Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қыркүйекте № 17358 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 26-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында ресми орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы міндетін атқарушы
К. Петров
      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы міндетін атқарушы
Б. Мелдешов

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2018 жылғы 23 тамыздағы
№ 11/197 қаулысымен
бекітілген

Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 14-бабы 4-1) тармақшасына, 24, 25, 26 және 26-1-баптарына сәйкес әзірленді және сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыруды жүзеге асыратын:

      1) сайлаушылардың тiзiмiн жасайтын және оны тиiстi сайлау комиссияларына беретін жергiлiктi атқарушы орган;

      2) аумақтық сайлау комиссиясы- облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), ауданның, қаланың, қаладағы ауданның сайлаушылар туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайтын сайлау комиссиясы;

      3) учаскелік сайлау комиссиясы – қажет болса, сайлаушыларға тізім танысу үшін берілгеннен кейін жоғары тұрған сайлау комиссиясын хабардар ете отырып, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізетін сайлау комиссиясы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.12.2022 № 132/627 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2-тарау. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру және оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібі

      3. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде сайлаушылар тiзiмi жасалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.12.2022 № 132/627 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізімін жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.

      5. Нақтылы сайлау учаскесінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.

      6. Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастала отырып, сайлаушылар тізімдеріне өздерінің жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде енгізіледі.

      7. Әрбір сайлаушы Конституциялық заңның 24-бабы 5-тармағына сәйкес сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

      8. Егер сайлаушыға сайлауға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өзінің тіркелген орны бойынша сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайға келе алмайтыны белгілі болса, ол Конституциялық заңның 24-бабы 5-тармағына сәйкес өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.

      Азамат осы тармаққа сәйкес өтініш берген кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

      9. Сайлаушылардың тізімдері әліпби немесе өзге тәртіппен жасалады. Тізімде сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған жылы (он сегіз жастағылар үшін – қосымша күні мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.

      10. Сайлаушылар тізімдеріне:

      1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары енгізіледі;

      2) азаматтар тиiстi сайлау учаскелерiнің аумағындағы тұрғылықты жерi бойынша енгізіледі;

      3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бәрi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер мен кеме капитандары берген деректер негiздерде енгізіледі.

      4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар, әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi.

      5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасының азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.

      Жатақханаларда тұратын, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндiзгi оқу нысанында оқитындар сайлаушылардың тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.

      11. Азамат сайлаушылардың бiр ғана тiзiмiне ене алады.

      12. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына – электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште, аумақтық және округтік комиссияларға электрондық түрде ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.12.2022 № 132/627 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      13. Сайлаушылар тізімдері жергілікті атқарушы органдардан алынған күннен бастап екі күн мерзімде төмен тұрған аумақтық сайлау комиссиясы оларды Қазақстан Республикасы сайлаушы азаматтарының электрондық тізіліміне енгізу үшін электрондық түрде жоғары тұрған комиссияға ұсынады.

      14. Сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды.

      15. Жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімдерін сайлау комиссияларына ұсынуы дербес деректер және оларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил формирования списков избирателей для голосования, а также их представления в избирательные комиссии

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 23 августа 2018 года № 11/197. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 сентября 2018 года № 17358.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 26-1 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила формирования списков избирателей для голосования, а также их представления в избирательные комиссии.

      2. Отделу организационно-правового обеспечения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности Председателя
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
К. Петров
      Исполняющий обязанности секретаря
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
Б. Мельдешов

  Утверждены
постановлением Центральной
избирательной комиссии
Республики Казахстан
от 23 августа 2018 года № 11/197

Правила формирования списков избирателей для голосования, а также их представления в избирательные комиссии

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования списков избирателей для голосования, а также их представления в избирательные комиссии (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 14, статьями 24, 25, 26 и 26-1 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" (далее – Конституционный закон) и определяют порядок формирования списков избирателей для голосования, а также их представления в избирательные комиссии.

      2. Формирование списков избирателей для голосования осуществляют:

      1) местный исполнительный орган, составляющий список избирателей и представляющий его в соответствующие избирательные комиссии;

      2) территориальная избирательная комиссия – избирательная комиссия областей (городов республиканского значения и столицы), района, города, района в городе, контролирует актуальность и достоверность сведений об избирателях, своевременность и правильность списков избирателей для голосования и представления их для всеобщего ознакомления;

      3) участковая избирательная комиссия – избирательная комиссия, вносящая в случае необходимости изменения в список избирателей после представления списка избирателям для ознакомления, с информированием вышестоящей избирательной комиссии.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Центральной избирательной комиссии РК от 27.12.2022 № 132/627 (вводится в действие c 01.01.2023).

Глава 2. Порядок формирования списков избирателей для голосования и их представления в избирательные комиссии

      3. Списки избирателей составляются при выборах Президента, депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов, акима, членов иных органов местного самоуправления.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 27.12.2022 № 132/627 (вводится в действие c 01.01.2023).

      4. Список избирателей по месту жительства составляет соответствующий местный исполнительный орган на основании государственной базы данных о физических лицах.

      5. Основанием для включения гражданина в список избирателей на конкретном избирательном участке является факт его регистрации по месту жительства на территории этого избирательного участка.

      6. Временно зарегистрированные граждане включаются в списки избирателей на основании поданного ими заявления в местный исполнительный орган с исключением из списка по месту постоянной регистрации.

      7. Каждый избиратель вправе зарегистрироваться в качестве избирателя в соответствующем местном исполнительном органе с момента объявления или назначения выборов в соответствии с пунктом 5 статьи 24 Конституционного закона.

      8. В случае, если избирателю не позже чем за тридцать календарных дней до выборов стало известно о том, что он не будет иметь возможность прибыть в день выборов в помещение для голосования по месту его регистрации, он вправе по месту своего пребывания обратиться в местный исполнительный орган с письменным заявлением о включении его в соответствующий список избирателей в соответствии с пунктом 5 статьи 24 Конституционного закона.

      При обращении гражданина в соответствии с настоящим пунктом местный исполнительный орган организует исключение гражданина из списка избирателей по месту регистрации и включение его в список избирателей того участка, на котором гражданин будет голосовать.

      9. Списки избирателей составляются в алфавитном или ином порядке. В списке указываются фамилия, имя, отчество (при наличии), год рождения (в возрасте восемнадцать лет – дополнительно день и месяц), индивидуальный идентификационный номер и адрес места жительства избирателя.

      10. В списки избирателей:

      1) включаются граждане Республики, обладающие активным избирательным правом;

      2) включаются граждане по месту жительства на территории соответствующих избирательных участков.

      3) по избирательным участкам, образованным в домах отдыха, санаториях, стационарных лечебно-профилактических учреждениях, в местах нахождения граждан, расположенных в отдаленных и труднодоступных районах, на участках отгонного животноводства, в следственных изоляторах и изоляторах временного содержания, на судах, принадлежащих Республике Казахстан и находящихся в день выборов в плавании, включаются все граждане, которые в день проведения голосования будут находиться в названных учреждениях и организациях или на борту судна, на основе данных, представляемых руководителями названных учреждений, соответствующими акимами и капитанами судов;

      4) по воинским частям включаются все военнослужащие, находящиеся в воинских частях, а также члены их семей и другие избиратели, проживающие в местах расположения воинских частей, на основе сведений, представляемых командирами воинских частей. Военнослужащие, проживающие вне воинских частей, включаются в списки избирателей по месту жительства на общих основаниях;

      5) по избирательным участкам при представительствах Республики Казахстан в иностранных государствах включаются все граждане, проживающие или находящиеся в длительной заграничной командировке в соответствующем иностранном государстве и имеющие действительные паспорта гражданина Республики. Граждане Республики, прибывшие в иностранные государства по частным приглашениям, в служебные, деловые и туристические поездки, при их обращении в участковую избирательную комиссию и при наличии у них действительного паспорта гражданина Республики Казахстан включаются в список избирателей.

      Обучающиеся в средних специальных и высших учебных заведениях, а также по профессиональным учебным программам послевузовского образования дневной формы обучения, проживающие в общежитиях, включаются в список избирателей по месту нахождения общежития.

      11. Гражданин может быть включен только в один список избирателей.

      12. Списки избирателей по каждому избирательному участку подписываются акимом, решением которого образован участок, и представляются по акту за двадцать календарных дней до начала голосования в участковую избирательную комиссию в электронном виде и (или) на бумажном носителе, в территориальную и окружную комиссии – в электронном виде.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 27.12.2022 № 132/627 (вводится в действие c 01.01.2023).

      13. Списки избирателей нижестоящая территориальная избирательная комиссия представляет в электронном виде в вышестоящую комиссию для включения в электронный Реестр граждан – избирателей Республики Казахстан в двухдневный срок со дня их получения от местных исполнительных органов.

      14. В случае внесения изменений в список избирателей участковая избирательная комиссия информирует об этом вышестоящую избирательную комиссию.

      15. Представление списков избирателей местными исполнительными органами в избирательные комиссии осуществляется с соблюдением требований законодательства о персональных данных и их защите, информационной безопасности.