"Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қазанда № 17597 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.12.2018 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 10064 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (27888)) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және берілген, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер көлік құралдарын қайта тіркегенге дейін жарамды болып табылады деп белгіленсін.

      Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап кезең-кезеңмен беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлігінің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі полиция
      генерал-полковнигі Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 17 қазандағы
  № 711 бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2014 жылғы 8 желтоқсандағы
  № 874 бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілері

      Беткі жағы



      Сыртқы жағы



      Көлік құралын тіркеу куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі;

      2) куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі;

      3) куәліктің берілген күні;

      4) маркасы, моделі;

      5) көлік құралының шыққан жылы;

      6) санаты (басқару құқығы/көлік құралы);

      7) есептен шығарылғаны туралы белгі;

      8) сәйкестендіру нөмірі (VIN, шанақ, шасси);

      9) жүктемесіз массасы kg.;

      10) қозғалтқыштың көлемі, см. куб.;

      11) рұқсат етілген max массасы, kg;

      12) көлік құралының түсі;

      13) көлік құралының иесі;

      14) тұрғылықты жері;

      15) ерекше белгілері;

      16) бастапқы тіркелген күні;

      17) көлік құралын қайта жабдықтау түрлері туралы мәліметтер;

      18) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      19) көлік құралын тіркеу органының атауы;

      20) дайындаушы ел;

      21) өзге де мәліметтер.

      Қажеттілігіне қарай, жолдар өзгертілуі және қосылуы мүмкін.

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарына көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі.

р/с

Өңірдің атауы

Әріптік белгілеу

1

Астана қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Ақмола облысы

C

4

Ақтөбе облысы

D

5

Алматы облысы

B

6

Атырау облысы

E

7

Батыс Қазақстан облысы

L

8

Жамбыл облысы

H

9

Қарағанды облысы

M

10

Қостанай облысы

P

11

Қызылорда облысы

N

12

Маңғыстау облысы

R

13

Түркістан облысы

X

14

Павлодар облысы

S

15

Солтүстік Қазақстан облысы

T

16

Шығыс Қазақстан облысы

F

17

Шымкент қаласы

Y

18

Резерв

G, Q, W


О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 874 "Об утверждении форм и образцов бланков водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 октября 2018 года № 711. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 октября 2018 года № 17597

      Примечание РЦПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 1 декабря 2018 года.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 874 "Об утверждении форм и образцов бланков водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10064, опубликован 21 января 2015 года № 12 (27888)) в газете "Казахстанская правда" следующее изменение:

      пункт 3 изложить в следующей редакции.

      "3. Установить, что свидетельства о регистрации транспортных средств, изготовленные и выданные до введения в действие настоящего приказа, являются действительными до перерегистрации транспортных средств.

      Свидетельства о регистрации транспортных средств выдаются поэтапно с 1 декабря 2018 года.";

      образец свидетельства о регистрации транспортного средства Республики Казахстан, утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 декабря 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
генерал-полковник полиции
К. Касымов

  Приложение 1
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 17 октября 2018 года № 711
  Приложение 2
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 8 декабря 2014 года № 874

Образцы свидетельства о регистрации транспортного средства Республики Казахстан

Лицевая сторона

     



Оборотная сторона

     


      Интегральная микросхема свидетельства регистрации транспортного средства содержит следующие сведения:

      1) Государственный регистрационный номерной знак;

      2) Серия и регистрационный номер свидетельства;

      3) Дата выдачи свидетельства;

      4) Марка, модель;

      5) Год выпуска транспортного средства;

      6) Категория (на право управления/транспортного средства;

      7) Отметка о снятии с учета;

      8) Идентификационный номер (VIN, кузов, шасси);

      9) Масса без нагрузки, kg.;

      10) Объем двигателя, см. куб.;

      11) Разрешенная max масса, kg;

      12) Цвет транспортного средства;

      13) Владелец транспортного средства;

      14) Место жительства;

      15) Особые отметки;

      16) Дата первичной регистрации;

      17) Сведения о видах переоборудования транспортного средства;

      18) Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер;

      19) Наименование органа регистрации транспортного средства;

      20) Страна изготовитель;

      21) иные сведения.

      По мере необходимости, поля могут изменяться и добавляться.

      Примечание: За городами Астана, Алматы, Шымкент и областями Республики Казахстан для обозначения серий бланков свидетельств о регистрации транспортных средств закрепляются следующие буквенные обозначения в латинской транскрипции.

п/п

Наименование региона

Буквенное обозначение

1

город Астана

Z

2

город Алматы

A

3

Акмолинская область

C

4

Актюбинская область

D

5

Алматинская область

B

6

Атырауская область

E

7

Западно-Казахстанская область

L

8

Жамбылская область

H

9

Карагандинская область

M

10

Костанайская область

P

11

Кызылординская область

N

12

Мангистауская область

R

13

Туркестанская область

X

14

Павлодарская область

S

15

Северо-Казахстанская область

T

16

Восточно-Казахстанская область

F

17

город Шымкент

Y

18

Резерв

G, Q, W