"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 3 шiлдедегi № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 тамызда № 17270 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2023 № 192 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және Заңда белгіленген мөлшерде оны алуға құқық туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңіне төленеді.

      Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айын қоса алғанға дейін төленеді.

      Жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда жәрдемақы төлеу кеткен айын қоса алғанға дейін жүргізіледі.";

      6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 223 Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық шешім жобасымен қоса ұсынылған құжаттармен ЭІМ-ні дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық туындаған күннен бастап жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2018 жылғы 23 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ________________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы 17 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы 12 шілде

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 "Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 3 июля 2018 года № 276. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 августа 2018 года № 17270. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 192.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 31.05.2023 № 192 (вводится в действие с 01.07.2023).

      В соответствии с пунктом 7 статьи 5 и пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 "Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11745, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 5 августа 2015 года) следующие изменения:

      в Правилах назначения и выплаты специального государственного пособия, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Пособие выплачивается ежемесячно за текущий месяц и на период соблюдения условий, по которым пособие назначено со дня возникновения права на его получение в размерах, установленных Законом.

      В случае смерти получателя, пособие выплачивается по месяц смерти включительно.

      В случае выезда получателя пособия на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан, выплата пособия производится по месяц выезда включительно.";

      часть пятую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "При первичном установлении инвалидности лица, указанные в подпунктах 1-1), 7), 8), 8-1) статьи 4 Закона, обращаются за назначением пособия по инвалидности в подразделение МСЭ по месту жительства с заявлением по форме согласно приложению 2 к Правилам предоставления государственной базовой пенсионной выплаты за счет бюджетных средств, а также назначения и осуществления пенсионных выплат по возрасту, государственных социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца, государственных специальных пособий, утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 223 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11110) (далее – Правила № 223).";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. В случае наступления обстоятельств, являющихся основанием для возобновления выплаты, подготовка отделением Государственной корпорации ЭМД, представленными документами с электронным проектом решения, и его утверждение уполномоченным органом по назначению пособия производятся со дня приостановления либо со дня наступления права на возобновление.".

      2. Департаменту социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Жакупову С.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
М. Абылкасымова

      СОГЛАСОВАНО
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
____________ Д. Абаев
27 июля 2018 года

      СОГЛАСОВАНО
Министр обороны
Республики Казахстан
______________ С. Жасузаков
17 июля 2018 года

      СОГЛАСОВАНО
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
_______________ К. Касымов
12 июля 2018 года