Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 № 87(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы "__"____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 129 бұйрығымен бекітілді |
Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 213-1-тармағына сәйкес әзірленген және конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акселерациялау – тәлімгерлік (менторлық), оқыту және сараптамалық қолдау арқылы қарқынды даму бағдарламасы;
2) бизнес-инкубатор – өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың қалыптасу кезеңінде қолдау үшін құрылған заңды тұлға;
3) бизнес-инкубатордың резиденті – бизнес-инкубатормен ынтымақтастық туралы келісім және (немесе) бизнес инкубациялау жөніндегі қызметті көрсету туралы шарт жасаған шағын кәсіпкерлік субъектісі;
4) бизнес-инкубациялау – бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың құрылуы мен табысты дамуы үшін жағымды жағдайларды жасауға бағытталған шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау құралы;
5) есепті кезең – Ұлттық институтпен бизнес-инкубатордың арасында шартты жасаған уақыттан бастап әрбір 12 ай сайын;
6) индустриалды-инновациялық жоба – белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын (оларды пайдалану жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклда жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені технология деп түсініледі, қандай да бір жаңа өнімді (тауарды немесе көрсетілетін қызметті) немесе процесті, маркетингтің жаңа тәсілін немесе іскерлік практикада жұмыс орындарын немесе сыртқы байланысты ұйымдастырудың жаңа ұйымдастырушылық тәсілін тұтынуға енгізу инновация болып табылады) жаңа өндiрiстерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құруға немесе жұмыс істеп тұрғанын жетілдіруге бағытталған iс-шаралар кешенi;
7) конкурстық іріктеу – Бағдарламаға қатыстыру үшін конкурстық негізде бизнес-инкубаторларды іріктеу;
8) өтінім беруші – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес өтінімді қарауға ұсынған және бизнес-инкубаторлардың конкурстық іріктеуіне қатысуға үміткер заңды тұлға;
9) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтінім;
10) процесті автоматтандыру – электрондық нысанда қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әкімшілік процестерді түрлендіру рәсімі;
11) сыртқы сарапшы – бизнес-инкубациялау экожүйесін дамыту саласындағы тартылған шетелдік сарапшылар;
12) Ұлттық институт – бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялы-инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар беру процестерін сүйемелдеу бойынша оператор функцияларын жүзеге асыратын технологиялық даму саласындағы Ұлттық институт;
13) шарт – Ұлттық институт пен бизнес-инкубатордың арасында жасалған бизнес-инкубаторлардың шығыстарын бірлесіп қаржыландыру және қаржылық емес көмек көрсету туралы шарт.
3. Бизнес инкубаторларды іріктеу және шығыстарды бірлесіп қаржыландыру Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.
4. Бизнес инкубаторлардың шығыстарын бірлесіп қаржыландыру жаңа немесе елеулі түрде жақсартылған өнімді (тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті) немесе бизнес процесті құру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің индустриалды-инновациялық жобаларын инкубациялау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Бірлесіп қаржыландыруды мемлекет осы Қағидаларға сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институт (бұдан әрі – Ұлттық институт) арқылы жүзеге асырады.
6. Ұлттық институттың көрсетілетін қызметтерін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) төлейді.
7. Бизнес-инкубаторлардың шығыстарын бірлесіп қаржыландыру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Ұлттық институтқа аударады.
2-тарау. Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау тәртібі
8. Бағдарламаны iске асыруға қатысуға үміткер бизнес-инкубаторлар Бағдарламаның 213 тармағымен белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етедi.
9. Бизнес-инкубаторлар Бағдарламаның 212 тармағымен белгіленген функцияларды орындайды.
10. Ұлттық институт:
1) конкурстық іріктеуді жүргізуге өтінімдерді қабылдауды;
2) конкурстық іріктеуден өткен бизнес-инкубаторлармен ынтымақтастық туралы шарттың талаптарын жасау, бұзу және мониторингілеуді;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда бизнес-инкубаторлардың шығыстарын бірлесіп қаржыландыруды;
4) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, бизнес-инкубаторлардың қызметіне ақпараттық-талдамалық және әдіснамалық қолдау көрсетуді;
5) оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды, бизнес-инкубаторлар және олардың резиденттері үшін сыртқы сарапшыларды тарта отырып бизнес-құзыреттерін дамыту бойынша тағылымдама өткізуді;
6) сыртқы сарапшылардың қызметін төлеуді жүзеге асырады.
11. Ұлттық институт өтінімдерді қабылдау күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мекенжайы мен өтінімдерді қабылдау кезеңін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Ұлттық институттың ресми интернет ресурсында конкурстық іріктеудің басталуы туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау кезеңін Ұлттық институт айқындайды және ол күнтізбелік отыз күннен аспайды.
12. Ұлттық институттың өтінімді қарауы құжатты қабылдаған күннен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады, оның ішінен;
1) екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына тексерілу жүргізіледі;
2) сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Қағида талаптарының сәйкестігіне тексерілу жүргізіледі.
Бұл ретте, өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін өтінімдер тіркеуге және қарауға жатпайды.
13. Өтінім беруші өтінімдерді парақтарының санын көрсете отырып, қол қойылған және нөмірленген түрде, қағаз жеткізгіште қолма қол және (немесе) бірыңғай файлда сканерленген электрондық нысанда Ұлттық институтқа ұсынады.
Процесті автоматтандырған жағдайда өтінімдерді қабылдау электрондық нысанда жүзеге асырылады
14. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, негіздемелердің толықтығын, анықтығын қамтамасыз етеді.
Өтінім беруші конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) ауданы кемінде 250 шаршы метр болатын, бизнес-инкубатор резиденттерін орналастыруға сәйкес келетін (меншігінде, жалға алынған, сенімгерлік басқаруда және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де негізде) әкімшілік үй-жайдың болуын растайтын құжаттар (құқық беретін құжаттың (-тардың) көшірмесі (-лері);
3) Өтінім берушімен еңбек қатынасында тұратын жоғары білімі бар кемінде бес адам болатын білікті кадрлардың болуын растайтын құжаттар (жұмыскерлердің түйіндемелерінің көшірмелері, дипломдарының көшірмелері, еңбек шарттарының көшірмелері және (немесе) жұмысқа қабылдау туралы өтінім берушінің бұйрығы);
4) өтінім берушіге мемлекеттің қолдауынсыз кемінде алты ай толық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, қаржылық ауқаттылығын растайтын құжаттар:
кредиттік бюро берген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы туралы кредиттік есепті, өтінім берген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей алу;
өтінім берушінің қолы қойылып, мемлекеттік қолдаусыз кемінде алты ай жұмыс істеуі үшін талап етілетін шығындарды есептеу. Өтінім беруші шығындарының есебін дербес жүзеге асырады;
екінші деңгейдегі банк шотында өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаражаттың болуы туралы үзінді көшірме. Өтінім берушінің банктік шотындағы ақша сомасы мемлекеттік қолдаусыз кемінде алты айдың жұмыс істеуін есептеу үшін оның шығындарын жабуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өтінім берушінің банктік шоттағы ең төменгі сомасы өтінім берген кезде кемінде 3 000 000 (үш миллион) теңге болу керек.
5) стартаптарды қолдау мен дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдермен расталған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынастың болуын растайтын құжаттар (жоғары оқу орынымен (-дарымен) келісімдер);
6) өкілге берілетін сенімхат (өтінім берушінің (сенім білдірілген тұлғаның) өкілінің өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды берген, сонымен қатар өтінімге қол қойған кезінде);
7) тізбе және бизнес-инкубатордың түлектері (бар болса) және бизнес-инкубациялауға дайын жобалар және/немесе бизнес-инкубатордың резиденттері (бар болса) туралы түлектер мен әлеуетті резиденттерден растайтын хаттар бар қысқаша ақпарат;
8) бизнес-инкубаторды дамыту жоспары туралы эссе.
15. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Өтінім берушіде мынадай қарыздар болмауы тиіс:
1) салықтық берешек, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек, әлеуметтік аударымдар бойынша берешек.
Салықтық берешектің, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, проценттер, міндетті зейнетақы жарналары бойынша, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және (немесе) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар бойынша берешектердің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді Ұлттық институт салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет ресурсынан тексереді;
2) өтінімді берген күнге дейін он бес жұмыс күнінен ерте емес, кредиттік бюро берген ақпаратпен расталатын ағымдағы мерзімі өткен қарыз.
Ағымдағы мерзімі өткен қарыздың жоқтығы туралы кредиттік есепті Өтінім беруші дербес ұсынады.
16. Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру барысында, Ұлттық институт он жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттар бойынша сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтінім берушіге анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібереді.
17. Өтінім беруші Ұлттық институттың хабарламасына сәйкес хабарламаны алған уақыттан бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, оның ішінде болмауы осы Қағидаларда талап етілген берешектерді өтейді.
18. Ұлттық институт құжаттар келіп түскен уақыттан бастап бес жұмыс күнінің ішінде анықталған сәйкессіздіктерді ескере отырып, Өтінім беруші ұсынған құжаттарды қайтадан қарайды. Сәйкессіздіктер қайтадан анықталған жағдайда, Ұлттық институт осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес шешім қабылдайды.
19. Конкурстық іріктеуді құрамына тәуелсіз сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдері кіретін Бизнес-инкубаторларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
20. Комиссияның Өтінім берушінің өтінішін қарастыруына мынадай жағдайларда жол берілмейді:
1) өтінім берушінің осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкессіздігі;
2) өтінім берушінің осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген, оған жіберілген хабарламаға сәйкес сәйкессіздіктерді жоймауы;
3) өтінімдегі деректердің (мәліметтердің) нақты емес екендігінің анықталуы.
Осы тармақта көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда Ұлттық институт өтінімді қараудан бас тарту және оны қараусыз қалдыру туралы өтінім берушіні бес жұмыс күн ішінде жазбаша хабардар етеді.
21. Ұлттық институт кемінде бес жұмыс күні бұрын, Комиссия отырысының өткізілетін күні, орны және уақыты туралы Комиссия мүшелерін және өтінім берушіні хабардар етеді.
Комиссия отырысының өткізілетін күнін Ұлттық институт Комиссия отырысын өткізгенге дейін он жұмыс күнінен бұрын емес айқындайды. Өтінім Комиссия отырысын өткізген күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне беріледі.
22. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
23. Комиссияның құрамына кандидаттарды тәуелсіз сарапшылар қатарынан уәкілетті органға Ұлттық институт ұсынады. Бұл ретте кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес болады:
1) бизнес инкубаторда (акселераторда, технопаркте) стартаптар үшін ментор (тәлімгер) немесе бизнес-инкубаторда (акселераторда, технопаркте) бағдарлама басшысы ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар не жұмыс істейтін бизнесі бар кәсіпкер-бизнес инкубатор (акселератордың) түлегі;
2) жоғары білім.
24. Комиссия мүшесі оған Ұлттық институт берген құжаттардың сақталуын және Комиссия мүшесінің міндеттерін орындаумен байланысты оған белгілі болған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
25. Ұлттық институтқа Комиссия отырысын өткізудің күні, орны мен уақыты туралы Комиссия мүшелерін хабардар ету және өтінімнің материалдарын жіберу бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін Комиссия мүшелері туралы барлық қажетті деректерді қоса бере отырып, уәкілетті орган Комиссияның құрамын айқындау және оның құрамына түзетулер енгізу туралы Ұлттық институтты хабардар етеді.
Тәуелсіз сарапшыларды тартуға жұмсалған шығыстарды өтеу Ұлттық институт пен тәуелсіз сарапшы (-лар) арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарттың (-тардың) негізінде Ұлттық институттың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
26. Комиссияның отырысы оның мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысса, олардың ішінде кем дегенде үштен бірі тәуелсіз сарапшы болса, қалыптасты деп саналады.
Келіп түскен өтінімдерді қарау кезінде Комиссияның отырысына қатысатын Комиссия мүшелерінде мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, олар Комиссияның тиісті шешімдерін шығару арқылы Комиссияның тиісті отырысына қатысудан шеттетіледі. Комиссия отырысының жұмысына қатысуға мүмкіндік болмаған жағдайда Комиссия мүшелері кезекті отырысты өткізу туралы хабарламаны алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде Комиссияның хатшысын жазбаша хабардар етеді.
Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссияның отырысын өткізген кезде отырыстың аудио (бейне) жазбасы жүзеге асырылады.
Комиссия отырысының аудио (бейне) жазбалары, Комиссия отырысы хаттамаларының түпнұсқалары, өтінім берушілердің Комиссия мүшелерін бағалау парақтарының түпнұсқалары Ұлттық институтта сақталады, ал көрсетілген материалдардың көшірмелері уәкілетті органға жіберіледі.
Комиссия қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Ұлттық институт қамтамасыз етеді.
27. Комиссия отырысында өтінім беруші өзінің эссесімен таныстырады және Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
Эссені бағалау кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:
1) бизнес-инкубатордың нақты пайымын, миссиясын және мақсаттарын сипаттау;
2) бизнес-инкубатордың аралық және түпкілікті өлшемді мақсаттары;
3) белгілі бір мерзімдерде мақсаттарға қол жеткізудің әдістері;
4) команданың жұмысы;
5) бизнес-инкубаторлардың нарығымен, жоо-мен, бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен, инвесторлармен, институттармен және басқаларымен ынтымақтастық жөніндегі жоспарлар;
6) күтілетін нәтиже, оның ішінде инкубациялауға жобалардың саны бойынша өлшемшарттар.
28. Комиссия республикалық бюджетте көзделген қаражаттың сомасы туралы уәкілетті орган ақпаратының негізінде конкурстық іріктеу үшін бизнес-инкубаторлардың шекті санын белгілейді.
29. Комиссия балдық жүйенің негізінде өтінім берушілермен жүргізілген сұхбаттасудың (сұхбат алудың) нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Комиссияның отырысында қатысатын комиссияның әрбір мүшесі бизнес-инкубаторды ұпайлардың жиынтығы бойынша осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген Өтінім берушінің бағалау парағына сәйкес бағалайды.
Өтінім берушінің бағалау парағына телекоммуникация арқылы отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерін қоспағанда Комиссияның отырысында Комиссияның мүшелері қол қояды.
30. Ұпайы ең көп бизнес-инкубаторлар конкурстық іріктеудің жеңімпаздары болып саналады.
Бұл ретте, жеңімпаздардың ұпай саны тең болған жағдайда, республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шеңберінде конкурстық іріктеу үшін бизнес-инкубаторлардың шекті санын белгілеуді ескере отырып, басымдылық конкурстық іріктеуге қатысуға Өтінімді берген күні мен уақыты ерте өтінім берушіге беріледі.
31. Комиссия отырысын өткізудің нәтижелері бойынша және өтінім берушінің бағалау парақтарының негізінде, Комиссия отырысын өткізген уақыттан бастап, үш жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысының хаттамасы құрылады және оған қол қойылады, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды, онда Комиссияның шешімі көрінеді.
32. Уәкілетті органның жазбаша ұсынылған ақпараты бойынша бизнес-инкубаторларды қолдауға қосымша қаражатты құру кезінде Ұлттық институт олармен Шарт жасау үшін жеңімпаздардан кейін ең жоғары ұпайға ие болған өтінім берушілердің қатарынан бизнес-инкубаторлардың қосымша санын іріктеп алады. Бизнес-инкубаторларды таңдауды Комиссияның хаттамасында көрсетілген ақпараттың негізінде Комиссияның отырысын жүргізусіз Ұлттық институт жүзеге асырады.
33. Конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша шешімді қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні мерзімінде Ұлттық институт қабылданған шешім туралы өтінім берушіге хабарлама жібереді.
Конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылған өтінім беруші Комиссияның оң шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарт жасалады. Шарт үш жыл мерзіміне жасалады.
Уәкілетті органның ақпараты бойынша бизнес-инкубаторларды қолдауға қосымша қаражаттарды қалыптастыру кезінде Комиссияның хаттамасында көрсетілген ақпараттардың негізінде комиссия отырысын өткізусіз таңдауды Ұлттық институт жүзеге асырған бизнес-инкубаторлармен Шарт осы өтінім берушіге қабылданған шешім туралы хабарламаны жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасауға жатады.
3-тарау. Бизнес-инкубаторларды бірлесіп қаржыландыру
34. Бизнес-инкубатордың қызметін бірлесіп қаржыландыру осы Қағидаларға сәйкес шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу айына бір реттен жиі емес бизнес-инкубатормен жасалған шығыстардың фактісі бойынша жүзеге асырылады.
35. Бизнес-инкубаторлардың қызметін қаржыландыру бизнес-инкубаторлардың өздерінің операциялық қызметінің есебінен не бизнес-инкубаторлардың құрылтайшылары/меншік иелері есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, бизнес-инкубаторлар Шарт жасалған уақыттан бастап он екі ай ішінде 50% дейінгі мөлшерде, бірақ 35 000 000 (отыз бес миллион) теңгеден артық емес шығыстардың бірлесіп қаржыландыру алады.
Бірлесіп қаржыландыру мөлшері осы Қағидаларда айқындалған шығындардың әрбір бабы бойынша 50% аспауы тиіс:
1) еңбекке ақы төлеу қоры;
2) әкімшілік үй-жайларды жалға алу;
3) коммуналдық қызметтер, оның ішінде байланыс (интернет, телефония, пошта) қызметтері;
4) индустриалды-инновациялық жобаларды іріктеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, изнес-құзіретті және олардан туындайтын шығыстарды (көлік және іс-сапар шығыстарын қосқанда) дамыту бойынша бизнес-инкубаторлар мен олардың резиденттері үшін тағылымдамадан өткізу үшін тартылған үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтері.
Бұл ретте, шығыстарды өтеу айына 5 000 000 (бес миллион) теңгеден артық емес мөлшерде жүзеге асырылады.
Егер өтеудің шығындары 5 000 000 (бес миллион) теңгеден асса, өтелмеген қалдықтың сомасын бизнес-инкубатор өтеудің мынадай өтінішінде көрсетеді.
36. Бизнес-инкубатор осы Қағидалардың талаптарына сәйкес парақтап бизнес-инкубатордың басшысы куәландырған растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-инкубатор шығындарын өтеуге өтінім береді. Шығындарды өтеу үшін мынадай растайтын құжаттар қажет (көшірмелер):
1) еңбекақы төлеу қорының шығыстарын растау үшін (жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары, еңбек ақы, жеке табыс салығы және зейнетақы аударымдарын төлеу бойынша төлем тапсырмалары);
2) әкімшілік үй-жайларды жалға алудың шығыстарын растау үшін (меншікті үй-жайы болған кезде) (жалға алу шарты, орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі және үй-жайдың меншік иесінің мекенжайына қаражаттарды нақты аударғанын растайтын құжаттар);
3) коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды растау үшін (коммуналдық ұйымдармен шарттар, шот-фактуралар және қаражаттың нақты аударылғанын растайтын құжаттар);
4) үшінші тұлғалар қызметтерінің шығыстарын растау үшін (үшінші тұлғалардың шот-фактуралары (болған кезде), орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі, оларды сатып алудың қажеттілігін қысқаша негіздеумен қызметтерді көрсетуге арналған шарттар, сондай-ақ қаражаттың нақты аударылғаны растайтын құжаттар).
37. Ұлттық институт шығындардың бір бөлігін өтейді не бизнес-инкубатор шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінішті және құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бизнес-инкубатор шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінішке сәйкессіздікті (-терді) көрсете отырып, хабарлама жібереді. Шығындардың бір бөлігін өтеуді жүзеге асыру үшін бизнес-инкубатор қағаз жеткізгіште әрбір параққа бизнес-инкубатор басшысының қолы және мөрі қойылған куәландырылған құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Ұлттық институтта бизнес-инкубатор шығындарының бір бөлігін өтеу үшін қажетті ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, өтеу уәкілетті органнан қаражат түскенге дейін тоқтатыла тұрады.
Шығындарды өтеу шеңберінде бизнес-инкубатор шетелдік валютадағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайларда, шығындарды өтеу сомасы тиісті көрсетілген қызметтер актілеріне қол қою күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі валютасының бағамына сүйене отырып есептеледі.
38. Бизнес-инкубатор Ұлттық институттан бизнес-инкубатор шығындарының бір бөлігін өтеуге ұсынылған өтініш бойынша және құжаттарға сәйкессіздік(тер) көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін, оларды бес жұмыс күні ішінде жояды және толық емес және/немесе түзетілген құжаттарды Ұлттық институтқа қайта енгізеді.
4-тарау. Сыртқы сарапшыларды тартумен бизнес-инкубаторларды әдіснамалық сүйемелдеу
39. Ұлттық институт тиісті қаржы жылына ақшалай қаражат болған жағдайда, бизнес-инкубаторлардың қызметін әдіснамалық сүйемелдеу үшін сыртқы сарапшыларды тарта алады.
Сыртқы сарапшыларды тарту Ұлттық институттың ішкі актілеріне сәйкес бизнес-инкубациялаудың экожүйесін дамыту саласындағы шетелдік сарапшылардың қатарынан жүзеге асырылады.
Сыртқы сарапшылардың қызметтеріне төлемді Ұлттық институт және уәкілетті орган арасында жасалған бизнес-инкубаторлардың қызметін қолдау бойынша қызметтерді ақылы көрсету туралы жасалған шарт негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Ұлттық институт жүзеге асырады.
Әдіснамалық сүйемелдеу:
1) практикаларды қолдану бойынша консультациялық көмек;
2) бизнес-инкубатордың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубатордың проблемалық аймақтарын және өсу нүктелерін диагностикалау;
4) бизнес-инкубатор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру көмегімен проблемаларды шешу;
5) стартап жобаларды іріктеуде және инкубпциялауда жәрдемдесу болып табылады.
Әдіснамалық сүйемелдеу қызметтерін көрсету шеңберінде сыртқы сарапшы әрбір бизнес-инкубатор үшін жұмыстың тиімді форматын таңдап алады.
5-тарау. Шарттың мониторингі
40. Бизнес-инкубатор жұмысының тиімділігін айқындау мақсатында Ұлттық институт бизнес-инкубатормен жасалған шарттардың мониторингін жүргізеді.
41. Мониторингтің негізгі қағидаттары бизнес-инкубатордың осы Қағидаларға сәйкес критерийлерді және Шарт талаптарын орындау болып табылады.
42. Бизнес-инкубаторлар қызметінің қорытындылары бойынша есепті кезеңде мынадай критерийлермен бағалау жүзеге асырылады:
1) кемінде 100 бизнес жобаны іздеу және қарау;
2) оқыту курстарынан өткен кемінде 50 кәсіпкер;
3) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялы-инновациялық жобалардың мемлекеттік грантын алу үшін құжаттар тапсырған және Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттарды ұсыну қағидаларына сәйкес келетін бизнес-инкубатордың кемінде 8 табысты резиденті;
4) мемлекеттік грантты алған не кемінде 7 000 000 (жеті миллион) теңге сомасына инвесторлар қаражатын тартқан 3 жоба.
43. Есепті кезең ішінде алты айдың қорытындысы бойынша бизнес-инкубаторлар қызметіне аралық бағалау жүргізіледі.
Бұл жағдайда бизнес-инкубаторды бағалау осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес бизнес-инкубатордың белгіленген критерийлердің 50%-на қол жеткізуі тұрғысына жүргізілетін болады.
44. Есепті кезеңдегі аралық бағалау және қызметті бағалау бизнес-инкубатор ұсынған атқарылған жұмыс туралы есеп пен растайтын құжаттардың, оның ішінде:
1) резиденттер мен бизнес-инкубатордың арасында жасалған шарттар;
2) өткізілген тренингтер (консультациялар, оқу интенсивтерінің) саны бойынша шарттар (келісімдер, ниет хаттарының) көшірмелері негізінде жүргізіледі.
Есепті кезең ішінде Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грантты ұсынуға конкурстық іріктеу жарияланбаған жағдайда, бизнес-инкубатордың қызметін бағалау кезінде осы Қағидалардың 42-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көзделген критерийлер ескерілмейді.
45. Бизнес-инкубатор осы Қағидалардың 42 және 43-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық институт бизнес-инкубатор белгіленген критерийлерге қол жеткізгенге дейін бірлесіп қаржыландыруды тоқтата тұрады. Критерийлерге қол жеткізу мерзімі он екі айды құрайды. Көрсетілген мерзім үшін Ұлттық институт бизнес-инкубатордың шығыстарын бірлесіп қаржыландыруы жүзеге асырмайды. Бірлескен қаржыландыруды тоқтата тұру туралы Ұлттық институт бизнес-инкубаторды хабардар етеді, ол бес жұмыс күні ішінде Ұлттық институтқа:
1) бірлескен қаржыландыруды тоқтата тұруға өзінің келісімі және белгіленген мерзімде критерийлерге қол жеткізуге дайындығы туралы;
2) не тиiстi негiздемелерді ұсынумен бірлескен қаржыландыруды тоқтата тұруымен өзінің келiспейтіні туралы жазбаша жауап береді.
Ұлттық институт бизнес-инкубатор ұсынған негіздемелерді он жұмыс күні ішінде қарап, оның нәтижелері бойынша бизнес-инкубаторға өзінің шешімін жібереді.
46. Бизнес-инкубатор осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген мерзімдерде критерийлерге қол жеткізбеген жағдайда, Ұлттық институт Шартты бір жақты тәртіпте бұзады.
Бизнес-инкубатор Ұлттық институттан шартты бұзу және алынған қаражатты қайтару туралы хабарламаны алған уақыттан бастап он жұмыс күні ішінде орындалмаған немесе ішінара орындалған критерийлердің санына қарай Ұлттық институтқа қаражатты қайтарады.
Толық қол жеткізілмеген әрбір критерий үшін қаражатты қайтару сомасы есепті кезеңдегі бизнес-инкубатордың шығыстарын бірлесіп қаржыландырудың алынған сомаларынан 25%-ын құрайды.
47. Бизнес-инкубатор Шарт талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда, Шарт бұзуға жатады және бизнес-инкубатор осы қағидалардың 46-тармағында көзделген талаптармен Ұлттық институтқа қаражатты қайтарады.
48. Ұлттық институт шарт талаптарының бұзылуын анықтаған кезде, бұл бұл туралы бизнес-инкубаторға жиырма жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды. Ұлттық институттан хабарлама алған кезде, бизнес-инкубатор Шарт талаптарын бұзушылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдауға міндетті.
49. Шеңберінде осы Қағидалар қабылданған Бағдарлама қолданысының тоқтатылуы себепті Шарт бұзылған жағдайда, бизнес-инкубатор Бағдарламаның қолданылу кезеңі ішінде пайдаланылған қаражатты қайтармайды.
Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Бизнес-инкубаторларды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім (өтінім беруші толтырады)
1. Өтінім берушінің толық атауы
2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала (аудан), елдімекен, көше, телефон, е-mail)
3. Басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), электрондық мекенжайы, ұялы (жұмыс телефоны)
4. Өтінім берушіні мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні
5. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)
6. Құрылтайшылар туралы ақпарат (егер өтініш берушінің құрылтайшылары жек тұлғалар болып табылса Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда) не заңды тұлғалар болып табылатын өтінім беруші құрылтайшылардың атауы, БСН)
Өтінімге мынадай құжаттардың тізбесін қоса беремін
1) ауданы кемінде 250 шаршы метр болатын, бизнес-инкубатор резиденттерін орналастыруға сәйкес келетін әкімшілік үй-жайдың болуын растайтын құжаттар:
________________________________________________________________
құқық белгілейтін құжаттың (-тардың) көшірмесі (-лері);
2) Өтінім берушімен еңбек қатынасында тұратын жоғары білімі бар кемінде 5 адам болатын білікті кадрлардың болуын растайтын құжаттар;
__________________________________________________________
жұмыскерлер түйіндемелерінің көшірмелері, дипломдарының көшірмелері, еңбек шарттарының көшірмелері және (немесе) өтініш берушінің жұмысқа қабылдау туралы
бұйрығы;
3) мемлекеттің қолдауынсыз кемінде алты ай толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қаржылық ауқаттылықты растайтын құжаттары:
_______________________________________________________________
өтінімді берген күнге дейін он бес жұмыс күнінен ерте емес, кредиттік бюро берген мерзімі өткен ағымдағы қарыздың жоқтығы туралы кредиттік есеп;
__________________________________________________________________________
өтінімді берген күнге дейін үш жұмыс күнінен ерте емес, ақшалай қаражаттың болуы туралы екінші деңгейлі банктегі шоттан үзінді;
__________________________________________________________________________
Өтінім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген, мемлекеттің қолдауынсыз кемінде алты ай жұмыс істеуі үшін талап етілетін Өтінім берушінің шығындарының есебі;
____________________________________________________________________
4) жоғары оқу орындарымен стартаптарды қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдермен расталған әріптестік қатынастардың болуын растайтын құжаттар:
____________________________________________________________________
жоғары оқу орнымен (-дарымен) келісім (-дер);
____________________________________________________________________
5) өкілге берілетін сенімхат (өтінім берушінің (сенім білдірілген тұлғаның) өкілінің өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды берген, сонымен қатар өтінімге қол қойған кезінде);
____________________________________________________________________
6) тізбе және бизнес-инкубатордың түлектері (бар болса) және бизнес-инкубациялауға дайын жобалар және (немесе) бизнес-инкубатордың резиденттері (бар болса) туралы түлектер мен әлеуетті резиденттерден растайтын хаттар бар қысқаша ақпарат;
____________________________________________________________________
7) осы Өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-инкубаторды дамыту жоспары туралы эссе
____________________________________________________________________
Осымен Ұлттық институт, оның ішінде бөгде адамдарды тартумен сараптамалық бағалауды жүргізген кезде осы өтінім бойынша, оның ішінде құпия мәліметтер бар құжаттарды, материалдарды және ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің бар (жоқ) екені туралы деректерді жинауға өз келісімімді беремін.
Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің анық екенін растаймын және күмәнді деректердің ұсынылу фактілері анықталған жағдайда, өтінім коммисияның қарауына жіберілмейтіндігі туралы маған ескертілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20 ___ жылғы "__" _________
№ _______________ бұйрығымен бекітілген Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларымен таныстым.
Осымен бизнес-инкубаторлардың конкурстық іріктеуін өткізу талаптарымен өзімнің келісімімді растаймын.
Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларының талаптарына сәйкес талап етілетін құжаттар _____ парақта қоса берілді.
Осы өтінім мәселелері бойынша хабарландыруларды алу үшін электрондық пошта мекенжайы: __________________.
Ескертпе: Өтінішке басшы немесе өзге де уәкілетті адам қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері (пошталық мекенжай, электрондық мекенжай және телефон) өзгерген жағдайда, Ұлттық институтты хабардар ету қажет.
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_______________________________________________________________________
Өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қоюға өкілеттігі бар адамның лауазымы
_______________________________________________________________________
(қолы) Құжаттарды алғаны туралы белгі (Ұлттық институт толтырады)
Алған күні:
20 __ жылғы "_____" ________________
Өтінімнің тіркеу нөмірі
№_____
Тіркеуші _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болғанда) _____________________
Бизнес-инкубаторларды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымша |
|
Эссе форматы: | |
Көлемі MSWord 10 бетіне дейін, | |
қарпі: Times New Roman, | |
көлемі 12, бір жарым аралық жол |
Эссе бөлімдері:
1) бизнес-инкубатордың нақты пайымын, миссиясын және мақсаттарын сипаттау
_____________________________________________________________
2) бизнес-инкубатордың аралық және түпкілікті өлшемді мақсаттары
_____________________________________________________________
3) белгілі бір мерзімдерде мақсаттарға қол жеткізудің әдістері
_____________________________________________________________
4) команданың жұмысы
____________________________________________________________
5) бизнес-инкубаторлардың нарығымен, жоо-мен, бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен, инвесторлармен және басқаларымен ынтымақтастық жөніндегі жоспарлар
_____________________________________________________________
6) күтілетін нәтиже
_____________________________________________________________
Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Өтінім берушіні бағалау парағы
|
Бағалау параметрлері
Критерийлер | Көрсеткіш | Балл | Көрсеткіш | Балл | Көрсеткіш | Балл | Көрсеткіш | Балл | Көрсеткіш | Балл | Ең коп балл | |
1 | Бизнес-инкубатордың түлектерінің саны * | 1-2 жоба | 1 | 3-4 жоба | 2 | 5 және одан астам жоба | 3 | 3 | ||||
2 | Инкубациялауға дайын жобалардың саны ** | 1-2 жоба | 1 | 3-4 жоба | 2 | 5 және одан астам жоба | 3 | 3 | ||||
3 | Материалдық-техникалық жабдықтау: | |||||||||||
әкімшілік үй-жайлардың болуы (жеке меншікте, жалға алынған) | 250-ден 400 шаршы метрге дейін | 1 | 400-ден 550 шаршы метрге дейін | 2 | 550-ден 700 шаршы метрге дейін | 3 | 700-ден 850 шаршы метрге дейін | 4 | 850 шаршы метрге және одан астам | 5 | ||
ағымдағы банктік шотында қаражаттың болуы туралы ақпарат | 3-тен 5 млн. теңгеге дейін | 1 | 5-тен 7 млн. теңгеге дейін | 2 | 7-ден 10 млн. теңгеге дейін | 3 | 10-нан 15 млн. теңгеге дейін | 4 | 15 млн. және одан астам | 5 | ||
4 | Эссе және сұхбат қорытындысы *** | 1-ден 10 балға дейін |
* Түлектердің хаттарымен расталады
** Бизнес-инкубатордың әлеуетті резиденттерінің хаттарымен дәлелденеді
Бизнес-инкубатор шығындарының бір бөлігін өтеуге өтініш
"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы және
______________ арасындағы № ___________ шартқа сәйкес _____ жылғы ___
(________) айындағы нақты шығындардың бір бөлігін шартта көрсетілген банктік
деректемелерге өтеуді сұраймын.
р/с № | Шығындардың түрі | Сомасы | Растайтын құжат | |
Жиыны: |
Растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілді:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Бизнес-инкубатор басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________
__________________ Қолы
__________________ Күні