"Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 13/204 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қазанда № 17481 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары бекітілсін.";

      аталған қаулымен бекітілген Сайлау қорларының қаражатын жұмсау ережесі осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы міндетін атқарушы
К. Петров
      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы міндетін атқарушы
Б. Мелдешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ____________________

      2018 жылғы "__" _____

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық банкінің Төрағасы

      ______________________

      2018 жылғы "__" ______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________________

      2018 жылғы "__" _______

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 13/204 қаулысына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 7 тамыздағы
№ 19/222 қаулысымен бекітілген

Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және Президенттікке, Парламент Сенатының депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдікке) кандидаттардың арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау тәртібін реттейді.

      2. Кандидаттардың сайлау қорын құрайтын ақшалай қаражат (ақша) банк мекемелерінде (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банк) ашылатын арнаулы уақытша шотта жинақталады. Арнаулы уақытша шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi.

      3. Арнаулы уақытша шот (бұдан әрі - арнаулы шот) - бұл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен (бұдан әрі - Конституциялық заң) айқындалған мақсаттар үшін банктік шот шарты негізінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын ағымдағы шот.

2-тарау. Арнаулы уақытша шотты ашу тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы шоттары ашылатын және жүргізілетін Республиканың барлық өңірлерінде филиалдары бар екінші деңгейдегі банктерді айқындайды.

      5. Ортсайлауком арнаулы шотты ашуға және жүргізуге банктік шот шартын жасайды және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жазбаша хабарлама жібереді.

      Банктік шоттың шарты Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10, 14, 22-тармақтарымен айқындалған мәліметтерді қамтиды.

      6. Арнаулы шотты ашу үшін сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның тіркелгені туралы:

      1) Ортсайлауком - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;

      2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы;

      3) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары - мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы, сондай-ақ әкімдікке кандидаттар туралы мәліметтерді олар тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.

      Осы тармақтың ақпаратын ұсыну кезінде кандидаттың, саяси партияның арнаулы шотына, соның ішінде түсім көздері бойынша, сондай-ақ келіп түсуі мүмкін қаражаттың шекті мөлшерлері көрсетіледі:

      кандидаттар туралы - тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), олардың тіркелген күні;

      саяси партиялар туралы - атауы, тіркелген күні.

      7. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры:

      1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражаты және кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;

      2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспайтын Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.

      8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

      1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспайтын кандидаттың жеке қаражатынан;

      2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

      9. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:

      1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;

      2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

      10. Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:

      1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен бір мың еседен аспайтын меншікті қаражатынан;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының занамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен екі мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

      11. Әкімдікке кандидаттың сайлау қоры:

      1) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражатынан;

      2) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен артық аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары құрайды.

      12. Арнаулы шот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен, өтініштің негізінде екінші деңгейдегі банк пен кандидаттың немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияның арасында банктік шот шарты жасалған кезде ашылады.

      Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шотты ашу үшін кандидат өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);

      2) оның туылған күні;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;

      5) арнаулы шотты ашу қажет болып табылатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;

      6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.

      13. Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шот ашу үшін саяси партияның басшысы немесе саяси партияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) басшы органының шешімімен уәкілеттік берілген адам өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) саяси партияның толық атауы;

      2) саяси партияның арнаулы шотына иелік етуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, және әкесінің аты (болған кезде), олардың байланыс деректері мен электрондық мекенжайлары;

      3) заңды мекенжайы;

      4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат және банк деректемелері;

      5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;

      6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.

      14. Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шотты ашу үшін әкімдікке кандидат өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);

      2) оның туылған күні;

      3) ЖСН көрсетілген, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;

      5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;

      6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.

3-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын жұмсау тәртібі

      15. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттарға немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға тиесілi.

      Партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сайлау қоры қаражатын пайдалануға байланысты қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығы саяси партияның басшысына немесе саяси партияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) басшы органының шешімімен уәкілетті адамға беріледі.

      16. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:

      1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;

      2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, әкімдікке, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;

      3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;

      4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;

      5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, әкімдікке, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;

      6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және, өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.

      17. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда екінші деңгейдегі банктер сайлау қорына түскен ақшаны оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.

      18. Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы күнтізбелік жетi күн ішінде тиiстi сайлау комиссиясына ақшалай қаражатты қайтарғаны туралы мәлiметтерді бередi.

4-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын пайдалану туралы есеп

      19. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары мен банктер жүзеге асырады. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша бақылауға өзге де мемлекеттік органдар олардың құзыретіне сәйкес тартылуы мүмкiн.

      20. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн күнтізбелік бес күннен кешiктiрмей кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруі қажет, онда сайлау қорына ақшалай түсiмдер көздерi және жұмсалған барлық шығындар көрсетiледi.

      Бұл орайда банк куәландырған арнаулы шотты ашу туралы хабарлама көшiрмесi табыс етiледi.

      21. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына, әкімдікке кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия қамтамасыз етеді.

      22. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: ақшаның шотқа келiп түскен күнi, ақшаның екінші деңгейдегі банкте алынған күні, сомасы, әрбір төлем құжаты бойынша төлемнің мақсаты жазылады.

      Екінші деңгейдегі банктер тиісті сайлау комиссиясына арнаулы шоттарға қаражаттың түсуі және оның жұмсалуы туралы апта сайын есеп береді. Тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәліметтер жиырма төрт сағаттың ішінде беріледі.

      23. Арнаулы шоттарға қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есепті айына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында:

      Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;

      мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары жариялайды.

      24. Арнаулы шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күні сағат он сегізде тоқтатылады.

      Кандидаттардың қайта дауыс беруді өткізу кезінде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткiзiлетiн арнаулы шоттар бойынша қаржы операцияларын қайта дауыс беру күні тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған күннен бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Конституциялық заңмен белгiленген шектерден acа алмайды.

      25. Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсiн республикалық бюджетке жiбередi, ал үштен бiрiн кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға қайтарады. Ол туралы мәлiметтер Ортсайлаукомға немесе есептi қабылдау туралы шешiм қабылдайтын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.

      26. Есептер Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледi.

      27. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның Конституциялық заңның 34-бабы 1-8-тармақтарында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қағидаларды бұзуы - кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент депутаттығына, мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелгеніне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

  Арнаулы уақытша шот ашу және
сайлау қорының қаражатын
жұмсау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сайлау қорларына қаражаттың түскені туралы есеп

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партиялардың толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.

      2. 20___жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының жалпы сомасы _____ теңге.

Р/с

Түскен күні

Сомасы (теңгемен)

Түсім көзі

Түскенін растайтын құжаттар

Төлем мақсаты



















      Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.

      Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.

      Қолдар:

      Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)

      Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)

  Арнаулы уақытша шот ашу және
сайлау қорының қаражатын
жұмсау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы есеп

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.

Р/с

Түскен күні және сомасы (теңгемен)

Түсім көзі

Төлем мақсаты

Қаражаттың банкке түскенін растайтын құжат

Қаражаттың қайтарылған күні және олардың қайтарылғанын растайтын құжат













      Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақшалай қаражаттың дереу қайтарылу шамасына қарай береді.

      Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.

      Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)

      Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)

  Арнаулы уақытша шот ашу және
сайлау қорының қаражатын
жұмсау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сайлау қоры қаражатының жұмсалуы туралы есеп

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.

      2. 20____ жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының қалдығы ____ теңге.

Р/с

Күні

Сомасы (теңгемен)

Төлем мақсаты

Қаражат жұмсалған іс-шаралар

Қаражаттың жұмсалғандығын растайтын құжаттар (төлем құжатының нөмірі мен күні)













      Ескертпе: екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.

      Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.

      Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)

      Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)

  Арнаулы уақытша шот ашу және
сайлау қорының қаражатын
жұмсау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі

      1. Қорға түскен ақшалай түсімдердің көздері: (есептер қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен қоса беріледі).

      2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: (есептер қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледі).

      3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 20___ жылғы ______ жағдай бойынша -________ теңге.

      4. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге сомасында республикалық бюджетке аударылды (төлем құжатының күні мен №).

      5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының күні мен №).

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттар, саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, екінші деңгейдегі банк растаған арнаулы шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.

      Есеп расталды:

      Екінші деңгейдегі банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.

      Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.

      Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 7 августа 1999 года № 19/222 "Об утверждении Правил расходования средств избирательных фондов"

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 13/204. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 октября 2018 года № 17481

      В соответствии с пунктом 6 статьи 34 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан", Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 7 августа 1999 года № 19/222 "Об утверждении Правил расходования средств избирательных фондов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 870) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил открытия специального временного счета и расходования средств избирательного фонда";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила открытия специального временного счета и расходования средств избирательного фонда";

      Правила расходования средств избирательных фондов, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Отделу организационно-правового обеспечения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Председателя Центральной избирательной
комиссии Республики Казахстан
К. Петров
      Исполняющий обязанности секретаря
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
Б. Мельдешов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
____________
"__" __________ 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Председатель Национального банка
Республики Казахстан
____________
"__" __________ 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
____________
"__" __________ 2018 года

  Приложение к постановлению
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
от 28 августа 2018 года № 13/204
  Утверждена постановлением
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
от 7 августа1999 года № 19/222

Правила открытия специального временного счета и расходования средств избирательного фонда

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила открытия специального временного счета и расходования средств избирательного фонда разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 34 Конституционного закона "О выборах в Республике Казахстан" (далее – Правила) и регулируют порядок открытия специального временного счета и расходования средств избирательного фонда кандидатов в Президенты, депутаты Сената Парламента, депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов, выдвинутых по партийным спискам, а также акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов (далее - акимы).

      2. Денежные средства (деньги), образующие избирательный фонд кандидатов, аккумулируются на специальном временном счете, открываемых в банковских учреждениях (далее – банк второго уровня). Доходы по специальному временному счету не начисляются и не выплачиваются.

      3. Специальный временный счет (далее - спецсчет) – это текущий счет, открываемый в банке второго уровня, на основании договора банковского счета для целей, определенных Конституционным Законом "О выборах в Республике Казахстан" (далее – Конституционный закон).

Глава 2. Порядок открытия специального временного счета

      4. Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан (далее - Центризбирком) определяет банки второго уровня, имеющие филиалы во всех регионах Республики, в котором открываются и ведутся спецсчета избирательных фондов кандидатов.

      5. Центризбирком составляет договор банковского счета на открытие и ведение спецсчета и направляет письменное уведомление областным, городов республиканского значения, столицы, районным, городским, районным в городе избирательным комиссиям.

      Договор банковского счета содержит сведения, определенные пунктами 6, 7, 8, 9 и 10, 14, 22 Правил.

      6. Для открытия спецсчета избирательные комиссии предоставляют банку второго уровня или его филиалу сведения о регистрации кандидата или политической партии, в течение одного рабочего дня со дня их регистрации:

      1) Центризбирком – о кандидате (кандидатах) в Президенты Республики Казахстан, перечне политических партий, выдвинувших партийные списки при выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан;

      2) областные, городов республиканского значения и столицы избирательные комиссии – о кандидате (кандидатах) в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан;

      3) соответствующие территориальные избирательные комиссий - о перечне политических партий, выдвинувших партийные списки при выборах депутатов маслихатов, а также о кандидатах в акимы.

      При предоставлении информации настоящего пункта указываются предельные размеры средств, которые могут поступить на спецсчет кандидата, политической партии в том числе по источникам поступления, а также:

      о кандидатах – фамилия, имя и отчество (при наличии), дата их регистрации;

      о политических партиях – наименование, дата регистрации.

      7. Избирательный фонд кандидата в Президенты Республики Казахстан состоит из:

      1) собственных средств кандидата и средств, выделенных кандидату выдвинувшим его республиканским общественным объединением, общая сумма которая не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в двенадцать тысяч раз;

      2) добровольных пожертвований граждан и организаций Республики, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в пятнадцать тысяч раз.

      8. Избирательный фонд кандидата в депутаты Сената Парламента состоит из:

      1) собственных средств кандидата, общая сумма которых не превышает установленный законодательством Республики Казахстан размер минимальной заработной платы более чем в двести раз;

      2) добровольных пожертвований граждан и организаций Республики, общая сумма которых не превышает установленный законодательством Республики Казахстан размер минимальной заработной платы более чем в пятьсот раз.

      9. Избирательный фонд политической партии, выдвинувшей партийный список, при выборах депутатов Мажилиса Парламента состоит из:

      1) собственных средств политической партии, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в пять тысяч раз;

      2) добровольных пожертвований граждан и организаций Республики, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в десять тысяч раз;

      10. Избирательный фонд политической партии, выдвинувшей партийный список, при выборах депутатов маслихата состоит из:

      1) собственных средств политической партии, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в тысячу раз;

      2) добровольных пожертвований граждан и организаций Республики Казахстан, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в две тысячи раз.

      11. Избирательный фонд кандидата в акимы образуются из следующих источников:

      1) собственные средства кандидата, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в двадцать пять раз;

      2) добровольные пожертвования граждан и организаций Республики Казахстан, общая сумма которых не превышает установленный законодательством размер минимальной заработной платы более чем в пятьдесят раз.

      12. Спецсчет открывается в порядке, предусмотренном Правилами открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14422), при заключении между банком второго уровня и избирательным фондом кандидата или политической партии, выдвинувшей партийный список, договора банковского счета на основании заявления.

      Для открытия спецсчета в банке второго уровня кандидат в заявлении указывает следующие сведения:

      1) фамилия, имя и отчество (при наличии) кандидата;

      2) дата его рождения;

      3) данные документа, удостоверяющего личность кандидата, с указанием индивидуального идентификационного номера (далее - ИИН);

      4) адрес места жительства кандидата, его контактные данные и электронный адрес;

      5) наименование филиала банка второго уровня, в котором следует открыть спецсчет;

      6) иные сведения в соответствии с банковским законодательством Республики Казахстан.

      13. Для открытия спецсчета в банке второго уровня руководителем политической партии или лицом, уполномоченным решением руководящего органа политической партии или его филиалом (представительством), в заявлении указываются следующие сведения:

      1) полное наименование политической партии;

      2) фамилии, имя и отчество (при наличии) лиц, уполномоченных распоряжаться спецсчетом политической партии, их контактные данные и электронные адреса;

      3) юридический адрес;

      4) документ о государственной регистрации (перерегистрации) с указанием бизнес-идентификационного номера (далее - БИН) и банковские реквизиты;

      5) наименование филиала банка второго уровня, в котором следует открыть спецсчет.

      6) иные сведения в соответствии с банковским законодательством Республики Казахстан.

      14. Для открытия спецсчета в банке второго уровня, кандидат в акимы в заявлении указывает следующие сведения:

      1) фамилия, имя и отчество (при наличии) кандидата;

      2) дата его рождения;

      3) данные документа, удостоверяющего личность кандидата, с указанием ИИН;

      4) адрес места жительства кандидата, его контактные данные и электронный адрес;

      5) наименование филиала банка второго уровня, в котором следует открыть спецсчет;

      6) иные сведения в соответствии с банковским законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Порядок расходования денежных средств избирательных фондов

      15. Право распоряжения средствами избирательного фонда принадлежит исключительно кандидатам в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы или политической партии, выдвинувшей партийный список.

      Право подписи на финансовых и других документах, связанных с использованием средств избирательного фонда политической партии, выдвинувшей партийный список, принадлежит руководителю политической партии или лицу, уполномоченному решением руководящего органа политической партии или его филиалом (представительством).

      16. Кандидат в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, политическая партия, выдвинувшая партийный список, из средств своих избирательных фондов оплачивают расходы:

      1) на выступления в любых зарегистрированных средствах массовой информации;

      2) на организацию и проведение публичных предвыборных мероприятий (предвыборных собраний и встреч с избирателями, публичных предвыборных дебатов и дискуссий, митингов, шествий, демонстраций и иных предвыборных мероприятий), личных встреч кандидатов в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, маслихатов и их доверенных лиц, акимы, кандидатов, включенных в партийные списки, доверенных лиц политических партий, выдвинувших партийные списки, с избирателями;

      3) на выпуск и (или) распространение печатных, аудиовизуальных и иных агитационных материалов;

      4) на оплату услуг юридических и физических лиц по организации агитационной работы;

      5) на покрытие транспортных и командировочных расходов кандидатов в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента и их доверенных лиц, акимы, кандидатов, включенных в партийные списки, доверенных лиц политических партий, выдвинувших партийные списки, связанных с предвыборной агитацией;

      6) на изготовление для бесплатной раздачи печатных, в том числе иллюстративных материалов, а также значков, флагов, флажков и других знаков и символов, специально изготовленных для избирательной кампании.

      17. В случае снятия кандидатом своей кандидатуры, отзыва политической партией партийного списка или отмены решения о выдвижении кандидата, партийного списка или регистрации кандидата, партийного списка, банки второго уровня, поступившие в избирательный фонд деньги возвращают внесшим их гражданам и организациям. При этом расходы, связанные с возвратом указанных средств, покрываются за счет внесших их граждан и организаций.

      18. Банк второго уровня или его филиал в течение семи календарных дней предоставляют в соответствующую избирательную комиссию сведения о возврате денежных средств.

Глава 4. Отчет по использованию денежных средств избирательных фондов

      19. Контроль за расходованием средств избирательных фондов осуществляется соответствующими избирательными комиссиями и банками. По представлению соответствующих избирательных комиссий к контролю могут привлекаться иные государственные органы в соответствии с их компетенцией.

      20. Не позднее пяти календарных дней после установления итогов выборов кандидату, политической партии выдвинувшей партийный список, необходимо представить в соответствующую избирательную комиссию отчет об использовании средств своего избирательного фонда, в котором указываются источники денежных поступлений в избирательный фонд и все произведенные затраты.

      При этом представляется копия уведомления об открытии спецсчета, заверенная банком.

      21. Целевое расходование средств избирательных фондов обеспечивают кандидат в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, политическая партия, выдвинувшая партийный список.

      22. Кандидат в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, политическая партия, выдвинувшая партийный список, ведут учет поступления средств в свой избирательный фонд, а также учет их расходования. Учет ведется по каждому виду поступления с указанием даты, суммы в тенге и наименования конкретного физического и юридического лица, перечислившего эти средства. В реестре расходов записывается: дата поступления денег на счет, дата снятия денег в банке второго уровня, сумма, назначение платежа по каждому платежному документу.

      Банки второго уровня представляют соответствующей избирательной комиссии еженедельный отчет о поступлении средств на спецсчета и об их расходовании. По запросу соответствующей избирательной комиссии те же сведения представляются в течение двадцати четырех часов.

      23. Отчет о поступлении средств на спецсчета и их расходовании публикуется в средствах массовой информации два раза в месяц:

      при выборах Президента Республики Казахстан, депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан по партийным спискам - Центральной избирательной комиссией;

      при выборах депутатов Сената Парламента Республики Казахстан – областными (городов республиканского значения и столицы) избирательными комиссиями;

      при выборах депутатов маслихатов, акимов - территориальными избирательными комиссиями.

      24. Все финансовые операции по спецсчетам прекращаются в восемнадцать часов дня, предшествующего дню выборов.

      При проведении повторного голосования финансовые операции по спецсчетам кандидатов, в отношении которых проводится повторное голосование, возобновляются в день назначения дня повторного голосования и прекращаются в восемнадцать часов дня, предшествующего дню выборов. Общая сумма денег, поступивших в избирательный фонд со дня его образования, не может превышать пределы, установленные Конституционным законом.

      25. Две трети денежных средств избирательного фонда, оставшихся неизрасходованными на цели избирательной кампании, банк второго уровня или его филиал направляют в республиканский бюджет, а одну треть возвращают кандидату или политической партии, выдвинувшей партийный список. Сведения об этом представляются в Центризбирком или в соответствующую территориальную избирательную комиссию, которая принимает решение о принятии отчета.

      26. Отчеты представляются по формам указанным в приложениях 1, 2, 3 и 4 к Правилам, с приложением документов, подтверждающих расходование средств.

      27. Нарушение кандидатом, политической партией, выдвинувшей партийный список, порядка, установленного пунктами 1-8 статьи 34 Конституционного закона, а также Правилами влечет за собой отмену решения о регистрации кандидата, партийного списка, а после проведения выборов до регистрации кандидата в качестве Президента Республики Казахстан, депутата Парламента, депутата маслихата, члена иного органа местного самоуправления признание выборов по соответствующей территории или округу недействительными.

  Приложение 1
к Правилам открытия специального
временного счета и расходования
средств избирательного фонда
  Форма

Отчет о поступлении средств в избирательные фонды

      1. Ф.И.О. (при наличии) кандидата в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, полное наименование политических партий, в каком банковском учреждении открыт спецсчет.

      2. Общая сумма избирательного фонда ___________ тенге по состоянию на ___________ 20___год.

п/п

Дата поступления

Сумма в (тенге)

Источник поступления

Документы подтверждающие поступление

Назначение платежа



















      Примечание: Представляется банком второго уровня или его филиалом в соответствующую избирательную комиссию еженедельно, а по запросу соответствующей избирательной комиссии в течение двадцати четырех часов.

      Назначение платежа – описание по каждому платежному документу.

      Подписи:

      Руководитель Банка второго уровня: /Ф.И.О/ (при наличии)

      Главный бухгалтер: /Ф.И.О/ (при наличии)

  Приложение 2
к Правилам открытия специального
временного счетаи расходования
средств избирательного фонда
  Форма

Отчет о возврате средств в случае превышения установленных предельных размеров взносов, снятия кандидатом своей кандидатуры, отзыва партийного списка или отмены решения о выдвижении или регистрации кандидата, партийного списка

      1. Ф.И.О. (при наличии) кандидата в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, полное наименование политической партии, в каком банковском учреждении открыт спецсчет.

п/п

Дата и сумма поступления (в тенге)

Источник поступления

Назначение платежа

Документ подтверждающий поступление средств в банк

Дата возврата средств и документ, подтверждающий их возврат













      Примечание: Представляется банком второго уровня или его филиалом в соответствующую избирательную комиссию по мере безотлагательного возврата внесенных денежных средств.

      Назначение платежа - описание по каждому платежному документу.

      Руководитель Банка второго уровня: /Ф.И.О./ (при наличии)

      Главный бухгалтер: /Ф.И.О./ (при наличии)

  Приложение 3
к Правилам открытия специального
временного счета и расходования
средств избирательного фонда
  Форма

Отчет о расходовании средств избирательного фонда

      1. Ф.И.О. (при наличии) кандидата в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, полное наименование политической партии, в каком банковском учреждении открыт спецсчет.

      2. Остаток избирательного фонда _______________ тенге, по состоянию на ___________ 20__ год.

п/п

Дата

Сумма (в тенге)

Назначение платежа

Мероприятия, на которые израсходованы средства

Документы, подтверждающие расходование средств (номер и дата платежного документа)













      Примечание: Представляется банком второго уровня в соответствующую избирательную комиссию еженедельно, а по запросу соответствующей избирательной комиссии - в течение двадцати четырех часов.

      Назначение платежа – описание по каждому платежному документу.

      Руководитель Банка второго уровня: /Ф.И.О./ (при наличии)

      Главный бухгалтер: /Ф.И.О./ (при наличии)

  Приложение 4
к Правилам открытия специального
временного счета и расходования
средств избирательного фонда
  Форма

Отчет кандидата в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы, политических партий об использовании средств избирательного фонда после установления итогов выборов

      1. Источники денежных поступлений в фонд: (представляются отчеты с приложением документов, подтверждающих поступление средств).

      2. Затраты, совершенные в целях предвыборной агитации: (представляются отчеты с приложением документов, подтверждающих расходование средств).

      3. Остаток средств избирательного фонда ________ тенге по состоянию на ________ 20__год.

      4. Перечислено в республиканский бюджет две трети остатка в сумме _____ тенге (дата и № платежного документа).

      5. Возвращено кандидату в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, политической партии одна треть остатка в сумме _______ тенге (дата и номер платежного документа).

      Примечание: Представляют кандидаты в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, политические партии в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан не позднее пяти дней после установления итогов выборов с копией спецсчета, заверенной банком второго уровня.

      Отчет заверяется

      Подписью руководителя Банка второго уровня: /Ф.И.О/ (при наличии) М.П.

      Подписью кандидата в Президенты Республики Казахстан, депутаты Сената Парламента, акимы: /Ф.И.О/ (при наличии) М.П.

      Подписью руководителя партии или лица уполномоченного коллективным органом партии: /Ф.И.О/ (при наличии)

      Подписью Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан: /Ф.И.О/ (при наличии) М.П.