өтініш берген адамдарға тиісті түсіндірме береді.
25. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға жазылған адамдардың тізімін, сондай-ақ анықтамаларды, қабылдау басталғанға дейін бір күн бұрын тиісті құрылымдық бөлімшелер Бас Прокурордың орынбасарларының көмекшілеріне зерделеу және баяндау үшін жолдайды.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Облыс прокурорына және оған теңестірілген прокурорға, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшысына және олардың орынбасарларына қабылдау үшін алдын ала жазылу, олардың құзыретіне тікелей кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары өтініш бергендерді қабылдауды өздерінің орынбасарларына тапсыруы мүмкін.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, прокуратура ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысының және олардың орынбасарларының қабылдауына:
1) өтініш берушілерді қабылдауды жүзеге асыруды Бас прокуратура тапсырған жағдайларды қоспағанда, сол мәселе бойынша облыс прокурорымен, оған теңестірілген прокурормен, прокуратура ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысымен бұрын қабылданған тұлғалар;
2) соттың өндірісіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;
3) осы Қағидаларының 17-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жазу жүргізілмейді.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Аудан прокуратурасында және оған теңестірілген прокуратурада өтініш берушілерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"Тарау 4-1. Прокуратура органдарының құқық қорғау қызметтері орталықтарында (бұдан әрі - ҚҚҚО) қабылдау тәртібі.".
39-1. ҚҚҚО өтініш берген адамдарды қабылдауды ұйымдастыруды, олардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
39-2. ҚҚҚО прокурорлары қабылдауды жұмыс уақытында жүзеге асырады.
39-3.Қабылдау электрондық кезек тәртібімен ұйымдастырылады.
39-4. ҚҚҚО прокурорлары қабылдауды өтініш берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.
39-5. ҚҚҚО прокурорының қабылдау бойынша әрекеттері "Құқық қорғау қызметтері орталығы" Автоматтандырылған жұмыс орны" (бұдан әрі - ҚҚҚО АЖО) ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
39-6. Қабылдау барысында қабылданған жазбаша өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге және қарауға жатады.
Ауызша өтініштің мазмұны "ҚҚҚО" АЖО-ға енгізіледі.
Егер ауызша өтініште көрсетілген фактілер мен мән-жайлар қосымша тексерісті талап етпеген жағдайда, өтінішке жауап өтініш берушінің келісімі бойынша қабылдау барысында ауызша берілуі мүмкін, ол туралы "ҚҚҚО" АЖО-да тиісті жазба енгізіледі.
Қажет болған жағдайда өтініш берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ауызша түсіндірмелер беріледі.
39-7. Егер өтініште оны шешу үшін жеткілікті мәліметтер болмаған жағдайда не мәселенің мән-жайын түсіну мүмкін емес болған жағдайда, ҚҚҚО прокуроры қабылдау барысында арызданушыға өтінішке қойылатын талаптар туралы түсіндіреді және оған жетіспейтін деректермен толықтыруды ұсынады.
39-8. ҚҚҚО прокурорлары негіздер болған жағдайда, өтініш берген тұлғаларға прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін шақыртуы мүмкін немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орны туралы келіседі.";
42-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары арыз иелерін шақыра отырып, қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс арқылы қабылдаудан түскен өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту себептерін жеке түсіндіреді.".
2. Бұйрық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқық қорғау қызметтері орталығы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қ. Қожамжаров |