БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Дайындық бөлімдеріне түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға (бұдан әрі – КТ) өтініштерді қабылдауды күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары жүргізеді.
11. КТ күнтізбелік жылғы 10 – 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Білім беру дайындығының деңгейін арттыру бойынша оқыту үшін КТ математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша өткізіледі.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тілдік дайындығын күшейтумен қоса дайындық бөлімдерінде оқу үшін КТ: "Ағылшын тілі" пәні және келесідей жаратылыстану-математика циклы пәндерінің біреуі бойынша өткізіледі "Биология", "Физика", "Химия".
17. Білім беру дайындығының деңгейін арттыру бойынша оқу үшін КТ тапсырмаларының саны:
1) математикалық сауаттылық бойынша – 20;
2) оқу сауаттылығы бойынша (оқу тілі) – 20.
КТ ұзақтығы - 1 сағат 20 минут.
Математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының нысаны ұсынылған бес жауаптан бір жауап таңдалатын тапсырма.
Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап бір балмен бағаланады.
Баллдары тең болған жағдайда, аттестаттың орташа балы жоғары тұлғаларға басымдық беріледі.
Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні хабарланады.".
мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Тілдік дайындығын күшейтумен қоса дайындық бөлімдеріне оқу үшін КТ тапсырмаларының саны:
1) ағылшын тілі бойынша – 30;
2) "Биология", "Физика", "Химия" жаратылыстану-математика циклы пәндері пәндері бойынша – 30.
КТ ұзақтығы - 2 сағат.
Ағылшын тілі және "Биология", "Физика", "Химия" жаратылыстану-математика циклы пәндері пәндері бойынша тест тапсырмаларының нысаны жиырма тапсырма ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауап және он тапсырма ұсынылған жауаптан бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар.
Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда әрбір тест тапсырмасы бір балмен бағаланады.
Ұсынылған бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
бір дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар екі немесе одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.
Баллдары тең болған жағдайда, аттестаттың орташа балы жоғары тұлғаларға басымдық беріледі.
Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні хабарланады.";
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ЖОО-ның дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау туралы Комиссия шешімі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және конкурстық іріктеуден өткен шетелдіктердің, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың назарына 25 қыркүйекке дейінгі мерзімде ЖОО жеткізеді.
22. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 25-28 қыркүйек аралығында өткізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |