РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Беріліп отырған Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"___"_________ 2018 жыл
Бекітілді Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығы |
Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты
________ қаласы, облысы №___ 20__жылғы "__"____ _____ сериясы__
Бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталатын, бір тараптан, ________________________________
_______________________________________________________________________________,
(сақтандыру ұйымының атауы)
____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
________________________________________________________________________________
(сақтандырушы өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)),
және бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталатын, екінші тараптан,
________________________________________ заң консультанттары палатасы
(заң консультанты палатасының атауы) мүшелерінің тізілімінде тіркелген,
заң консультанты_________________________________________________________________
(заң консультантының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))
бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде осы Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1 Бөлім. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Шартта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Пайда алушы ‒ осы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
2) Сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы болған кезде осы Шарт пайдасына жасалған тұлғаға (Пайда алушы) осы Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
3) Сақтанушы ‒ Сақтандырушымен осы шартты жасасқан заң консультанты;
4) Сақтандырылған адам ‒ өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Осы шартта Сақтанушы бiр мезгiлде Сақтандырылған адам болып табылады.
4-1) Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.
5) сақтандыру объектісі ‒ Сақтанушының (Сақтандырылған адамның) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілген тұлғаға қызметті жүзеге асыруға байланысты келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері.
6) сақтандыру сомасы ‒ сақтандыру объектiсі және сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.
7) сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушы Сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемелерiн қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы.
8) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының Пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
9) үшiншi тұлға – Шарттың тарабы болып табылмайтын, шартқа сәйкес заң консультанты заң көмегін көрсеткен және абайсызда өзінің кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген тұлға;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 19.12.2019 № 601 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 Бөлім. Шарттың нысанасы
2. Осы Шарт бойынша Сақтанушының (Сақтандырылған адамның) қызметін жүзеге асыру нәтижесінде үшінші тұлғаларға шартқа сәйкес заң көмегін көрсету кезінде келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделерiн сақтауды Сақтанушы береді, ал Сақтандырушы қабылдайды.
3 Бөлім. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
3. Осы Шарт бойынша Сақтандыру сомасы Занңың 77-бабы 5-тармағына сәйкес _____________ (жазбаша түрде) теңгені кұрайды.
4. Сақтанушы келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейдi.
5. _____________ (жазбаша түрде) теңгені кұрайтын Сақтандыру сыйақысы Шартқа Тараптардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қол қойған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде біржолғы төлем ретінде Сақтандырушының банк шотына ақша аудару жолымен не қолма-қол төлеммен Сақтандырушының кассасына төлеуге жатады.
6. Сақтандыру сыйақысы төленген күн деп ақшаның Сақтандырушының банк шотына немесе кассасына түскен күн саналады.
4 Бөлім. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
7. Сақтанушы не болмаса үшінші тұлға сақтандыру төлемi туралы талапты Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алғанын дәлелдейтін құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түрде ұсынады.
8. Сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі (теңге).
9. Сақтандыру төлемі Сақтанушыдан барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтандырушымен жүзеге асырылады.
5 Бөлім. Сақтандыру жағдайлары
10. Шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсетуі кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
11. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;
4) Сақтанушы (Сақтандырылған адам) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) Сақтандырылған адамның заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.12.2019 № 601 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Егер шартқа сәйкес құқықтық көмек көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян, Сақтанушының (Сақтандырылған адамның) кәсіби міндеттерін абайсызда бұзуының нәтижесінде болғаны анықталған сәттен бастап сақтандыру жағдайы басталды деп есептеледi.
13. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтірген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) міндетіне жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.12.2019 № 601 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6 Бөлім. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
14. Сақтандырушы:
1) құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;
2) сақтандыру жағдайы басталған жағдайда келтірілген зиян мөлшерін анықтауға және сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға құқылы;
15. Сақтандырушы:
1) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
2) сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы сақтандыру сыйлықақысын ақшасыз түрде төлеуге мүмкіндік беруге (сақтандыру шарты электронды түрде жасалған кезде);
3) сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемін жасауға;
4) өзі тартқан бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) қызметіне ақы төлеуге;
5) сақтандыру жағдайының туындаған фактісін және сақтандырушы өтейтін зиян сомасын растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, өтініш берушіге оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеткіліксіз және (немесе) дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып хабарлауға;
6) Сақтанушы немесе Пайда алушы болып табылатын үшінші тұлға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;
7) Сақтанушының (Пайда алушының) өтінішін алған кезде 5 (бес жұмыс) күні ішінде Сақтанушының (Пайда алушының) талабын қарауға және дауды реттеудің келесі тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап беруге;
8) Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру омбудсманына жіберілген өтініштерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.
16. Сақтанушы:
1) Сақтандырушыдан Шарт бойынша сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Сақтандырушыға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы) талаптарын көрсете отырып жазбаша түрде өтініш пен қоса талаптарын растайтын құжаттарды жіберуге, немесе шарттан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына немесе Сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш беруге құқылы.
17. Сақтанушы:
1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзiмде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
2) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға;
3) заң консультантының заң көмегін көрсету кезінде келтірілген зиянды өтеу туралы үшінші тұлғаның талап ету фактісі өзіне белгілі болған кезден бастап дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға бұл туралы қол жетімді жолмен (ауызша, жазбаша түрде) хабарлау қажет. Ауызша түрдегі хабарлама кейін (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуы тиіс. Егер Сақтанушы көрсетілген әрекеттерді дәлелді себептермен орындамаса, ол бұны құжатпен растауы тиіс;
4) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынуға;
5) сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға (заң көмегін көрсетуге байланысты үшінші тұлғаға келтірілген шығындардың тарихын, Сақтанушының сәйкестендіруші және оның заң консультанты өкілеттігін растайтын құжаттарды);
6) сақтандыру жағдайы туралы құжаттаманы, оның ішінде заң консультантына заң көмегі үшін ақы төлеуін растайтын құжаттар ұсынуға міндетті.
18. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
19. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
7 Бөлім. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
20. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) Сақтанушының, Сақтандырылған адамның және (немесе) Пайда алушының, қажетті қорғану және (немесе) аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекетінің салдарынан;
2) Сақтанушының, Сақтандырылған адамның және (немесе) Пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан;
3) сақтандыру жағдайының туындауына немесе оның басталуына ықпал ететін үшiншi тұлғалардың қасақана әрекеттерiнен;
4) үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан;
21. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:
1) Сақтанушының Сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;
2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбауы;
3) Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;
4) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы Сақтандырушыға хабарламау;
5) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ Сақтандырушыға талап ету құқығын өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы. Егер сақтандыру өтемi ендiгi төленiп қойған болса, Сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы;
6) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
22. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөнiндегi мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.
23. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы өтінішті және құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
8 Бөлім. Форс-мажорлық жағдайлар
24. Егер дүлей апаттарды, әскери iс-қимылды, ядролық жарылыстың әсерiн, көтерiлiстердi, халықтық толқуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шараларын қоса алғанда, еңсерiлмейтiн күш салдарынан тиiстi орындау мүмкiн болмаса, егер осы мән-жайлар Тараптардың осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына тiкелей әсер етсе, Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
25. Еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудың мүмкiндiгi болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнiнен кешiктiрмей екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге және тиiстi айғақтар ұсынуға мiндеттi.
26. Форс-мажорлық жағдайлар құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті құжаттарымен немесе ресми мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы расталуға тиіс.
27. Тиiсiнше хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босататын негiздеме ретiнде жоғарыда көрсетiлген кез келген мән-жайға сүйену құқығынан айырады.
28. Егер еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары бiр айдан астам жалғасатын болса, Тараптардың кез келгенi осы Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
9 Бөлім. Шарттың қолданылу мерзiмi және орны
29. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшiне енедi және Тараптар үшiн мiндеттi болады және 20__ жылдың "__" _____ дейін қолданылады.
30. Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңi Шарттың қолдану мерзiмiмен сәйкес келедi.
31. Осы Шартқа сәйкес Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
10 Бөлім. Шартқа өзгерiстер енгiзу мен тоқтатылуы
32. Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде рәсімделген және Тараптар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күші болады.
33. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:
1) осы Шарттың қолдану мерзiмi аяқталған;
2) Шарттың 5-бөлімінде көрсетілген сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады.
34. Осы Шарттың тоқтатылуы Шарттың қолданысы кезеңінде сақтандыру жағдайы деп танылған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушыны Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндетінен босатпайды. Сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу кезеңінде орын алған кезде, оны жасасқан Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
35. Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда Шарт мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
11 Бөлім. Тараптардың жауапкершiлiгi
36. Тараптар өздерiнiң осы Шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.
12 Бөлім. Қорытынды ережелер
37. Тараптар арасында осы Шарт бойынша туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
38. Келісімге келмеген Тараптардың келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
13 Бөлім. Тараптардың деректемелері
"САҚТАНДЫРУШЫ" | "САҚТАНУШЫ" | ||
Атауы: __________________________ | Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда): _____________ | ||
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі _________________________________ | Мекен-жайы: __________________ | ||
Жеке сәйкестендіру коды _________________________________ | Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________ | ||
Банктік - сәйкестендіру коды |
Байланыс телефон нөмірі ________ | ||