"Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 17334 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 5/1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12689 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Электрондық саудаға қатысушылар";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Электрондық саудаға:

      электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар (электрондық саудаға қатысушылар);

      ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сату және сатып алу ұсыныстарымен электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) алу, орналастыру, беру, сақтау бойынша қызмет көрсететін және электрондық сауданы жүзеге асыру үшін электрондық сауда алаңдарымен қамтамасыз ететін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – делдал);

      тиісті тауарларды әлеуетті сатып алушылар болып табылатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар (бұдан әрі – сатып алушы):

      белгілі бір тауарларды өткізуге ұсынатын адамдар (бұдан әрі – сатушы);

      заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – коммерциялық сатушы);

      кәсіпкерлік қызмет мақсатын көздемей, біржолғы тәртіппен тауарларды өткізуге ұсынатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – коммерциялық емес сатушы) қатысады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Электрондық саудадағы делдал "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес:

      1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпейді;

      2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен өзі жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейді;

      3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен өзі жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың (электрондық хабарламалардың) мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертпейді;

      4) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      5) егер сатушы электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушы өз міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасалатынын айқындаса, осындай жағдайларды қамтамасыз етеді;

      6) сатушының талабы бойынша өзінің интернет-ресурсында электрондық сауда алаңында жүргізілген сауда-саттық қорытындылары жөніндегі ақпаратты орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Электрондық сауда алаңдары:

      1) электрондық сауда алаңында жұмыс істейтін электрондық саудаға қатысушылармен танысуға;

      2) қызықтыратын тауарларды сатып алушылар мен сатушыларды іздеуді, сондай-ақ электрондық саудаға қатысушылар электрондық сауда алаңына орналастыратын тауарларға қажеттіліктер мен ұсыныстар туралы ақпарат алуды жүзеге асыруға;

      3) сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы қауіпсіз электрондық құжат айналымын электрондық сауда қатысушылары арасында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда:

      1) электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету шарттарын айқындауға;

      2) делдалдан электрондық сауда алаңында жүргізілген мәмілелер қорытындысы жөніндегі ақпаратты орналастыруды талап етуге құқылы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Б. Шолпанқұлов

      2018 жылғы 1 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ______________ Р. Скляр

      2018 жылғы 2 тамыз

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 720 "Об утверждении Правил осуществления электронной торговли"

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 августа 2018 года № 7. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 сентября 2018 года № 17334. Утратил силу приказом Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 5/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Утратил силу приказом Министра торговли и интеграции РК от 19.07.2019 № 5/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 720 "Об утверждении Правил осуществления электронной торговли" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12689, опубликован 22 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил осуществления электронной торговли, включая функционирование электронных торговых площадок";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "Утвердить прилагаемые Правила осуществления электронной торговли, включая функционирование электронных торговых площадок.";

      в Правилах осуществления электронной торговли, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила осуществления электронной торговли, включая функционирование электронных торговых площадок";

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила осуществления электронной торговли, включая функционирование электронных торговых площадок (далее – Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и определяют порядок осуществления электронной торговли, включая функционирование электронных торговых площадок.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Участники электронной торговли";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В электронной торговле участвуют:

      физические и юридические лица, участвующие в качестве покупателя, продавца и (или) посредника в электронной торговле (участники электронной торговли);

      юридические лица и индивидуальные предприниматели, оказывающие услуги по получению, размещению, передаче, хранению электронных документов (электронных сообщений) с предложениями на продажу и покупку, с использованием информационных систем и сетей телекоммуникаций и предоставлению электронных торговых площадок для осуществления электронной торговли (далее – посредник);

      юридические лица, индивидуальные предприниматели и физические лица, являющиеся потенциальными покупателями соответствующих товаров (далее – покупатель);

      лица, предлагающие к реализации определенные товары (далее – продавец):

      юридические лица, индивидуальные предприниматели (далее – коммерческий продавец);

      физические лица, предлагающие к реализации товары в разовом порядке без цели предпринимательской деятельности (далее – некоммерческий продавец).";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Посредник в электронной торговле согласно пунктам 3 и 4 статьи 29-1 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности":

      1) не разглашает информацию, содержащуюся в электронных документах или электронных сообщениях, в том числе сведения, составляющие коммерческую и иную охраняемую законом тайну;

      2) не передает третьим лицам электронные документы (электронные сообщения) или их копии, в том числе содержащуюся в них информацию, если иное не предусмотрено договором, заключенным им с другими участниками электронной торговли, или законами Республики Казахстан;

      3) не изменяет содержание электронных документов (электронных сообщений) либо порядок их использования, если иное не предусмотрено договором, заключенным им с другими участниками электронной торговли, или законами Республики Казахстан;

      4) обеспечивает целостность и конфиденциальность информации, содержащейся в информационных ресурсах, в том числе сведений, составляющих коммерческую и иную охраняемую законом тайну;

      5) обеспечивает условия для исполнения покупателем своих обязательств по заключенным на электронной торговой площадке сделкам в случае, если такие условия были определены продавцом;

      6) по требованию продавца размещает на своем интернет-ресурсе информацию по итогам проведенных торгов на электронной торговой площадке.";

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. Электронные торговые площадки позволяют:

      1) ознакомиться с участниками электронной торговли, работающими на электронной торговой площадке;

      2) осуществлять поиск покупателей интересующих товаров и продавцов, а также получать информацию о потребностях и предложениях товаров, которые размещают на электронной торговой площадке участники электронной торговли;

      3) осуществлять безопасный электронный документооборот между участниками электронной торговли, посредством использования идентификационных средств.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок осуществления электронной торговли";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Продавец, адресующий от своего имени оферту в электронной форме, при осуществлении электронной торговли имеет право в случае необходимости:

      1) определять условия обеспечения покупателями исполнения своих обязательств по заключенным на электронной торговой площадке сделкам;

      2) требовать от посредника разместить информацию по итогам проведенных на электронной торговой площадке сделок.".

      2. Департаменту регулирования торговой деятельности Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

      "СОГЛАСОВАН"
Исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
______________ Б. Шолпанкулов
1 августа 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Исполняющий обязанности
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
______________ Р. Скляр
2 августа 2018 года