"Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қарашада № 17717 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 182-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 шілдедегі № 102 (1918) Заң газетінде, 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 301 (26695) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 қарашадағы
№ 61 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 157 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 182-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалау объектісі (бұдан әрі – Объект) – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, жарғылық капиталында акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам (бұдан әрі – акционерлік қоғам);

      2) корпоративтік басқару – бұл Объект қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін және акционерлер, директорлар кеңесі, атқарушы орган, Объектінің басқа да органдары мен акционерлер мүддесіндегі мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;

      3) тәуелсіз ұйым – корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіру саласында қызмет көрсетуге мамандандырылған және осы салада және басқа да сабақтас салаларда тиісті тәжірибесі бар заңды тұлға.

      3. Талдау, шынайы ақпаратты қорытындылау, Объектілерді корпоративтік басқарудың деңгейі туралы тұжырымдар қалыптастыру бағалау нысанасы болып табылады.

2-тарау. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруға бағалау жүргізу тәртібі

      4. Корпоративтік басқаруды бағалау корпоративтік басқарудың даму деңгейін айқындауға, акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және акционерлік қоғам жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

      Корпоративтік басқаруды бағалауды тәуелсіз ұйымдар акционерлік қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен кемінде үш жылда бір рет жүргізеді.

      Тәуелсіз ұйымды акционерлік қоғам "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы 34-1-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес таңдайды және ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:

      корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша кемінде бес жыл немесе Қазақстанда, сол сияқты Қазақстаннан тыс он ірі компанияда тәжірибесінің болуы;

      кемінде бес адамнан тұратын қалыптасқан жобалық командасының болуы.

      Жобалық команда мүшелерінің біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды акционерлік қоғам техникалық тапсырмада көрсетеді.

      5. Корпоративтік басқаруды бағалау үшін мынадай:

      акционерлік қоғамның ішкі құжаттары;

      негізгі қызмет нәтижелері туралы құжаттар (қаржы есептілігі, акционерлерге ұсынылатын есептілік);

      сыртқы тараптармен қатынастарды сипаттайтын құжаттар (шарттар мен келісімдер, Объектінің басшыларына сауалнама жүргізу арқылы алынған мәліметтер, басқа көздерден алынған мәліметтер (бұқаралық ақпарат құралдары, корпоративтік интернет-сайт);

      акционерлік қоғам туралы жалпыға қолжетімді ақпарат;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына, қызмет көрсету шартының талаптарына, техникалық тапсырмалардың талаптарына немесе акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына қайшы келмейтін өзге ақпарат көздері;

      атқарушы орган мүшелерінің, директорлар кеңесі мүшелерінің, тәуелсіз директорлардың, корпоративтік хатшылардың, сондай-ақ олардың қалауы бойынша миноритарлық акционерлердің бетпе-бет немесе қашықтықтан жүргізілетін сұхбаттарының нәтижелері сияқты ақпарат көздері пайдаланылады.

      6. Акционерлік қоғам корпоративтік басқаруға бағалау жүргізуге техникалық тапсырма жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісу үшін жолдайды.

      7. Корпоративтік басқаруға бағалау жүргізуге техникалық тапсырма жобасына қорытынды беру үшін белгіленетін мерзім Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгіленген мерзімде қорытынды ұсынбаған жағдайда корпоративтік басқаруға бағалау жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы келісілді деп есептеледі.

      9. Акционерлік қоғам қорытындымен келіскен жағдайда техникалық тапсырма жобасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Техникалық тапсырманың жобасын қайта келісу талап етілмейді.

      10. Акционерлік қоғам қорытындымен келіспеген жағдайда қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеушіліктердің себептерін дәйектейтін жауап жібереді.

      11. Тәуелсіз ұйым Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының корпоративтік басқару қағидаттарын, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мемлекет қатысатын компаниялар үшін корпоративтік басқару бойынша ұсынымдарын, корпоративтік басқару бойынша басқа да халықаралық және/немесе Қазақстан Республикасында қабылданған ұсынымдарды ескере отырып корпоративтік басқаруға бағалау жүргізеді.

      12. Тәуелсіз ұйым бағалаудың нәтижелері бойынша корпоративтік басқаруды бағалау қорытындысы бойынша есеп дайындайды.

      Корпоративтік басқаруды бағалау қорытындысы бойынша есепте мыналар:

      корпоративтік басқарудың жалпы рейтингісі және құрамдауыштар мен кіші құрамдауыштар бойынша рейтингілер;

      акционерлік қоғамдағы корпоративтік басқару жүйесінің сипаттамасы;

      акционердің рейтингілік тармақтарда көрсетілген және ықпал ету факторларына бөлінген корпоративтік басқару практикасына теріс (тежеуші) әсері;

      негізгі жағымды сәттер мен кемшіліктердің сипаттамасы;

      акционерлік қоғамдағы корпоративтік басқарудың жағымды сәттері мен кемшіліктерінің, сол немесе басқа фактіні жағымды сәттерге немесе кемшіліктерге жатқызу негіздемесі бар, толық сипаттамасы;

      анықталған сәйкессіздіктерді жою және корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қамтылған.

      13. Корпоративтік басқаруды бағалау қорытындысы бойынша нәтижелер акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің қарауына корпоративтік басқаруды бағалау қорытындысы бойынша есеп дайындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінде қаралған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде есеп акционерлік қоғамдардың интернет-ресурсында орналастырылады.

О внесении изменения в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 157 "Об утверждении Правил оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 ноября 2018 года № 61. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 ноября 2018 года № 17717

      В соответствии с пунктом 2 статьи 182 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 157 "Об утверждении Правил оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7047, опубликован 20 июля 2011 года № 101 (2092) в Юридической газете, 21 сентября 2011 года № 304 (26695) в Казахстанской правде) следующее изменение:

      Правила оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, утвержденные указанным приказом изложить в редакции  согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
2018 года

  Приложение
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 7 ноября 2018 года № 61
  Утверждены
приказом Министра
экономического развития
и торговли
Республики Казахстан
от 6 июня 2011 года № 157

Правила оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 182 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе".

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) объект оценки (далее – Объект) – акционерное общество, в уставном капитале которого контрольный пакет акций принадлежит государству, за исключением акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее – акционерное общество);

      2) корпоративное управление – это совокупность процессов, обеспечивающих управление и контроль за деятельностью Объекта и включающих отношения между акционерами, советом директоров, исполнительным органом, иными органами Объекта и заинтересованными лицами в интересах акционеров;

      3) независимая организация – юридическое лицо, специализирующееся на предоставлении услуг в области оценки и совершенствования систем корпоративного управления и имеющее соответствующий опыт работы в данной области и других смежных областях.

      3. Предметом оценки является анализ, обобщение достоверной информации, формирование выводов об уровне корпоративного управления Объектов.

Глава 2. Порядок проведения оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах

      4. Оценка корпоративного управления направлена на определение уровня развития корпоративного управления, защиту прав и интересов акционеров и повышение эффективности работы акционерного общества.

      Оценка корпоративного управления проводится не менее одного раза в три года независимыми организациями в порядке, установленном внутренними документами акционерного общества.

      Независимая организация выбирается акционерным обществом в соответствии с пунктом 1 статьи 34-1 Закона Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах" и статьей 1 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" и соответствует следующим критериям:

      наличие опыта по оценке систем корпоративного управления не менее пяти лет или в десяти крупных компаниях, как в Казахстане, так и за пределами Казахстана;

      наличие сформированной проектной команды в количестве не менее пяти человек.

      Требования, предъявляемые к квалификации и опыту работы членов проектной команды указываются акционерным обществом в техническом задании.

      5. Для оценки корпоративного управления используются следующие источники информации:

      внутренние документы акционерного общества;

      документы о результатах основной деятельности (финансовая отчетность, отчетность, предоставляемая акционерам);

      документы, характеризующие отношения с внешними сторонами (договоры и соглашения, сведения, полученные путем анкетирования руководителей Объекта, сведения из иных источников (средства массовой информации, корпоративный интернет-сайт);

      общедоступная информация об акционерном обществе;

      иные источники информации, не противоречащие законодательству Республики Казахстан, условиям договора на оказание услуг, условиям технического задания или внутренним документам акционерного общества;

      результаты очных или дистанционных интервью членов исполнительного органа, членов совета директоров, независимых директоров, корпоративных секретарей, также по их желанию миноритарных акционеров.

      6. Акционерное общество разрабатывает проект технического задания на проведение оценки корпоративного управления и направляет его в Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан для согласования.

      7. Срок, устанавливаемый для представления заключения на проект технического задания на проведение оценки корпоративного управления, составляет не более десяти рабочих дней с момента его поступления в Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан.

      8. В случае непредставления Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан заключения в установленный срок проект технического задания на проведение оценки корпоративного управления считается согласованным.

      9. Акционерное общество при согласии с заключением вносит в проект технического задания соответствующие изменения и (или) дополнения. Повторное согласование проекта технического задания не требуется.

      10. В случае несогласия с заключением акционерное общество в срок не более десяти рабочих дней со дня получения заключения направляет в Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан ответ с обоснованием причин несогласия.

      11. Независимая организация проводит оценку корпоративного управления с учетом принципов корпоративного управления Организаций экономического сотрудничества и развития, рекомендаций Организаций экономического сотрудничества и развития по корпоративному управлению для компаний с государственным участием, иных международных и/или принятых в Республике Казахстан рекомендации по корпоративному управлению.

      12. По результатам оценки независимой организацией готовится отчет по итогам оценки корпоративного управления.

      Отчет по итогам оценки корпоративного управления содержит:

      общий рейтинг корпоративного управления и рейтинги по компонентам и подкомпонентам;

      характеристику системы корпоративного управления в акционерном обществе;

      негативное (сдерживающее) влияние акционера на практику корпоративного управления, выраженное в рейтинговых пунктах и разбитое по факторам влияния;

      описание ключевых положительных моментов и недостатков;

      подробное описание положительных моментов и недостатков корпоративного управления в акционерном обществе с обоснованием отнесения того или иного факта к положительным моментам или недостаткам;

      рекомендации по устранению выявленных несоответствий и дальнейшему совершенствованию системы корпоративного управления.

      13. Результаты по итогам оценки корпоративного управления выносятся на рассмотрение совета директоров акционерного общества в течение тридцати календарных дней с момента подготовки отчета по итогам оценки корпоративного управления. В течении десяти календарных дней с момента рассмотрения на совете директоров акционерного общества отчет размещается на интернет-ресурсе акционерных обществ.