БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы";
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны;
2) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартының нысаны;
3) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шартының нысаны бекітілсін.";
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындаулы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "мектепке дейінгі
ұйым" деп аталатын _____________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
атынан басшысы _________________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)
бір жағынан және екінші жағынан __________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуінің
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында
төмендегілер туралы осы шарт жасалды:
1. Шарттың мәні
1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы, өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Мектепке дейінгі ұйым:
1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;
2) _______________________________________________________________________
(білім басқармасының (бөлімінің) атауы)
берген № _____________________________________________________________________,
(жолдаманың нөмірі және мерзімі)
жолдаманың негізінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі - Стандарт) айқындалған жас кезеңіне сәйкес баланы топқа қабылдауға;
3) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мекепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;
4) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
5) ата-ананың келісімімен баланы медициналық көрсетілімдер кезінде балалар емханасына тексерілуге жіберуге;
6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ - _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;
7) карантин, бала сырқаттанған жағдайда, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделу, сауықтыру, түзету және оңалту кезінде (көрсетілім бойынша анықтама, қорытынды ұсынғанда), ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілдеріне еңбек демалысын бергенде және жазғы мерзімде баланы сауықтыру үшін екі айға дейін демалысын алған уақытта (ата-ананың жазбаша өтініші негізінде) баланың орнын сақтауға;
8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;
9) баланы келесі топқа әр жылдың 1-30 тамыз аралығында көшіруге;
10) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына сәйкес (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), санитарлық ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.
3. Мектепке дейінгі ұйым:
1) балаға ата-ананың қалауы бойынша қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынуға (ақылы және ақысыз);
2) баланы мектепке дейінгі ұйымнан баланың тамақтануы үшін ай сайынғы төлемақы белгіленген мерзімде уақытылы төленбеген, бала бір айдан астам дәлелсіз себептермен және әкімшілікке ескертпей келмеген; дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасының негізінде баланың мектепке дейінгі ұйымға келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;
3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;
4) баланың ата-анасы немесе заңды өкілі алкагольді ішімдік ішіп келгенде, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған туыстарына баланы бермеуге;
5) ата-ана жүйелі түрде өз міндеттерін орындамаған кезде ата-ананы бұл жөнінде 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде ескертіп, мерзімінен бұрын осы шартты бұзуға;
6) қажет болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.
4. Ата-ана:
1) мектепке дейінгі ұйым Жарғысы мен осы шартты сақтауға;
2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;
3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;
4) жақын туысқандарына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;
5) баланың болмауы туралы алдын ала мектепке дейінгі ұйымды уақытында хабардар етуге;
6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;
7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз босатпауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш күннен астам уақыт болмаған жағдайда Санитарлық ереженің 134-тармағына сәйкес денсаулығы туралы анықтама әкелуге;
8) мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжым қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара іс-қимыл жасауға міндетті.
5. Ата-ана:
1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;
2) мектепке дейінгі ұйымда баланың бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;
3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;
4) Мектепке дейінгі ұйым Жарғысының және осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;
5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі
6. Ата-ананың баланың тамақтануы үшін _________ теңге сомасы ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін төленеді. Бала дәлелді себептермен (сырқаттану, демалыс (ата-ананың өтініші), ауыру, емделу, сауықтыру, түзету мен бейімделу (көрсетілім бойынша анықтама ұсынған жағдайда) мектепке дейінгі ұйымға төлем жасалынған ағымдағы айда келмеген жағдайда, нақты шыққан күндеріне қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.
4. Тараптардың жауапкершілігі
7. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Дауларды шешу тәртібі
8. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
9. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Форс-мажор
10. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды.
11. Билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады.
12. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
13. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.
14. Шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.
15. Шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін.
16. Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Тараптардың мекенжайы және қолы:
Мектепке дейінгі ұйым |
Ата-ана: ________________________________ |
Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты
Білім беру ұйымдары ____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты
реттеу мақсатында білім беру ұйымының директоры атынан, ___________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________бекітілген
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
білім беру ұйымының Жарғысы негізінде қызмет ететін_________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
бір жағынан және көрсетілген мекен жай бойынша тұратын:
________________________________________________________________________________
білім алушының _________________________________________________________________
(баланың тегi, аты, әкесiнiң аты туған күні, ЖСН)
ата-анасы (немесе заңды өкілі)______________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
екінші жақтан, төмендегілер туралы _________________________________________________
осы шартты жасады.
1. Шарттың мәні
1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.
2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері
2. Орта білім беру ұйымы:
1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;
2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;
4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;
5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
3. Орта білім беру ұйымы:
1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензияны, ішкі регламенттерді және оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерімен таныстыруға;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім алушыны білімі мен дағдыларын игеруін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің № 15681 мемлекеттік тізілімінде тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне жүктелген оқу жүктемесінің көлемін анықтап, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формаларына қойылатын талаптарға сәйкес міндетті түрде мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі - міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);
5) білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, моральдық, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;
6) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;
7) білім алушыны ата-ана (заң өкілдері) келісімінсіз және оның оқу үдерісіне зиян келтіретін болса қоғамдық және басқа да тапсырмалар орындауға тартуға жол бермеуге;
8) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 "Мемлекеттік білім беру құжаттарының түрлері мен нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысанда білім туралы құжатты беруге міндетті.
3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері
4. Ата-ана (заңды өкілі):
1) баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауға;
2) Қазақстан Республикасықолданыстағы заңнамасында көзделген оқыту-тәрбиелеу үдерісін іске асыруға қатысуға;
3) ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар жиналыстарының шешімін орындауға;
4) ата-аналар комитеті арқылы білім ұйымының басқармасы органдарының жұмысына қатысуға;
5) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпаратты алуға;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультативтік көмек алуға;
7) қосымша (ақылы және / немесе тегін) қызметтерді алуға (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
5. Ата-ана (немесе заңды өкілі):
1) білім беру ұйымының Жарғысын және осы шарттың ережесін сақтауға;
2) ата-аналар жиналысына баруға, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие үдерісі және нақты педагогикалық көмек көрсету бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу үшін әкімшіліктің немесе мұғалімдердің шақыруы бойынша білім беру ұйымына баруға;
3) Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;
4) сабақта баланың болмауы жөнінде білім беру ұйымын хабардар етуге;
5) ҚР заңнамасына сәйкес білім беру ұйымына оқушының кінәсімен келтірілген материалдық залалды қайтаруға міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Дауларды шешу тәртібі
7. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
8. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Форс-мажор
9. Соғыс, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар сияқты форс-мажорлы жағдайында, сондай-ақ Тараптардың бақылауына негізделмеген және шарт жасасқаннан кейін болған кез келген басқа жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі орын алмайды.
10. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
11. Осы шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және оның толық орындалуына дейін жарамды. Жаңа шарт жасаған кезде жаңа келісім жасасу кезінде белгіленген шарттар қолданыста болады.
12. Осы Шарттың ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып өзгертілуі мүмкін.
13. Тараптар арасындағы шарттық қатынастарды тоқтату білім беру ұйымының басшысының тиісті бұйрығын жариялау мерзімі болып табылады.
14. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен екі данада, ал тапсырыс берушінің қатысуымен үш данада жасалады, бір данадан әр тарапқа беріледі.
15. Осы Шарттың тараптары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында және тараптардың - білім беру ұйымдары мен ата-аналардың (заңды өкілдері) келісімі бойынша бекітілген білім беру ұйымдарындағы оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды.
Осы шартқа қол қойған тараптар
Білім беру ұйымы______________ |
Ата-ана (заңды өкілі) |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты
____________________________________________________________________негізінде
әрекет етуші (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
_______________________________________________________________________ атынан,
(білім беру ұйымның атауы, білім беру қызметімен айналысу үшін мемлекеттік
лицензияның №)
бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын __________________________________________
________________________________________________________________________________
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)
бір жағынан және бұдан әрі "білім алушы" (немесе заңды өкілі) деп аталатын
________________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
____________________________________________________________екінші жақтан, немесе
___________________________________________________________________ негізінде және
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
азамат(ша) ______________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
мүддесі үшін әрекет етуші ________________________________________________________
(заңды тұлғасы басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты,
________________________________________________________________________________
әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)) атынан, бұдан әрі "тапсырыс беруші" деп аталатын
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе
________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы)
екінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.
1. Шарттың мәні
1. Тапсырыс беруші немесе білім алушы (немесе заңды өкілі) тапсырады және төлейді, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы білім алушыға тиісті мамандық оқыту нысаны бойынша білім беру ұйымының оқу жоспарларына сәйкес білім алушы үшін оқу процесін ұйымдастыруды және білім алушыға білім беру қызметтерін алу мүмкіндігін ұсынуды өз міндетіне алады.
2. Білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері
2. Білім беру ұйымы:
1) осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге;
2) ішкі тәртіп және оқу пәндерінің қағидаларын, білім беру ұйымының Шартты, осы Жарғысын бұзғаны үшін білім алушыға тәртіптік шаралар қолдануға;
3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүлігіне мұқият қарауды, компьютермен және басқа жабдықпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен келтірілген материалдық залал болған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оны қалпына келтіруге жұмсалған шығындар үшін өтемақы талап етуге;
4) білім алушыны білім беру, ғылыми және шығармашылық қызметте табысқа жеткені үшін марапаттауға және ынталандыруға;
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген) аралық және қорытынды аттестаттауға мониторинг жүргізуге арналған үлгі ережесінде(бұдан әрі - ағымды бақылауды жүргізу ережелері) көрсетілген себептер бойынша, сондай-ақ білім беру ұйымының Жарғысын бұзған жағдайда Шартты біржақты тәртіпте тоқтатуға құқылы;
3. Білім беру ұйымы:
1) білім алушы білім беру ұйымының Жарғысымен, ішкі тәртіп қағидаларымен, оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерімен таныстыруға;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім алушыны оқытуды қамтамасыз етуге;
3) қабылдау емтихандарының (сұхбаттасу) қорытындылары бойынша (немесе академиялық қарыз жабылған жағдайда басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы) білім ұйымының студенттері қатарына жыл сайынғы төлемнің ____% мөлшерін ол немесе тапсырыс беруші (уәкіл) төлеген жағдайда білім алушыны қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 15681 тіркелген) бекітілген "Білім беру мекемелеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" санитарлық қағидаларына сәйкес оқу жүктемесін анықтауға;
5) білім ұйымдарының кітапхана ресурстарына (оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге және оқу-әдістемелік құралдарға) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
6) білім алушыларға білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік беруге;
7) білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіби практикадан өтуін ұйымдастыруға;
8) білім алушының өтініші негізінде бір мамандықтан келесі мамандыққа немесе бір оқу нысанынан басқасына, сондай-ақ, қатар басқа білім беру ұйымына Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 (бұдан әрі – ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) бұйрығында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 тіркелген) бекітілген "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес ауыстыруға және қайта қабылдауға;
9) Шарт бұзылған жағдайда білім алушыға бұйрық шығарылған сәттен бастап, ағымдағы оқу жылының шығындарын есептей отырып, төленген соманы қайтаруға;
10) беру алушыға ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық шараларына қатысуына мүмкіндік беруге;
11) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша "Мемлекеттік үлгідегі білім беру құжаттары мен оларды беру туралы құжаттардың түрлері және нысандарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10348 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген тиісті нысанда білім туралы құжат беруге;
12) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда, білім алушыларды басқа білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыру үшін ауыстыру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
3. Білім алушының құқықтары мен міндеттері
4. Білім алушы:
1) ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында белгіленген тәртіппен, бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауысуға және қайта оқуға қабылдануға, бір мамандықтан басқа мамандыққа, ақылы оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысуға немесе бір оқыту нысанынан басқасына ауысуға;
2) оқу ақысын кезең-кезеңімен төлеуге, бұл ретте оқу шығыстары нақты ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша жылына бір реттен артық емес төлемақы мөлшері өзгеруі мүмкін;
3) мемлекеттік емес жалпыға міндетті білім беру стандартының қосымша білім беру (ақылы және тегін) қызметтерін алуға;
4) кітапхана мен оқу залдары базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қолжеткізуге және пайдалануға;
5) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға құқылы;
5. Білім алушы:
1) білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп қағидаларын және білім беру ұйымының қызметін регламеттейтін білім беру актілерін орындауға;
2) білім беру ұйымының мүлкін күтіп ұстауға және орынды пайдалануға, оқуда және жатақханада тұру кезінде қолайлы жағдай жасауға қатысуға (егер ұсынылса);
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 тіркелген) Әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларына сәйкес әскери есепке алу қағидасын сақтауға;
4) білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері және білім алушыларына құрметпен және сыпайы қарауға;
5) білім беру ұйымында болмаған күннен бастап бір апта ішінде жазбаша түрде сабақта болмаған жағдайда білім беру ұйымын хабарлауға;
6) отбасылық мәртебесі және байланыс ақпараты өзгерген жағдайда білім беру ұйымына есеп беруге (тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электронды пошта және т.б.);
7) амбулаториялық немесе стационарлық ем қабылдаған жағдайда растайтын құжаттарды табыс ете отырып, білім беру ұйымына хабарлауға міндетті.
4. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
6. Тапсырыс беруші (тапсырыс болған жағдайда):
1) ұсынылатын білім беру қызметтері үшін уақытылы ақы төлеуге міндетті;
7. Тапсырыс беруші (тапсырыс болған жағдайда):
1) осы Шартқа сәйкес білім алушыдан өз міндеттерін және адал тиісті түрде орындауды талап етуге құқылы.
5. Тараптардың жауапкершіліктері
8. Осы Келісімде көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
6. Дауларды шешу тәртібі
9. Осы Келісімді іске асыру барысында туындайтын келіспеушіліктер мен даулар өзара тиімді шешімдерді әзірлеу мақсатында тараптармен тікелей шешіледі.
10. Тараптардың келіссөздер жолымен шешілмеген мәселелер, өзара тиімді шешімдерді әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
11. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді.
12. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
13. Осы шарт үш данада жасалады мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен жасалады және әрбір тарапқа бір данадан беріледі.
14. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:
Білім беру ұйымы: | Білім алушы (заңды тұлға немесе тапсырыс беруші): |
___________________________ |
____________________ |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарт
______________ қаласы 20 ____ жылғы "___"________
____________________________________________________________ негізінде әрекет етуші
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
________________________________________________________________________________
(білім беру ұйымның атауы)
бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын ___________________________________________
_________________________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болған жағдайда))
_____________________________________________________________________ бір жағынан,
_____________________________________________________________ негізінде әрекет етуші
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
_________________________________________________________________________атынан,
________________________________________________________________________________
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болған жағдайда))
бұдан әрі "кәсіпорын (ұйым)" деп аталатын _________________________________________
_______________________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
деп аталатын екінші жақтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес
төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Білім беру ұйымы 20___ жылы түскен ________________________________________
(мамандықтың коды және атауы) мамандығының (біліктіліктің)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(білім беру бағдарламаның атауы)
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыны оқытуды жүзеге асырады.
2. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіптік практиканың базасымен қамтамасыз етеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Білім беру ұйымы:
1) осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп
қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім
алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) ____________________________ оқу нысаны бойынша _________________________
(мамандықтың коды және атауы)
__________________________________________________________________________
мамандық бойынша оқитын білім алушыны оқу үдерісінің кестесіне сәйкес
_______________________ практикадан өту үшін кәсіпорынға жіберу; (практика түрі);
2) білім алушыны осы Шартта көрсетілген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
3) кәсіптік практиканың бағдарламасын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
4) кәсіпорынға (ұйымға) кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
5) білім беру ұйымның тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекіту;
6) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушымен сақталуын қамтамасыз ету;
7) білім беру бағдарламасы мен оқу процесінің тізбесіне сәйкес білім алушының кәсіптік практикаданөтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
8) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
9) қажеттілігіне қарай кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
10) егер олар практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен жазатайым оқиғалар болған жағдайда оларды тергеуге қатысу;
11) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды (ұйымды) хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.
Кәсіпорынның (ұйымның) міндеттері мен құқықтары
5. Кәсіпорын:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;
5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.
6. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушының қауіпсіз еңбекті әдістеріне оқытуды жүргізу;
2) тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде алған мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін түлектің кандидатурасын қарастыру;
3) білім беру ұйымына оқу процессінің кестесіне сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну;
4) осы шарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтар бойынша кәсіби практикаға жолдамаға сай білім алушыны қабылдау;
5) практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
6) бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушының кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуді қамтамасыз ету;
7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша, өндірістік оқыту немесе кәсіптік практика бағдарламалары бойынша үлгірмеуі, сонымен қатар физикалық және психологиялық жағдайдың сәйкес келмеуі барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;
8) білім алушының кәсіби практиканың бағдарламасын толық игеруі және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарында қажетті жағдай жасау;
9) кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және кәсіби практикадан өту сапасын бағалау.
3. Тараптардың жауапкершілігі
7. Тараптар осы Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
4. Дауларды шешудің тәртібі
8. Осы Келісімді орындау үдерісінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.
9. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
5. Келісімнің әрекет ету мерзімі, талаптарды өзгерту және оны бұзу тәртібі
10. Осы Келісім тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді.
11. Осы Келісімнің ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып, өзгертілуі мүмкін.
12. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен үш данада жасалады, бір данадан әрбір тарапқа беріледі.
13. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:
Білім беру ұйымы: |
Кәсіпорын (ұйым): |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шарт
______________ қаласы (аудан, ауыл) 20 ____ жылғы "___"_____
_______________________________________________________________________________ , __________________________________________________________негізінде әрекет етуші
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
атынан,_________________________________________________________________________
(білім беру ұйымның атауы)
________________________________________________________________________________
бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын___________________________________________
________________________________________________________________________________
бір жағынан,_________________________________________________________________
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
негізінде әрекет етуші_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
________________________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
бұдан әрі "кәсіпорын (ұйым)" деп аталатын _________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
______________________________________________________________________________
Жеке төлқұжаттың/туу туралы куәліктің ЖСН__________, ______ жылғы "__"_______,
_______________ берген, бұдан әрі "білім алушы" аталатын және оның заңды өкілімен (білім
алушы кәмелетке толмаған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жеке төлқұжаттың ЖСН___________, _____жылғы "__"__________________,
_______________ерген,үшінші жақтан, бірге "Тараптар" деп аталатын осы техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы осы Шарт
жасасты.
1. Дуальды оқыту туралы шарттың мәні
1. Осы дуальды оқыту туралы шартты 2015 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 119 - бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қантардағы № 50 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) бекітілген дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына және кәсіпорын (ұйымның) жарғысының _________________________________________тармағына сәйкес жасалды.
2. Оқу орны 20___ жылы түскен_____________________________________________
(мамандықтың коды және атауы)
мамандығының_________________________________________________________________
(біліктіліктің)
________________________________________________________________________________
(білім беру бағдарламасының атауы)
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын жүзеге асырады.
3. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны тиісті жұмыс жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
4. Білім алушы өндірістік, еңбек функцияларын және тапсырмаларды білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілікке ие болу үшін білім беру бағдарламаларын меңгереді.
2. Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі
5. Дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.
6. Білім алушыны жұмыс орнына қабылдау осы дуальды оқыту туралы шарттың негізінде шығарылатың басшысының бұйрығымен немесе кәсіпорынның (ұйымның) құрылымды бөлімшесінің өкімімен рәсімделеді.
3. Білім алушының құқықтары және міндеттері
7. Білім алушы:
1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) кәсіпорында бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
3) өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;
4) белгілі бір мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейін тағайындау және белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлікті (сертификатты) "Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарын түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде №10348 тіркелген) нысанға сәйкес алуға құқылы.
8. Білім алушы:
1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;
2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;
5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге орындаған жұмыс туралы есеп беруге;
7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлау келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнынға себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге міндетті.
4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері
9. Кәсіпорын:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;
5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.
10. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) тәлімгерді бекіту – өндірістік оқытуды және кәсіптік практикаға басшылық ететін өндіріс және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманы.
2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;
3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізу;
5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсыну;
6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;
8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беру;
9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалау;
10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз етуді қарастыру;
11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру тапсырысы (мемлекеттік білім беру гранты) бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарау.
11. Тәлімгер мынадай мідеттемелер алады:
1) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқыту;
2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыру;
3) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау;
4) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсету;
5) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру;
6) білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;
7) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;
8) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;
9) білім алушыға пікір жазу.
5. Білім беру ұйымының құқықтьары және міндеттемелері:
12. Оқу орны:
1) осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
13. Оқу орны өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) оқу процесінің тізбесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберу;
2) білім алушыны осы дуальды оқыту туралы шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс жоспарын өтудің білім беру бағдарламасын және күнтібелік кестесін кәсіпорынның мен өкілімен бірге әзірлеу және келісу;
4) оқу орнының тиісті мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері немесе оқытушылар арасынан оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілерін тағайындау;
5) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушының сақталуын қамтамасыз ету;
6) білім беру бағдарламасы мен оқу процессіның тізбесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқыту, кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылау;
7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
9) жазатайым оқиғаларды, егер өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен болған жағдайда тергеуге қатысу;
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген)бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын (бұдан әрі – жан басына шаққандағы қаржыландыру) бекіту қағидасына сәйкес, оқу орны қаржыландырған жағдайда аталған қағидаға сәйкес, өндірістегі (ұйымдағы) тәлімгерге еңбек ақы төлеу бойынша өтемақы төлеуді жүзеге асыру.
6. Өтемақы төлемдерін төлеу
14. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту барысында білім алушы белгілі бір функционалдық міндеттерін орындаған кезде, кәсіпорын (ұйым) өтемақы төлеуі мүмкін.
15. Өтемақы төлеу көлемі кәсіпорынның (ұйымның) ұйғаруы бойынша белгіленеді.
7. Еңбекті қорғау
16. Кәсіпорын (ұйым) оқушыны қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етеді.
17. Кəсіпорын (ұйым) оқыту, нұсқау, қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімін тексереді, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде меншікті жəне тартылған қаражат есебінен өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені қауіпсіз жүргізу бойынша материалдармен қамтамасыз етеді.
18. Білім алушы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
8. Тараптардың жауапкершілігі
19. Тараптарға осы Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптылық жүктеледі.
9. Дауларды шешудің тәртібі
20. Осы шартты орындау процесінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешу мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.
21. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
10. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
22. Осы Шарттың ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып өзгертілуі мүмкін.
23. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен үш данада жасалады, бір данадан әрбір тарапқа беріледі.
24. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік реквизиттері:
Білім беру ұйымы: |
Білім алушы: |
Кәсіпорын (ұйым): |