ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.01.2023 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісін келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
________________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
_______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
______________
2018 жылғы "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
______________
2018 жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 791 бұйрығына 1-қосымша нысан |
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісінің нысаны
1. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстың және (немесе) ғылыми және
(немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерінің атауы:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Қысқаша андатпа:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Енгізу әсері (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық) әсер саласының астын сызу):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Енгізу орны мен уақыты:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Енгізу нысаны:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мынадай құжаттардың кәсіпорынның уәкілетті адамының қолымен куәландырылған
көшірмелерін қоса беру қажет:
1) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге арналған шарт және
техникалық тапсырма (техникалық ерекшелік) (бар болған жағдайда);
2) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламалар бойынша есептерді
мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық карта (бар болған жағдайда);
3) мәлімделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарды және (немесе)
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өткізу кезінде құрылған
зияткерлік меншік объектілеріне алынған қорғау құжаты (патент, мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік немесе басқалары);
4) мәлімделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстар нәтижелерін және
(немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін жоғары оқу
орындарынан, ғылыми ұйымдардан және лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты беру
туралы шартты не өзге де шарт бойынша стартап компаниялардан зияткерлік меншік
объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алу фактісін растайтын құжаттар зияткерлік
меншік объектісін коммерцияландыруды растайтын құжаттар (зияткерлік меншік объектісін
коммерцияландыру мақсатында оны енгізуді растайтын шарт және (немесе) өзге де құжат)
(бар болған жағдайда);
5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе)
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізгеннен кейін
ұйымдағы технологиялық үдерістердің және/немесе шығарылатын өнімнің тұтыну қасиетінің
(техникалық сипаттамасы) жақсаруын растайтын құжат (технологиялық процестердің
картасы, өндірістік процестердің технологиялық регламенті немесе технологиялық
процестердің, тұтыну қасиетінің және/немесе техникалық сипаттаманың өзгеруін растайтын
өзге де құжат).
Қолдары:
1 Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстар нәтижелерін және (немесе) ғылыми
және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізген өтінім берушінің (салық төлеушінің) өкілі/өкілдері
Лауазымы ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
Лауазымы ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
2. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті (енгізілген) орындаушы ұйымның өкілі/өкілдері
Лауазымы ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
Лауазымы ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
Келісілді:
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе)
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізген тиісті саланың
уәкілетті органының өкілі/өкілдері:
Лауазымы ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
Лауазымы ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 791 бұйрығына 2-қосымша |
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісін келісу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісін келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісін (бұдан әрі - енгізу актісі) келісу тәртібін айқындайды.
2. Енгізу актісі тиісті саладағы уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуді растайтын құжат болып табылады.
2-бөлім. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісін келісу тәртібі
3. Енгізу актісі тиісті саланың уәкілетті органымен - тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыратын және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелері және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері енгізілген салада қажетті құзыретке ие мемлекеттік органмен және (немесе) орталық мемлекеттік органның ведомствосымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісіледі.
4. Өтініш беруші уәкілетті органға енгізу актісінің нысанында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу туралы актіні келісуге қағаз тасығышта береді.
5. Енгізу актісі келіп түскен кезде тиісті саланың саясатына жетекшілік ететін уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарастырады, соның ішінде:
1) өтініш беруші енгізу актісін келісу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің және мәліметтердің толықтығына, анықтығына тексереді;
2) қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің мәлімделген нәтижесіне көшпелі тексеруді жүзеге асырады;
3) енгізу актісін келісу немесе келісуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Шешім оң болған жағдайда енгізу актісі актіні қараған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен және тиісті салаға жетекшілік ететін уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарымен келісіледі.
6. Енгізу актісін келісуден бас тартуға:
1) өтініш берушінің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы;
2) өтініш беруші енгізу актісін келісу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің және мәліметтердің анық емес болуы;
3) көшпелі тексеру кезінде мәлімделген өндіріске ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін енгізудің айқындалмауы негіз болып табылады.
7. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі енгізу актісін келісу немесе оны келісуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті жауапты өтініш берушіге жолдайды.
Келісуден бас тартқан жағдайда ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
8. Белгіленген нысанға сәйкес келтірілген және қайта енгізілген енгізу актісі ол ұсынылған сәттен бастап жалпы негізде қаралады.
9. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі келісілген енгізу актілерінің есебін жүргізеді.