БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларында:
7-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"199. Әскери қызметшілерді жүзу бойынша тексеру судың +17°С төмен емес температурасында; шапшаң қозғалуда, шаңғы жарысы және шаңғымен қашықтыққа жүгіруде – -25°С төмен емес, 5-10 м/с жел кезінде -20°С төмен емес, 10-15 м/с желде – -15°С төмен емес; басқа да жаттығулар бойынша -25°С төмен емес, +35°С жоғары емес ауа температурасында жүргізіледі.";
211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"211. Әскери оқу орындары оқу бөлімшелерінің дене шынықтыру дайындығының бағасы тексерілген әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша жалпы бағаларының қосындысынан айқындалады:
1) "өте жақсы" – егер 90%-ы жақсы баға алса, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы "өте жақсы" және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 80%-ы тексеруге ұсынылса;
2) "жақсы" – егер 80%-ы жақсы баға алса, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы "жақсы" және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 70%-ы тексеруге ұсынылса;
3) "қанағаттанарлық" – егер 70%-ы жақсы баға алса және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 60%-ы тексеруге ұсынылса.
Әскери оқу орнының бөлімшелері, кафедралары және қызметтері дене шынықтыру дайындықтарының бағасы тексерілген әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша алған жалпы бағаларының қосындысымен және осы Қағидалардың 210-тармағына сәйкес айқындалады.".
2. 21642 әскери бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |