2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 30 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 5 бұйрығымен бекітілді |
Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге |
р/р | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің , оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті | |||||
2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл | |||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ||
1 | Ақмола облысы | 33 467 948 | 31 133 157 | 33 902 690 | 31 567 899 | 33 758 937 | 31 424 146 |
2 | Ақтөбе облысы | 31 999 541 | 15 599 541 | 31 719 868 | 15 319 868 | 32 368 550 | 15 968 550 |
3 | Алматы облысы | 64 847 582 | 55 089 269 | 63 657 927 | 53 899 614 | 66 459 762 | 56 701 449 |
4 | Атырау облысы | 41 736 036 | 37 957 445 | 43 146 072 | 39 367 481 | 52 009 348 | 48 230 757 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 52 827 112 | 45 951 733 | 52 362 420 | 45 487 041 | 53 630 564 | 46 755 185 |
6 | Жамбыл облысы | 41 731 903 | 35 428 703 | 41 575 602 | 35 272 402 | 42 762 429 | 36 459 229 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 23 622 209 | 23 622 209 | 24 445 572 | 24 445 572 | 27 110 955 | 27 110 955 |
8 | Қарағанды облысы | 48 102 660 | 48 102 660 | 48 206 671 | 48 206 671 | 49 084 811 | 49 084 811 |
9 | Қостанай облысы | 34 362 605 | 22 431 405 | 34 507 611 | 22 576 411 | 35 617 424 | 23 686 224 |
10 | Қызылорда облысы | 37 056 001 | 34 483 621 | 36 402 390 | 33 830 010 | 35 989 173 | 33 416 793 |
11 | Маңғыстау облысы | 27 679 027 | 25 543 087 | 30 043 530 | 27 907 590 | 28 540 622 | 26 404 682 |
12 | Павлодар облысы | 31 226 457 | 23 041 182 | 30 974 376 | 22 789 101 | 31 414 996 | 23 229 721 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 27 271 733 | 23 876 914 | 26 661 750 | 23 266 931 | 27 109 601 | 23 714 782 |
14 | Түркістан облысы | 87 052 491 | 38 710 833 | 88 017 128 | 39 675 470 | 88 446 984 | 40 105 326 |
15 | Алматы қаласы | 187 207 006 | 181 451 300 | 203 278 656 | 197 522 950 | 210 064 337 | 204 308 631 |
16 | Астана қаласы | 121 276 799 | 88 093 294 | 131 938 100 | 98 754 595 | 131 237 256 | 98 053 751 |
17 | Шымкент қаласы | 46 074 355 | 46 074 355 | 42 013 717 | 42 013 717 | 44 486 026 | 44 486 026 |
Жиыны: | 937 541 467 | 776 590 710 | 962 854 080 | 801 903 323 | 990 091 773 | 829 141 016 |
Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер