"Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 10 тамыздағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 тамызда № 17298 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10752 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Энергия өндіруші ұйымдар тобы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай өлшемдер бойынша қалыптасады: энергия өндіруші ұйымдардың түрі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы.

      Энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың түрі" өлшемі бойынша электр станцияларының мынадай түрлеріне бөлінеді:

      1) конденсаттық – тек қана электр энергиясын өндіретін электр станциясы;

      2) жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы;

      3) газ-турбиналық – газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;

      4) су электр станциясы – су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы.

      Энергия өндіруші ұйымдар "белгіленген қуаты" өлшемі бойынша 100 мегаваттқа (бұдан әрі – МВт) дейін, 100 МВт-тан 300 МВт-қа дейін, 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейін, 550 МВт-тан 800 МВт-қа дейін, 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейін, 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейін, 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейін, 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейін, 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейін, 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейін, 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейін, 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейін, 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейін, 3050 МВт және одан жоғары болып бөлінеді.

      Энергия өндіруші ұйымдар "пайдаланылатын отын түрі" өлшемі бойынша көмірмен, жергілікті газбен, импортталған газбен, мазутпен жұмыс істейтіндер болып бөлінеді.

      Энергия өндіруші ұйымдар "отынның орналасқан жерінен қашықтығы" өлшемі бойынша 100 километрге (бұдан әрі – км) дейін, 100 км-ден 300 км-ге дейін, 300 км-ден 550 км-ге дейін, 550 км-ден 750 км-ге дейін, 750 км-ден 900 км-ге дейін, 900 км-ден 1000 км-ге дейін, 1000 км және одан жоғары болып бөлінеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 105 "Об утверждении Правил определения расчетного тарифа, утверждения предельного и индивидуального тарифов"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 10 августа 2018 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2018 года № 17298

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 105 "Об утверждении Правил определения расчетного тарифа, утверждения предельного и индивидуального тарифов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10752, опубликованный 14 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах определения расчетного тарифа, утверждения предельного и индивидуального тарифов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Группы энергопроизводящих организаций формируются в порядке, установленном в соответствии с Законом, по следующим критериям: тип энергопроизводящих организаций, установленная мощность, вид используемого топлива, удаленность от местонахождения топлива.

      По критерию "тип энергопроизводящих организаций" энергопроизводящие организации делятся на следующие типы электростанций:

      1) конденсационная – электростанция, производящая только электрическую энергию;

      2) теплоэлектроцентраль – электростанция, которая производит электроэнергию и является источником тепловой энергии в централизованных системах теплоснабжения;

      3) газотурбинная – электростанция, в качестве источника энергии использующая газообразное топливо;

      4) гидроэлектростанция – электростанция, в качестве источника энергии использующая энергию водного потока.

      По критерию "установленная мощность" энергопроизводящие организации делятся на: до 100 мегаватт (далее - МВт), от 100 МВт до 300 МВт, от 300 МВт до 550 МВт, от 550 МВт до 800 МВт, от 800 МВт до 1050 МВт, от 1050 МВт до 1300 МВт, от 1300 МВт до 1550 МВт, от 1550 МВт до 1800МВт, от 1800 МВт до 2050 МВт, от 2050 МВт до 2300 МВт, от 2300 МВт до 2550 МВт, от 2550 МВт до 2800 МВт, 2800 МВт до 3050 МВт, от 3050 МВт и более.

      По критерию "вид используемого топлива" энергопроизводящие организации делятся: работающие на угле, газе местного происхождения, газе импортного происхождения, мазуте.

      По критерию "удаленность от местонахождения топлива" энергопроизводящие организации делятся на: до 100 километр (далее - км), от 100 км до 300км, от 300 км до 550 км, от 550 км до 750 км, от 750 км до 900 км, от 900 км до 1 000 км, от 1 000 км и более.".

      2. Департаменту электроэнергетики и угольной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
М. Досмухамбетов