БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 - бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібін белгілейді.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстан тыс негізде жүзеге асырылады.";
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:
1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы құрылады.
Алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқарламасының, қаланың (ауданның) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.
Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.
Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия мынадай:
1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;
2) осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:
1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.
Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.";
мынадай мамұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурс негізінде жүзеге асырылады.";
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 15740 нөмірімен тіркелген) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.";
20, 21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;
2) өндірістік оқыту мен практикадан өту туралы кәсіпорындармен шарттардың болуы;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштердің деңгейінің шекті мәнінен төмен болмауы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштер деңгейінің шекті мәнін Комиссия анықтайды.
21. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы күнтізбелік жылдың 20 наурызына дейін қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады. Хаттамамаға Комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия отырысын өткізу барысында аудио (бейне) жазба жүзеге асырылады.
Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен және ЖАО-ның қаулысымен күнтізбелік жылдың 20 сәуіріне дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі мамандықтар мен мемлекеттік тапсырыстың көлемін көрсете отырып, бекітіледі.
22. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.";
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Конкурс өткiзу үшiн құрамы Министрдiң немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекiтiлетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Министр немесе оның міндетін атқарушы Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, салалық қауымдастықтың, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының және/немесе Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдерінен құрылады. Комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия жұмысы барысында аудио немесе бейне жазу жүргізіледі. Дауыс бірдей болған жағдайда Комиссия төрағаның дауысы басты болып табылады.";
32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші шекті мәннен төмен емес жоғары оқу орындары қатысады.
Жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.
Ерекшелік Білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілген жаңа білім беру бағдарламалары, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖОО-ны құрайды. Бұл ретте ЖОО-лардың тізбесін Комиссия айқындайды.
33. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы алғашқы рет енгізілген бағыттарды қоспағанда, тиісті бағыт бойынша білім алушылар контингентінің болуы;
2) ЖОО-ларды кадрлық қамтамасыз ету және ғылыми-білім беру процесін материалдық – техникалық қамтамасыз етуі;
3) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;
4) ЖОО-да жүргізілген ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен деңгейі (ЖОО үшін);
5) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мүмкіндігі;
6) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
7) бітірушінің жұмыспен қамтылуы және қажеттілігі;
8) ЖОО-лардың халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;
9) ЖОО орны "Атамекен" ҰКП өткізетін рейтингіде жалпы оқу орындарының санынан жартысынан төмен емес.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Докторантура бітірушілері оқуды аяқтаған және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл мерзімде алмаған жоғары оқу орындары тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша конкурсқа жіберілмейді."
38, 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. ЖОО үшін конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлек-бөлек өткізіледі.
39. Комиссия бағалау негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдап, мыналарды көрсетеді:
1) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесі;
2) конкурс шарттары бойынша магистратурада кадрлар даярлауға, оның ішінде ағылшын тілінде даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесі, сонымен бірге жеке ЖОО үшін квоталау;
3) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде, оның ішінде философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын базалық жоғары оқу орындарының тізбесі;
4) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындары;
5) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындары.";
6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлады даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру";
Қағиданың 1-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 2-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 3-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 4-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 5-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 6-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 7-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 8-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 9-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 10-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 11-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қағиданың 12-қосымшасының жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |