"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 463 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте № 17452 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 (28211) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында:

      мындай мазмұндағы 20-1. тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Стипендиаттың орналасу мерзімін кейінге қалдыруды алу қажеттілігі туындаған жағдайда, Стипендиат орналасуды жүзеге асырудың мүмкін еместігін растаушы құжаттарымен қоса, кейінге қалдыру туралы өтінішімен Комиссияға жүгінеді. Орналасуды кейінге қалдыруды Комиссия, оқуға/тағылымдамадан өтуге арналған шарттарды жасасқан күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге ұсынады.";

      мындай мазмұндағы 22-4. тармақпен толықтырылсын:

      "22-4. Стипендиаттарды магистратура алдындағы дайындыққа немесе академиялық оқуға орналастыру тілдік курстарды аяқтаған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірмей жүзеге асырылады.";

      мындай мазмұндағы 28-2 тармақпен толықтырылсын:

      "28-2. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:

      шетелде оқуды/тағылымдамадан өтуді жалғастыру;

      еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;

      шетелде оқитын немесе тағылымдамадан өтіп жатқан зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

      мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

      жүктілік жағдайы, сондай ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеу.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Қ.Е. Аханов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.И. Ешенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2013 года № 413 "О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 сентября 2018 года № 463. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 сентября 2018 года № 17452

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2013 года № 413 "О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8880, опубликован в газете "Казахстанская правда" 11 декабря 2013 года № 334 (27608)) следующие дополнения:

      в Правилах заключения договора на обучение/прохождение стажировки со стипендиатами, осуществления размещения стипендиатов, мониторинга успеваемости и осуществления трудовой деятельности стипендиатов, замены залогового имущества, предоставленного в качестве обеспечения исполнения обязательств стипендиатов, возмещения расходов, затраченных на стипендиата со дня вынесения Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом решения о присуждении международной стипендии "Болашак", включая оплату неустойки (штрафа), утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 20-1 следующего содержания:

      "20-1. В случае необходимости получения Стипендиатом отсрочки на размещение, Стипендиат обращается в Комиссию с заявлением об отсрочке с приложением документов, подтверждающих невозможность осуществления размещения. Отсрочка на размещение предоставляется Комиссией на срок, не превышающий 2 (двух) календарных лет со дня заключения договоров на обучение/прохождение стажировки.";

      дополнить пунктом 22-4 следующего содержания:

      "22-4. Размещение Стипендиатов на предмагистерскую подготовку или академическое обучение осуществляется не позднее 1 (одного) календарного года со дня окончания языковых курсов.";

      дополнить пунктом 28-2 следующего содержания:

      "28-2. В случае невозможности осуществления отработки, Стипендиат обращается в Общество с заявлением о предоставлении отсрочки исполнения обязательств по отработке с приложением подтверждающих документов. Общество вносит вопрос о предоставлении Стипендиату отсрочки исполнения обязательств по осуществлению отработки на рассмотрение Республиканской комиссии в следующих случаях:

      продолжения обучения/прохождения стажировки за рубежом;

      лечения заболевания, препятствующего осуществлению трудовой деятельности;

      сопровождения супруга или супруги, обучающихся или проходящих стажировку за рубежом;

      сопровождения супруга или супруги, являющихся государственными или военными служащими, и направленными на временную работу или прохождение службы за рубежом;

      беременности, а также при наличии на воспитании ребенка (детей) в возрасте до трех лет.".

      2. Департаменту международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан (Аханов К.Е.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Ешенкулова Т.И.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев