Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16954 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 11 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 306 бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу (бұдан әрі – тізілім) тәртібін айқындайды.

2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу тәртібі

      2. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кодекстің негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган тізілімді жүргізуді жүзеге асырады.

      3. Тізілімге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру күні, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу күнінің мәліметтері енгізіледі.

      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату немесе жарамсыздығы туралы мәліметтер Кодекстің 33 және 34-баптарында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия тоқтатылған немесе жарамсыз деп танылған күніне енгізіледі.

      5. Лицензияларды беру немесе оны қайта ресімдеу кезінде жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателерді, қателесіп жазуларды немесе басқа да осыған ұқсас қателерді түзету туралы мәліметтер қателерді түзеткен күні енгізіледі.

      6. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі;

      2) операциялардың кіші түрі (жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша);

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның нөмірі мен күні;

      4) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мерзімі;

      5) жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары;

      6) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру негізі;

      7) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік органның атауы;

      8) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілген тұлға туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, азаматтығы;

      заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      9) жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелері болып табылатын тұлғалар үлестерінің мөлшері туралы мәліметтер;

      10) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаушы, ұйымдар және тұлғалар туралы мәліметтер:

      өздеріне (өзіне) тиесілі бақылау тәсілі мен нысаны;

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы;

      заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жер;

      11) жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты тіркелген ауыртпалық туралы;

      12) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер (енгізілген өзгерістердің негізі мен сипаттамасы, өзгерістер енгізілген күні);

      13) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларға енгізілген түзетулер туралы мәліметтер (түзетулер сипаттамасы);

      14) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтау немесе жарамсыздығы туралы мәліметтер.

      7. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды берген мемлекеттік орган өз интернет-ресурсында тізілімді орналастыруды және тиісті мәліметтер өзгертілген күні интернет-ресурста орналастырылған тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.

  Жер қойнауын пайдалануға
берілген лицензиялардың тізілімін
жүргізу қағидаларына қосымша
нысан

Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімі


р/с

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі

Операциялардың кіші түрі (жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша)

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның нөмірі мен күні

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мерзімі

Жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру негізі

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік органның атауы

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілген тұлға туралы мәліметтер

Жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелері болып табылатын тұлғалар үлестерінің мөлшері туралы мәліметтер

Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаушы, ұйымдар және тұлғалар туралы мәліметтер

Жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты тіркелген ауыртпалық туралы

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер (енгізілген өзгерістердің негізі мен сипаттамасы, өзгерістер енгізілген күні)

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларға енгізілген түзетулер туралы мәліметтер (түзетулер сипаттамасы)

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтау немесе жарамсыздығы туралы мәліметтер

8

9

10

11

12

13

14

15










Об утверждении Правил ведения реестра выданных лицензий на недропользование

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 3 мая 2018 года № 306. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2018 года № 16954.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 29 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения реестра выданных лицензий на недропользование.
      2. Департаменту недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан после его официального опубликования;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 29 июня 2018 года.
      Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
________________________ Д. Абаев
11 мая 2018 года

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 3 мая 2018 года № 306

Правила ведения реестра выданных лицензий на недропользование

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения реестра выданных лицензий на недропользование (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 29 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок ведения реестра выданных лицензий на недропользование (далее – реестр).

Глава 2. Порядок ведения реестра выданных лицензий на недропользование

      2. Ведение реестра осуществляет государственный орган, выдавший лицензию на недропользование на основании Кодекса по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.
      3. В реестр вносятся сведения в день выдачи лицензии на недропользование, а также в день переоформления лицензии на недропользование.
      4. Сведения о прекращении действия или недействительности лицензии на недропользование вносятся в день признания выданной лицензии на недропользование прекращенной или недействительной по основаниям, предусмотренным статьями 33 и 34 Кодекса.
      5. Сведения об исправлении грамматических или арифметических ошибок, опечаток либо иных подобных ошибок, допущенных при выдаче или переоформлении лицензии, вносятся в день исправления ошибок.
      6. Реестр содержит следующие сведения:
      1) вид лицензии на недропользование;
      2) подвид операций (по лицензиям на использование пространства недр);
      3) номер и дата лицензии на недропользование;
      4) срок лицензии на недропользование;
      5) границы территории участка недр;
      6) основание выдачи лицензии на недропользование;
      7) наименование государственного органа, выдавшего лицензию на недропользование;
      8) сведения о лице, которому выдана лицензия на недропользование:
      для физических лиц – фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность), индивидуальный идентификационный номер, место жительства, гражданство;
      для юридических лиц – наименование, место нахождение, бизнес-идентификационный номер;
      9) сведения о размере долей лиц, являющихся общими владельцами права недропользования;
      10) сведения о лицах и организациях, контролирующих недропользователя, включающие:
      форму и способ принадлежащего им (ему) контроля;
      для физических лиц – фамилию, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность), гражданство;
      для юридических лиц – наименование и место нахождения;
      11) о зарегистрированных обременениях в отношении права недропользования;
      12) сведения о внесенных изменениях в лицензию на недропользование (дата внесения изменения, основания и описание внесенных изменений);
      13) сведения о внесенных исправлениях в лицензию на недропользование (характер исправления);
      14) сведения о прекращении действия или недействительности лицензии на недропользование.
      7. Государственный орган, выдавший лицензию на недропользование, осуществляет размещение реестра на своем интернет-ресурсе и обновление реестра, размещенного на интернет-ресурсе, в день изменения соответствующих сведений.

  Приложение
к Правилам ведения реестра
выданных лицензий
на недропользование
форма

Реестр выданных лицензий на недропользование

№ п/п

Вид лицензии на недропользование

Подвид операций (по лицензиям на использование пространства недр)

Номер и дата лицензии на недропользование

Срок лицензии на недропользование

Границы территории участка недр

Основание выдачи лицензии на недропользование

1

2

3

4

5

6

7

 
 
 
 
 
 
 

      продолжение таблицы

Наименование государственного органа, выдавшего лицензию на недропользование

Сведения о лице, которому выдана лицензия на недропользование

Сведения о размере долей лиц, являющихся общими владельцами права недропользования

Сведения о лицах и организациях, контролирующих недропользователя

О зарегистрированных обременениях в отношении права недропользования

Сведения о внесенных изменениях в лицензию на недропользование (дата внесения изменения, основания и описание внесенных изменений)

Сведения о внесенных исправлениях в лицензию на недропользование (характер исправления)

Сведения о прекращении действия или недействительности лицензии на недропользование

8

9

10

11

12

13

14

15