РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағы 19-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. 27 МГц диапазонындағы қуаты екі ваттқа дейін РЭҚ пен осы Қағидалардың 1-қосымшасының 19-жолағында көрсетілген шағын қуатты тасымалдау РЭҚ-ты байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдалануға жол берілмейді.";
26, 27 және 28-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"26. РЖС пайдалану рұқсаты Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемді төлеген жағдайда қолданыста болады.
27. РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.
28. РЖС пайдаланатын орны бойынша аумақтық бөлімшелері жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, қолданыстағы РЖС рұқсатына хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей Портал арқылы жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2018 жылғы "29" тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы "5" қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
2018 жылғы "28" тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
2018 жылғы "28" тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2018 жылғы "12" қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы "19" қыркүйек