РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына және 177-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.10.2024 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________Ө. Шөкеев
2018 жылғы 31 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және дамуминистрі
________________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
________________Е. Біртанов
2018 жылғы 29 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген |
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 1-тармағына және 177-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауы учаскелерін консервациялау және көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою, сондай-ақ технологиялық объектілерді консервациялау және жою тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.10.2024 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдалану салдарын жою – өндірістік объектілерді және жер учаскелерін халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін іс-шаралар кешені;
2) жер қойнауын пайдалану учаскесін консервациялау – болашақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастаған кезде жер қойнауы учаскесін пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру, сондай-ақ қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін азайту және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында технологиялық кешендер (блоктар) мен жер қойнауын пайдалану объекті бірліктерін (түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары, резервуарлар, құбырлар, ыдыстар, сепараторлар және тағы басқалар) қоса алғанда, уран өндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауы учаскесінде операцияларды уақытша тоқтату кезіндегі, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау бойынша іс-шаралар кешені.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жер қойнауы учаскелерін консервациялау және көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою тәртібі
3. Кодекстің 127-бабы 2-тармағына сәйкес көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау (бұдан әрі – консервациялау):
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағы 2) тармақшасымен көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) Кодексте көзделген жағдайларда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатыла тұрған кезде жүргізіледі.
4. Кодекстің 126 - бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою (бұдан әрі – жою):
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде);
3) Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің барлығы қайтарылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 16.02.2024 № 66 (28.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Кодекстің 177-бабы 2-тармағына сәйкес уранды өндіру кезінде жою:
1) Кодекстің 164-бабы 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде) жүргізіледі.
6. Жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) консервациялау және (немесе) жою басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға консервациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстардың себебін, бастау мен аяқтаудың болжамды мерзімдерін көрсете отырып, жоспарланып отырған консервациялау және (немесе) жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
7. Жоспарланып отырған консервациялау және (немесе) жою туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:
1) консервациялаудың және (немесе) жоюдың қажеттілігі туралы негіздеме;
2) көмірсутектердің немесе уранның қалған өндірілмеген қорлары, сондай-ақ өндіріс қалдықтары (соның ішінде пайдалы, зиянды және улы заттары бар қалдықтар) туралы мәліметтер;
3) бекітілген және Кодексте және басқа заңдарда көзделген сараптамалардан өткен жер қойнауы учаскелерін консервациялау және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы.
Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көмірсутектері немесе уран қорының нақты жай-күйі, жер қойнауы учаскесінің жай-күйі, жер бөлігімен шектелген жер беті туралы ақпарат толық көлемде көрсетіледі.
8. Жер қойнауын пайдаланушы консервациялау және (немесе) жою аяқталған соң, он бес күнтізбелік күн ішінде құзыретті органды ондай жұмыстар аяқталғаны туралы хабардар етеді.
9. Жер қойнауын пайдаланушы жою аяқталғаннан кейін, оны басқа шаруашылық мақсатта қолдану үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органын отыз күнтізбелік күн ішінде жою жұмыстары аяқталғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
10. Консервациялау және (немесе) жою жөніндегі аяқталған жұмысты қабылдауды құзыретті органмен құрылатын, келесі өкілдерден тұратын комиссия жүзеге асырады:
- жер қойнауын пайдаланушы;
- құзыретті органның өкілі;
- қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;
- жеке меншiктегі немесе ұзақ мерзiмдi пайдаланудағы жер учаскесiн жойған жағдайда – жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өкілі.
11. Комиссия құрамын осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген хабарламаны алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде әр жеке жағдай бойынша құзыретті орган бекітеді.
12. Комиссия жер қойнауы учаскесін қарап-тексерген соң және жер қойнауы учаскелерін консервациялау жобасында көзделген жұмыстарды орындаудың толықтығы мен сапасын бағалағаннан кейін консервациялау бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдау (қабылдаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскелерін консервациялау актісі (бұдан әрі – консервациялау актісі) түрінде ресімделеді және қарап-тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері оған қол қояды.
13. Комиссия жер қойнауы учаскесін қарап-тексерген соң және жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында көзделген жұмыстарды орындаудың толықтығы мен сапасын бағалағаннан кейін жою бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдау (қабылдаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісі (бұдан әрі – жою актісі) түрінде ресімделеді және қарап-тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері оған қол қояды.
14. Консервациялау (жою) актісіне мыналар қоса беріледі:
1) технологиялық объектілерді қоса алғанда, консервацияланған (жойылған) өндірістік объектілерді және жер қойнауы учаскелерін орналастыру жоспарлары;
2) жер қойнауы учаскелерін консервациялау (жер қойнауын пайдалану салдарын жою) жобасында көзделген іс жүзінде орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі;
3) консервациялауға (жоюға) іс жүзінде жұмсалған шығындар туралы анықтама.
15. Оң шешімі бар консервациялау (жою) актісіне қол қойған сәттен бастап Комиссия өз қызметін тоқтатады.
16. Қол қойылған консервациялау (жою) актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттаманы жер қойнауын пайдаланушылар толтырады және консервациялау (жою) актісін біткен сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға сақтау үшін ұсынады.
17. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер консервацияланған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстары аяқталған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізеді.
18. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау бойынша және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленеді.
3-тарау. Технологиялық объектілерді консервациялау және жою тәртібі
19. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген консервациялау және жою жоспарына сәйкес жою немесе консервациялау жүргізілетін ұңғымалардың жеке санаттарын қоспағанда, пайдаланылатын технологиялық объектілер жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жобасына сәйкес консервацияланады және (немесе) жойылады.
20. Жеке санаттағы ұңғымаларға қабаттық флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 % және одан жоғары пайызда болатын, қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын 1,5 аномальдық коэффицентімен және одан жоғары, бес мың метрден астам тереңдіктегі құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға жатпайтын, көмiрсутектердi барлау мен өндiру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымалары жатады.
21. Кодекстің 128-бабының 1-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта, құрылысжайларды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге құқылы.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі ішінде техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша жоюға жататын және кен орындарын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
22. Технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою туралы шешім жер қойнауын пайдаланушының бұйрығымен қабылданады.
23. Қабаттық флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 % және одан жоғары пайызда болатын, қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары, бес мың метрден астам тереңдіктегі құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды қоспағанда, консервацияланған және (немесе) жойылған технологиялық объектілерді немесе түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларды қабылдау туралы актісіне құрамына техникалық басшы және жер қойнауын пайдаланушының жауапты жұмысшылары, сондай-ақ жұмысты орындаушының (мердігер, бар болған жағдайда) өкілдері қосылған жер қойнауын пайдаланушының бұйрығымен құрылған комиссия мүшелерімен қол қойылады.
24. Консервацияланған және (немесе) жойылған қабаттық флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 % және одан жоғары пайызда болатын, қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары, бес мың метрден астам тереңдіктегі құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарындағы түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларды қабылдау туралы актісіне құрамына техникалық басшы және жер қойнауын пайдаланушының жауапты жұмысшылары, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ жұмысты орындаушының (мердігер, бар болған жағдайда) өкілдері қосылған жер қойнауын пайдаланушының бұйрығымен құрылған комиссия мүшелерімен қол қойылады.
Консервацияланған және (немесе) жойылған түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларды теңізде және (немесе) ішкі су айдындарында қабылдаған жағдайда комиссия құрамына сонымен бірге су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органының өкілі қосылады.
25. Консервацияланған технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы актісі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
26. Жойылған технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы актісі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
27. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын жою және (немесе) консервациялау бойынша барлық материалдар (актілер, бұйрықтар, хаттамалар және басқа материалдар) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операция аяқталғанға дейін ұңғыма ісінде сақталады және жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі материалдармен бірге жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі.
28. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар осы Қағидалардың 8-қосымшасымен қойылады.
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына , 1-қосымша |
|
Нысан |
Жер қойнауы учаскесін консервациялау АКТІСІ
Орны №_____ 20___жылғы "___" _________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша
оператор, сенімгерлік басқарушы) аты, жер қойнауы учаскесі (немесе
оның бөлігі) және объект атаулары, келісімшарт нөмірі)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(Жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасының атауы және оны бекіту күні)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді
талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жер қойнауы учаскесінің немесе оның бөлігінің, объектінің географиялық
координаттары)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(консервациялау жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)
20____ жылғы "___" ______ №_________________ бұйрығымен тағайындалған
____________________________________________________________________
(комиссияны құрған органның атауы)

(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған лауазымы)

құрамындағы комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы
және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының, Көмірсутектерді
барлау және өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау
және жою қағидаларының, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін консервациялау
жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауы учаскесін (немесе оның бөлігін)
консервациялау мақсатындағы жүргізілген жұмыстардың толықтығы мен сапасын
сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарап, жер қойнауы
учаскесін консервациялау жұмыстары жүзеге асырылған жер қойнауын учаскесін
(немесе оның бөлігін) қарап тексерді.
Комиссияның шешімі:________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін
графикалық материалдар, құжаттар, анықтамалар, хаттамалар қоса беріледі.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
Мөр орны
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жер қойнауын пайдалану салдарын жою АКТІСІ
Орны №_____ 20___жылғы "___" _________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша
оператор, сенімгерлік басқарушы) аты, жер қойнауы учаскесі (немесе оның бөлігі)
және объект атаулары, келісімшарт нөмірі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасының атауы және оны бекіту күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген
игеруді талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауы учаскесінің немесе оның бөлігінің, объектінің
географиялық координаттары)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жою жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)
20____ жылғы "___" ______ №_________________ бұйрығымен тағайындалған
____________________________________________________________________
(комиссияны құрған органның атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
құрамындағы комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы
және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының, Көмірсутектерді
барлау және өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау
және жою қағидаларының, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану салдарын жою
жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою
мақсатындағы жүргізілген жұмыстардың толықтығы мен сапасын
сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарап жер,
қойнауын пайдалану салдарын жою жұмыстары жүзеге асырылған жер қойнауын
учаскесін (немесе оның бөлігін) қарап тексерді.
Комиссияның шешімі:________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін
графикалық материалдар, құжаттар, анықтамалар, хаттамалар қоса беріледі.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
Мөр орны
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Консервацияланған жер қойнауы учаскелерінің тізбесі
р/с | Консервация ланған жер қойнауын пайдалану учаскесінің атауы, оның аумақтық орналасуы, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) | Индексі | Консервация ланған күні, жою актісінің күні |
Жер қойнауын консерва | Консервациялау жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы | Консервациялау жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы | Жер қойнауы учаскесін бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстар аяқталған жер қойнауы учаскелерінің тізбесі
р/с |
Жер қойнауы учаскесінің атауы, оның аумақтық орналасуы, жер қойнауын пайдаланушы | Индексі |
Жою | Жоюдың негізгі себептері | Жер қойнауы салдарын жою жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы | Жою жөнін дегі матери алдар сақтала тын өндіріс тік объекті нің атауы | Жер қойнауы учаскесін бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 5-қосымша |
Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау бойынша және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар
1. Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялауды және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды (бұдан әрі – консервациялау және (немесе) жою) жүзеге асыру кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) консервациялау немесе жою жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
2) консервацияланған жер қойнауы учаскелерінің немесе консервацияланған технологиялық объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;
4) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
5) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіру кезіндегі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.
2. Консервациялау және (немесе) жою жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасына және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына (бұдан әрі –консервациялау немесе жою жобасы) сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір нақты жағдайда консервациялау (және) немесе жою мерзімдері консервациялау немесе жою жобасында белгіленеді.
3. Консервациялау және (немесе) жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 16.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
Консервациялау және (немесе) жою жобасы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өндірістік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Егер консервациялау немесе жою жобасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін салу көзделген жағдайда, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптауға жатады.
Жер қойнауы учаскесін консервациялау және (немесе) теңізде және (немесе) ішкі су айдындарында жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілген жағдайда консервациялау немесе жою жобасы осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген келісулерден және (немесе) сараптамалардан басқа, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 16.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Жою және (немесе) консервациялау жобасы мыналардан тұрады:
1) дайындау және тікелей жою немесе консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетілетін түсіндірме жазба;
2) осы жер қойнауын пайдалану учаскесінің іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық, маркшейдерлік және графикалық құжаттама;
3) көмірсутектер немесе уран кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және деңгей – жиегі жоспарларының көшірмелері;
4) жер қойнауын пайдалану учаскелерін, сондай-ақ технологиялық объекттерді қоса алғанда, басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемалары;
5) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау шаралары;
6) жер асты суларының ластануын болдырмау бойынша шаралар;
7) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары;
8) жоюдың және (немесе) консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау;
9) консервациялау кезеңінде консервацияланған жер қойнауын пайдалану учаскесін санкцияланбаған пайдалануды және оған қол жеткізуді болдырмау бойынша шаралар;
10) өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім болған жағдайда, оларды жою немесе консервациялау басталғанға дейін өндірістік объектілерді сақтап қалуды қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды өткізу бойынша шара қабылдау;
11) жоюды жүргізу барысындағы бұзылған жерді қайта өндеу бойынша шаралар;
12) консервациялаудағы объектіде шаруашылық қызметке жол бермеу бойынша шаралар.
6. Консервациялауда тұрған технологиялық объектілерді қоса алғанда, өндірістік объектілер қоршалады және қоршауға жер қойнауын пайдаланушы және консервацияланатын объектінің аты, объектіні консервациялаудың басталған және аяқталған күні көрсетілген тақтайша орнатылады.
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Консервацияланған технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы АКТІСІ
Орны №_____ 20___жылғы "___" _________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісім шарты
бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) және кен орыны (құрылым),
технологиялық объектінің атаулары, ұңғыма және келісімшарт нөмірі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(консервациялау жобасының (консервациялау жоспарының) атауы және оны
бекіту күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген
игеруді талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауы учаскесінің және технологиялық объектінің (ұңғыманың)
географиялық координаттары, технологиялық объектінің (ұңғыманың)
нысанасы, консервациялау күні, ұңғыманың жобалық және нақты тереңдігі*,
перфорация аралықтары*, цементті көпірлер аралықтары*)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(консервациялау жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)
20____ жылғы "___" ______ №_________________ бұйрығымен тағайындалған
____________________________________________________________________
(комиссияны құрған жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану
келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) атауы)

(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып
отырған лауазымы)

________________________________________________________ құрамындағы
комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы заңнамасының, Көмірсутектерді барлау мен өндіру және
уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларының,
сондай-ақ консервациялау жобасының (консервациялау жоспары)
талаптарына сәйкес технологиялық объектіні (ұңғыманы) консервациялау
мақсатында жүргізілген жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын
барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарап консервацияланған
технологиялық объектіні (ұңғыманы) қарап тексерді.
* ұңғыманы консервациялау кезінде
Комиссияның шешімі: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін
графикалық материалдар, құжаттар, анықтамалар, қарап-тексеру, сығымдау
және сынау актілері (хаттамалары), консервациялау жобасы (консервациялау
жоспары) қоса беріледі.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
Мөр орны
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Жойылған технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы АКТІСІ
Орны №_____ 20___жылғы "___" _________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша
оператор, сенімгерлік басқарушы) және кен орыны (құрылым), технологиялық
объектінің атаулары, ұңғыма және келісімшарт нөмірі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жою жобасының (жою жоспарының) атауы және оны бекіту күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(базалық жобалау құжатының, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген
игеруді талдаудың немесе жобалық құжаттың атауы және оны бекіту күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер қойнауы учаскесінің және технологиялық объектінің (ұңғыманың)
географиялық координаттары, технологиялық объектінің (ұңғыманың)
нысанасы, жою немесе жою күні, ұңғыманың жобалық және нақты тереңдігі*,
перфорация аралықтары*, цементті көпірлер аралықтары*)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жою жұмыстарын жасаған мердігердің атауы (болған жағдайда),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі және берілген күні)
20____ жылғы "___" ______ №_________________ бұйрығымен тағайындалған
____________________________________________________________________
(комиссияны құрған жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану
келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып
отырған лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________ құрамындағы
комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы заңнамасының, Көмірсутектерді барлау мен өндіру және
уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларының,
сондай-ақ жою жобасының (жою жоспары) талаптарына сәйкес технологиялық
объектіні (ұңғыманы) жою мақсатында жүргізілген жұмыстардың толықтығы
мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды
қарап жойылған технологиялық объектіні (ұңғыманы) қарап тексерді.
* ұңғыманы консервациялау кезінде
Комиссияның шешімі: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін
графикалық материалдар, құжаттар, анықтамалар, қарап-тексеру, сығымдау
және сынау актілері (хаттамалары), жою жобасы (жою жоспары) қоса беріледі.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
Мөр орны
Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына 8-қосымша |
Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар
1-тарау. Қабаттық флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 % және одан жоғары пайызда болатын, аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын, бес мың метрден астам тереңдіктегі құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды қоспағанда, түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын жою және консервациялау жоспары
1. Қабаттық флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 % және одан жоғары пайызда болатын, аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын, бес мың метрден астам тереңдіктегі құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды қоспайтын, көмiрсутектердi барлау мен өндiру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын жою және консервациялау әр ұңғымаға жасалған және жер қойнауын пайдаланушымен (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператормен, сенімгерлік басқарушымен) бекітілген консервациялау және жою жоспары негізінде орындалады.
2. Консервациялау және жою жоспары ұйымның атауын, келісімшарт нөмірін, кен орыны мен базалық жобалық құжаттың атын, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді талдауын немесе жобалық құжатын, ұңғыманың нөмірі мен географиялық координатасын, ұңғыманың жобалық және нақты тереңдігін, ұңғыманы бұрғылап бастаған және аяқтаған күнін, ұңғыманың нақты конструкциясын, перфорациялау аралықтарын, мұнай-газ сулы қабатының аралықтарын, жоспарланған іс-шаралары және жұмыстарды жүргізу мерзімін, жұмыстарды жүргізу себептерінің қысқаша негіздемесін қамтиды.
3. Консервациялау және жою жоспары табан суының және газ бүркембесінен газдың тесіп шығуын алдын алуды, басқарылмайтын газ, су және мұнай көріністерін және ашық бұрқақтарды болдырмауды, шегендеу бағандары деформацияларының алдын алу, қабаттық аралық өтуін және бағандар аралық пайда болуын болдырмауды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
4. Консервациялау және жою жоспары цементтеу есептемелерін, тығындау материалдарына қойылатын талаптарды, бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптарды, ұңғымадағы ерітіндінің көлемдері және тығыздығы туралы деректерді қамтиды.
2-тарау. Қабаттық флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 % және одан жоғары пайызда болатын, аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын, бес мың метрден астам тереңдіктегі құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарындағы түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын қоса алғанда, технологиялық объектілерді консервациялау және жою жобасы
5. Қабаттық флюидінде 3,5 % және одан жоғары күкіртті сутегі бар, аномалдық коэффициенті 1,5 және одан жоғары аномальдық жоғары қабаттық қысымы бар, құрлықта тереңдігі бес мың метрден асатын түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымалары (бұдан әрі – күрделі ұңғымалар), сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымалар осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып консервациялау және жою жобалары негізінде консервацияланады және (немесе) жойылады.
6. Технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 16.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
Технологиялық объектілерді консервациялау және жою жоспары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу салаларындағы заңнамаға сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Егер консервациялау немесе жою жобасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін салу көзделген жағдайда, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптауға жатады.
Жер қойнауы учаскесін консервациялау немесе теңізде және (немесе) ішкі су айдындарында жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілген жағдайда консервациялау немесе жою жобасы осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген келісулерден және (немесе) сараптамалардан басқа, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 16.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Күрделі ұңғымаға, сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға консервациялау немесе жою жобасы көмірсутектер саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымымен жер қойнауын пайдаланушы бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленеді.
9. Күрделі ұңғымаға, сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға консервациялау немесе жою жобасын Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздік) және тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді және сараптамадан өткізеді (келісіледі).
10. Теңіздегі және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды консервациялау немесе жою бойынша жобалар, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы заңнама талаптарын ескереді.
11. Күрделі ұңғымаға, сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға консервациялау немесе жою жобасы ұйымның атауын, келісімшарт нөмірін, кен орыны мен базалық жобалық құжаттың атын, Кодекс күшіне енгенге дейін бекітілген игеруді талдауын немесе жобалық құжатын, ұңғымалар құрылымдарын, ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша техникалық шешімдерді, олардың сағасын жабдықтау бойынша талаптарды, ұңғымаларды консервациялау (жою) бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік тәртібін, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды қамтиды.
12. Күрделі ұңғымаға, сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға консервациялау немесе жою жобасы табан суының және газ бүркембесінен газдың тесіп шығуын алдын алуды, басқарылмайтын газ, су және мұнай көріністерін және ашық бұрқақтарды болдырмауды, шегендеу бағаналарын деформацияларын, қойнау қабаттық аралық өтуін және бағаналар аралық пайда болуын болдырмауды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
13. Күрделі ұңғымаға, сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға консервациялау немесе жою жобасы цементтеуге, тығындау материалдарына, бұрғылау қондырғыларына және ерітінділерге қойылатын талаптарды қамтиды.
14. Күрделі ұңғымаға, сондай-ақ теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларға консервациялау немесе жою жобасын жасау кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
1) консервациялау немесе жою жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
2) консервацияланған жер қойнауы учаскелерінің немесе консервацияланған технологиялық объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;
4) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
5) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіру кезіндегі, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.
3-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын консервациялау
15. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын консервациялау бойынша жұмыстарды бастар алдында ұңғымалық жабдық сыртқа шығарылады және ұңғыма діңгегі жасанды кенжарға дейін тазартылады.
16. Консервацияланатын ұңғыманың діңгегі қабатқа қажетті қарсы қысымды және өнімді горизонттың коллекторлық сипатын сақтауды қамтамасыз ететін және бағанға коррозиялық әсерді болдырмайтын сұйықтықпен толтырылады. Ұңғыманың жоғарғы бөлігі қатпайтын сұйықтықпен толтырылады. Перфорация аралығы үстінен цементті көпір жасау қажеттілігі жоспармен белгіленеді.
17. Осы Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптардың (бұдан әрі - Талаптар) 5-тармағында көрсетілген ұңғыманы консервациялау кезінде ұңғыма бейтараптамамен өңделген ерітіндімен толтырылады. Перфорациялау аралығы үстінен биіктігі кемінде 100 метр қалыңдықта цементті көпір салынады. Цементті көпір салынған соң құбырлық және құбырдан тыс кеңістіктер бейтараптамамен өңделген ерітіндімен толтырылуы тиіс.
18. Көпірлерді орнатуда қолданылатын тығындау құралдары коррозияға берік және күкіртті сутегі бар қабат аралықтарында шегендеу бағандарын цементтеу үшін ұңғыманы бұрғылау жұмыс жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес болуы тиіс.
19. Көпірлердің болуы бұрғылау құралын немесе сорғыш-компрессорлық құбырларды цемент тасына жүктелетін шекті салыстырмалы күштен аспайтын күш салу арқылы тексеріледі. Соңғы техникалық баған табанына орнатылған цементті көпір, бұдан басқа, гидравликалық қысым беру әдісімен сыналады.
20. Теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды консервациялау кезінде оның оқпаны қатқа қаттық қысымынан 15 % жоғары гидростаттық қысымын құру үшін су үстінің белсенді заттарымен және бейтараптамамен өңделген бұрғылау ерітіндісімен толтырылады. Перфорация аралығынан 20 метр жоғарырақ және 50 метр төменірек 50 метр биіктікті цементті көпір орнатылады. Ұңғыма сағасында қуаты кемінде 50 метр цементті көпір орнатылады. Шығындыға қарсы жабдық теңіз ұңғымасын консервациялау кезінде бөлшектелмейді. Ұңғыманы консервациялау жұмыстарын аяқтаған соң оның сағасында консервациялық акустикалық датчик орнатылады. Навигациялық қауіп-қатерлерді табу мақсатында консервацияланған ұңғыманың айналасында сағаны және теңіз түбін зерттеу жүргізіледі және ұңғыма сағасын сүңгуірлік қарау актісі жасалады.
21. Ұңғыманың сағасы мен діңгегінің жабдығы, жұмыс сұйықтықтарының тығыздығы ашық мұнай-газ көріністерін ескертеді.
22. Теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғыманы қоспағанда, консервацияланған ұңғыманың сағасында арматураның ысырмалар штурвалы шешіледі, ысырманың шеткі фланецтері бұқтырмалармен жабдықталады, манометрлер шешіледі және түтіктер тығындалады. Теңіздегі және (немесе) ішкі айдындардағы және/немесе жоғары мөлшердегі күкіртті сутегі бар ұңғыма сағасы коррозияға төзімді орындалуда жабдықталады.
23. Ұңғыма сағасында ұңғыманың нөмірі және географиялық координаталары, кен орнының атауы, жер қойнауын пайдаланушы, консервацияның басталу және аяқталу күні (деректерді сақтауды қамтамасыз ету үшін) көрсетілген металл белгісі орнатылады.
24. Жоғары мөлшердегі күкіртті сутегі бар консервацияланған ұңғыманың сағасында "Абайлаңыз, күкіртті сутек!" ескертуі бар металл белгісі орнатылады.
25. Ұңғыманы консервациялау мерзімдерін әрбір нақты жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұйрыққа сәйкес белгілейді.
26. Ұңғыманы консервациялау мерзімдерін ұзарту жер қойнауын пайдаланушы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
4-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын жою
27. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезiнде түрлi мақсаттағы мұнай, газ және қысыммен айдау ұңғымаларын жою бойынша жұмыстарды бастар алдында ұңғымалық жабдық сыртқа шығарылады және ұңғыма діңгегі жасанды кенжарға дейін тазартылады.
28. Осы Талаптардың 1-тармағында көрсетілген пайдалану бағаны төмендетілген ұңғыманы жою кезінде шегендеу бағанын перфорациялау аралықтарында оның толық қалыңдығы бойынша және тескілеу аралығынан 20 метр жоғары және төмен, сондай-ақ саңылаулы аралықтарда, сатылы цементтеу муфтасы қондырғыларына жалғану орындарында, пайдалану және техникалық бағандарының секциялық төмендетуде цементті көпір салынуы тиіс. Соңғы шегендеу бағанының табанында, баған табанынан 50 метр жоғары және 20 метр төмен цементті көпір салынуы тиіс.
29. Осы Талаптардың 1-тармағында көрсетілген түсірілген пайдалану бағаны жоқ ұңғыманы жою жағдайында мұнай-газ сіңірілген қат аралықтарында цементті көпірлер орнатылады. Әрбір цементті көпірдің биіктігі жабыннан плюс 20 метр жоғары және қат табанынан 20 метр төмен болатын биіктікке сәйкес болуы тиіс. Жоғарғы өнімді қат жабынының үстінде цементті көпір 50 метрден кем емес биіктікте орнатылады.
30. Осы Талаптардың 1-тармағында көрсетілген, газмұнайсуымол қабаты жоқ түсірілген пайдалану бағаны жоқ ұңғыманы жою кезінде, соңғы шегенделген баған табанында 50 метрден кем емес қалыңдықта цементті көпір салынуы тиіс.
31. Осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген ұңғымаларды жою кезінде өнімді қабат оның толық қалыңдығы бойынша және жабыннан 100 метр жоғары цементті көпірмен жабылады. Егер пайдалану бағаны жойылған ұңғымаға түсірілмеген болса, онда соңғы аралық баған табанында қосымша биіктігі кемінде 100 метр цементті көпір салынуы тиіс. Ұңғымаға соңғы түсірілген бағанда (пайдалану немесе аралық) жапсарланған құралдар болған жағдайда, секциялардың жапсарланған аралықтарында жапсарлану орнынан 50 метр жоғары және төмен цементті көпір салынуы тиіс.
32. Көпірлерді орнатуда қолданылатын тығындау құралдары коррозияға берік және күкіртті сутегі бар қабат аралықтарында шегендеу бағандарын цементтеу үшін ұңғыманы бұрғылау жұмыс жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес болуы тиіс.
33. Көпірлердің болуы бұрғылау құралын немесе сорғыш-компрессорлық құбырларды цемент тасына жүктелетін шекті салыстырмалы күштен аспайтын күш салу арқылы тексеріледі. Соңғы техникалық баған табанына орнатылған цементті көпір, бұдан басқа, гидравликалық қысым беру әдісімен сыналады.
34. Жойылған ұңғыманың сағасында 1х1х1 метр көлеміндегі армирленген бетонды тұғырлық орнатылады, оның үстінде ұңғыманың нөмірі және географиялық координаталары, кен орнының атауы, жер қойнауын пайдаланушы, жойылған күні (деректерді сақтауды қамтамасыз ету үшін) бедерлі көрсетіледі.
35. Жою жұмыстары аяқталған соң теңіздегі және (немесе) ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды қоспағанда, осы Талаптардың 5-тармағымен көзделген ұңғыманың сағасы коррозиялық төзімділікпен жасалған бағаналы ұштамамен және жоғары қысымдағы ысырмалармен, сондай-ақ құбыр және баған арасындағы кеңістіктегі қысымды бақылау үшін бұрулармен жабдықталады.
Ұңғыманың сағасында металл белгі орнатылады, оның үстінде ұңғыманың нөмірі және географиялық координаталары, кен орнының атауы, жер қойнауын пайдаланушы, жойылған күні (деректерді сақтауды қамтамасыз ету үшін) бедерлі көрсетіледі.
Жоғары мөлшердегі күкіртті сутегі бар жойылған ұңғыманың сағасында "Абайлаңыз, күкіртті сутек!" деген ескертуі бар металл белгі қосымша орнатылады.
36. Теңізде бұрғыланған ұңғыманы жою кезінде барлық шегендеу бағандарын теңіз түбінен төмен кесіп тастап, ұңғыма сағасын теңіз түбінің деңгейіне дейін цементті ерітіндімен толтыру қажет.
37. Цементті ерітінді қатқан соң ұңғыманың сағасына және теңіз түбінің шектес бетіне ірі габаритті бетонды тақталар немесе блоктар салынады.
38. Ұңғыма жойылған соң су астындағы навигациялық қауіп-қатерлерді табу мақсатында теңіз түбінде сүңгуірлік зерттеу жүргізіледі. Ұңғыма айналасындағы теңіз түбін зерттеу актісінің бір данасы географиялық координаталарын көрсете отырып, кеме қатынасының қауіпсіздігіне жауап беретін тиісті қызметке тапсырылуы тиіс.