БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі.";
2) тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядан жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 506 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына 1-қосымша |
Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі
Коды | Білім беру бағыты, мамандық және біліктілік атауы |
Сырттай және кешкі оқыту нысандарында алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтар | |
1. 0100000 – Білім беру | |
0102000 | Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру (деңгей бойынша) |
0103000 | Дене тәрбиесі және спорт |
0104000 | Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) |
0105000 | Бастауыш білім беру |
0108000 | Музыкалық білім беру |
0109000 | Өмір қауіпсіздігі және валеология |
0110000 | Білім беру ұйымдарындағы зертханашы |
0111000 | Негізгі орта білім беру |
0112000 | Исламтану |
0113000 | Теология |
2. 0300000 – Медицина, фармацевтика | |
0301000 | Емдеу ісі |
0302000 | Медбикелік іс |
0303000 | Гигиена және эпидемиология |
0304000 | Стоматология |
0305000 | Лабораториялық диагностика |
0306000 | Фармация |
0307000 | Ортопедиялық стоматология |
0308000 | Медициналық оптика |
3. 0400000 – Өнер және мәдениет | |
0402000 | Дизайн (бейін бойынша) |
0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) |
0407000 | Ән салу |
0408000 | Хореография өнері |
0409000 | Актерлік өнер |
0410000 | Цирк өнері |
0414000 | Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) |
0415000 | Зергерлік ісі (салалар бойынша) |
4. 0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару | |
0502000 | Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) |
0503000 | Слесарлық іс |
0504000 | Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу |
0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика |
0507000 | Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру |
0513000 | Маркетинг (салалар бойынша) |
0511000 | Туризм (салалар бойынша) |
5. 0700000 – Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру | |
0701000 | Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау (түрлері бойынша) |
0702000 | Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы |
0704000 | Пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың геофизикалық тәсілдері |
0705000 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу |
070501 2 | Тау-кен қазба машиналарының машинисі |
070502 2 | Жерасты тау-кен жұмысшысы |
070503 2 | Бекітуші |
070504 2 | Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы |
070505 2 | Бұрғылау қондырғысының машинисі |
070506 2 | Жерасты қондырғысының машинисі |
070507 2 | Тау-кен қазбаларын жөндейтін тау-кен жұмысшысы |
070508 2 | Дизель пойызының машинисі |
070509 2 | Электровоз машинисі |
070510 2 | Жер асты тау-кен монтажшысы |
070513 1 | Жүк тиегіш машинаның машинисі |
070514 1 | Үңгілеуші |
070515 1 | Скреперлік шығыр машинисі |
070517 2 | Толық қималы шахта оқпандарын бұрғылау жөніндегі құрылғы машинисі |
070518 2 | Көтеруші машинаның машинисі |
070519 2 | Жарушы |
070520 1 | Тиеп-жеткізуші машина машинисі |
070523 3 | Техник-гидрогеолог |
070524 2 | Скважина бұрғылаушы |
070525 1 | Тау жынысын тиегіш машина машинисі |
070529 2 | Дизельді жетегі бар тиегіш машинисі |
0706000 | Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу |
070601 2 | Экскаватор машинисі |
070602 2 | Экскаватор машинисінің көмекшісі |
070603 2 | Бұрғылау қондырғысының машинисі |
070605 2 | Сығымдағыш қондырғының машинисі |
070606 2 | Вибротиеу қондырғысы машинисі |
070607 2 | Конвейер машинисі |
070608 2 | Ұсатқыш қондырғылары машинисі |
070609 2 | Роторлы экскаватор машинисі |
070610 2 | Қатар қалыптастырғыш машинаның машинисі |
070611 2 | Жабдықтарды жөндеу жөніндегі кезекші электр слесарі (слесарі) |
070612 2 | Слесарь-жөндеуші |
070613 2 | Электровоз машинисі |
070614 2 | Тепловоз машинисі |
070615 2 | Электровоз машинисінің көмекшісі |
070616 2 | Тепловоз машинисінің көмекшісі |
070617 2 | Электрослесарь-байланыстырушы |
070618 1 | Үйінді көпір машинисі |
070619 2 | Бульдозер машинисі |
070623 1 | Жарушы |
070621 1 | Қимадағы тау-кен жұмысшысы |
070625 1 | Габаритті емес тау массаларын қопару қондырғысының машинисі |
070627 1 | Қоректендіргіш машинисі |
070628 1 | Күйдіруші |
0707000 | Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
070701 2 | Жерасты электр слесарі |
070702 2 | Көтергіш машинаның машинисі |
070703 2 | Жерасты тау-кен монтажшысы |
070704 2 | Жерасты қондырғыларының машинисі |
070705 2 | Үздіксіз жұмыс істейтін көтергіш-көлік құралдарын монтаждаушы |
070706 2 | Жабдықтарды жөндеу жөніндегі кезекші электр слесарі (слесарі) |
070707 2 | Электр монтаждаушы-реттеуші |
070708 2 | Электровоз машинисінің көмекшісі |
070709 2 | Дизельпойыз машинисінің көмекшісі |
070710 2 | Конвейер машинисі |
070711 2 | Автоматика мен өлшеуіш құралдарын жөндейтін және қызмет көрсететін электр слесарі |
070712 2 | Электр қондырғыларына қызмет көрсететін электр жөндеушісі |
070713 2 | Қайта тиегіштердің машинисі |
070714 2 | Сығымдағыш қондырғының машинисі |
070715 2 | Вакуумдық қондырғылар машинисі |
070716 2 | Сорғы қондырғыларының машинисі |
070717 2 | Гидромониторшы |
070718 2 | Жерасты тау-кен қазба жабдықтарын монтаждаушы электр слесарі |
070720 2 | Экскаватор машинисі |
070721 2 | Бұрғылау қондырғысының машинисі |
070722 2 | Экскаватор машинисінің көмекшісі |
070723 2 | Ұсатқыш қондырғылар машинисі |
070724 2 | Роторлы экскаватор машинисі |
070725 2 | Қатар қалыптастыратын машина машинисі |
070727 2 | Қазып суыратын тау-кен машинасының машинисі |
070728 2 | Слесарь-жөндеуші |
070729 2 | Вибротиеу қондырғысы машинисі |
0708000 | Пайдалы қазбаларды байыту (көмір байыту) |
070805 2 | Басқару пультінің операторы |
070811 2 | Қоюлатқыштар аппаратшысы |
0709000 | Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) |
070905 2 | Диірмен машинисі |
070906 2 | Жуу машиналарының машинисі |
070909 2 | Байыту өнімін бақылаушы |
070911 2 | Сұрыптаушы |
070912 2 | Құрал-жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жөндеу слесарі |
070913 2 | Агрегат жөндеу слесарі |
070914 2 | Басқару пультінің операторы |
070917 2 | Минералогиялық талдау зертханашысы |
070918 3 | Техник-технолог |
0710000 | Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
071001 2 | Уату-ұнтау жабдығын және сұрыптау мен байытуға арналған жабдықты монтаждаушы |
071002 2 | Ұсату-ұнтақтау жабдығының және сұрыптау механизмінің машинисі |
071003 2 | Слесарь-жөндеуші |
071004 2 | Ашық кеніш электровозы машинисінің көмекшісі |
071005 2 | Ашық кеніш дизельді пойызы машинисінің көмекшісі |
071006 2 | Конвейер машинисі |
071007 2 | Автоматика мен өлшеуіш құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі |
071008 2 | Электр қондырғыларын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері |
071009 2 | Қайта тиегіштер машинисі |
071010 2 | Компрессорлық қондырғылар машинисі |
071011 2 | Сорғы қондырғыларының машинисі |
071012 2 | Гидромониторшы |
071014 2 | Үйінді жасаушы машинисі |
071015 2 | Скрепер машинисі |
071016 2 | Жер асты суын сору қондырғыларының машинисі |
071017 2 | Бұрғылау қондырғысының машинисі |
071018 2 | Экскаватор машинисі |
0711000 | Маркшейдерлік іс |
0712000 | Жер асты құрылымдарының құрылысы |
071201 2 | Өту жолы кешенінің машинисі |
071202 2 | Үңгілеуші |
071203 2 | Шпур бұрғылаушы |
071204 2 | Тау-кен қазып суыратын машина машинисі |
071205 2 | Тиегіш машина машинисі |
071206 2 | Жер асты тау-кен жұмысшысы |
071207 2 | Бұрғылау қондырғысының машинисі |
071210 2 | Толық қимамен шахта оқпандарын бұрғылауға арналған құрылғылардың машинисі |
071211 2 | Тау-кен жабдықтарын монтаждаушы |
071212 2 | Топырақты қатыруға арналған тоңазытқыш қондырғылардың машинисі |
071213 2 | Үстіңгі жұмыстардағы үңгілеуші |
6. 0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі | |
0801000 | Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) |
0803000 | Компрессорлық стансалар мен жер асты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету |
0804000 | Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау |
0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) |
0810000 | Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары мен жанар май құю станцияларын салу және пайдалану |
0811000 | Химиялық талшықтар өндірісі |
0812000 | Резеңке-техникалық өндірісі |
0813000 | Шина өндірісі және вулканизация процесі |
0814000 | Полимерлік өндіріс технологиясы |
0815000 | Тұтқыр және сусымалы материалдарды химиялық өндіретін машиналар мен жабдықтарды пайдалану |
0817000 | Коксохимиялық өндіріс |
0819000 | Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы |
0820000 | Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумды техника |
7. 0900000 – Энергетика | |
0901000 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) |
090101 2 | Электромонтер (барлық атаулар) |
090102 2 | Электр станцияларындағы электр жабдықтарын жөндеуші электр слесарі |
090103 2 | Күштік тораптар мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы |
0902000 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) |
0904000 | Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
0906000 | Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары |
090601 2 | Қазандық жабдықтарын аралаушы машинист |
090602 2 | Турбиналы жабдықтарды аралаушы машинист |
8. 1000000 – Металлургия және машина жасау | |
1001000 | Домна пештерін жөндеу және қызмет көрсету |
1002000 | Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша) |
1003000 | Түсті металдар металлургиясы |
1004000 | Құю өндірісі |
1005000 | Болатты пештен тыс өңдеу |
1007000 | Отқа төзімді заттар өндірісі |
1009000 | Прокаттау өндірісі |
1010000 | Құбыр өндірісі |
1011000 | Автоматты желілер және агрегаттық станоктар |
1012000 | Икемді автоматты желілер |
1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика |
1015000 | Машина жасаудағы монтаж және автомобильді сынау |
9. 1100000 – Көлік (салалар бойынша) | |
1101000 | Ұшу аппараттарының өндірісі |
1102000 | Авиациялық құралдар өндірісі |
1103000 | Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету |
1105000 | Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша) |
1107000 | Көтергіш- көлік, құрылыс- жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша) |
1108000 | Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) |
1109000 | Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) |
1110000 | Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер |
1111000 | Ұсталық-тығыздау жабдығы |
1112000 | Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану |
1113000 | Металлургиядағы машиналар мен жабдықтар |
1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) |
1115000 | Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша) |
1116000 | Геологиялық барлау жабдығы |
1117000 | Электрондық техника өндірісіне арналған жабдық |
1118000 | Тамақ, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары |
1119000 | Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар |
1120000 | Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) |
1121000 | Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
10. 1200000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану | |
1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
120107 2 | Автокөлік жөндеу слесарі |
120109 2 | Көлік жөндеу шебері |
1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) |
1203000 | Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару |
120301 2 | 4-ші және 5-ші кластардың теміржол стансасының кезекшісі |
120304 1 | Пойыздарды құрастырушы |
120306 2 | Жүк пен багажды қабылдап алушы |
120307 1 | Дабыл беруші |
1204000 | Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша) |
1205000 | Әуе жол көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану |
1207000 | Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы |
1208000 | Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы |
1209000 | Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) |
1210000 | Мата емес тоқыма материалдар технологиясы |
1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу |
1212000 | Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша) |
1213000 | Үлбір және қой-тон бұйымдарын өндіру технологиясы |
1214000 | Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдарының технологиясы |
1215000 | Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдығы |
1216000 | Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі |
1217000 | Темекі өндірісі |
1218000 | Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары |
1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі |
1220000 | Қант өндірісі |
1221000 | Балық өндірісі |
1222000 | Консервілер және тағам концентраттары өндірісі |
1223000 | Сыра, алкогольсыз және спиртті ішімдіктер өндірісі |
1224000 | Сүт өнімдерінің өндірісі |
1225000 | Ет және ет өнімдерінің өндірісі (түрлері бойынша) |
1226000 | Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру |
1227000 | Полиграфия өндірісі |
1231000 | Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету |
1232000 | Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі |
1233000 | Фарфор және фаянс бұйымдарын дайындау |
1234000 | Керамикалық өндіріс |
1235000 | Әрлеу өндірісі (бейін бойынша) |
1236000 | Былғары мен теріні химиялық өңдеу |
1237000 | Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу |
11. 1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника | |
1303000 | Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару |
1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) |
130406 3 | Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник |
130408 2 | Электрондық-есептеу машиналарын баптаушы |
1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) |
130601 2 | Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер |
130602 2 | Телефон байланысының электр монтері |
130603 2 | Байланыс операторы |
130605 2 | Байланысты монтаждаушы-кабелші |
130606 2 | Пошта жабдықтарының электромехнигі |
1307000 | Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану |
1308000 | Автоматтандырылған байланыс жүйесін пайдалану |
1309000 | Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар (түрлері бойынша) |
12. 1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | |
1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану |
140101 2 | Тас қалаушы |
140102 2 | Ағаш ұстасы |
140103 2 | Құрылыс шебері |
140104 2 | Сылақшы |
140105 2 | Бояушы |
140106 2 | Бетоншы |
140107 2 | Арқаулаушы |
140108 2 | Пеш салушы |
140109 2 | Қаптаушы-мәрмәрші |
140110 2 | Қаптаушы-тасшы |
140111 2 | Қаптаушы-өрнектеуші |
140112 2 | Қаптаушы-жылтыратушы |
140113 2 | Рулонды және дана материалдардан жасалған жапқыштармен төбе жабушы |
140114 2 | Болат жапқыштармен төбе жабушы |
140115 2 | Болат және темір бетон құрылымдарды монтаждау жөніндегі монтаждаушы |
140116 2 | Паркетші |
140117 2 | Стропальші |
140118 2 | Құрылыс слесарі |
140119 2 | Құрылыс электр слесарі |
140120 2 | Құрылыстың құрғақ әдісі жөніндегі маманы |
140122 2 | Қаңқа-қаптауыш құрылымдарды монтаждаушы |
140124 2 | Кең бейінді құрылыс шебері |
140125 2 | Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері |
140126 2 | Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері |
140128 2 | Сылау-сырлау жұмыстары бойынша реттеуші-оператор |
140129 2 | Құрылыс-сәндік жұмыстар бойынша маман |
1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) |
1403000 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) |
1404000 | Сумен қамтамасыздандыру және су бұрғыш жүйелерінің тазартқыш ғимараттары |
1405000 | Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану |
1406000 | Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау |
1409000 | Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы |
1413000 | Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша) |
1414000 | Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша) |
1415000 | Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) |
1416000 | Қалдықтарды қайта өңдеу |
13. 1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | |
1502000 | Агрономия |
1503000 | Өсімдік шаруашылығы |
1504000 | Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) |
1505000 | Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) |
1507000 | Ара өсіру және жібек шаруашылығы |
1508000 | Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) |
1511000 | Жерге орналастыру |
1512000 | Зоотехния |
1513000 | Ветеринария |
1514000 | Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша) |
1516000 | Өрт қауіпсіздігі |
1517000 | Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша) |
151701 2 | Ілгектеуші |
151702 2 | Такелажшы |
151705 2 | Кинолог |
151707 2 | Өнеркәсіптік альпинист |
151708 2 | Сүңгуір |