Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 30.10.2024 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10440 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі, осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі, осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
2018 жылғы 28 қарашадағы | |
№ 459 бұйрығына | |
1-қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
2015 жылғы 13 ақпандағы | |
№ 92 бұйрығына | |
1-қосымша |
Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі
Ескертпе.
1. Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мұқабасы Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісіне сәйкес нысан бойынша көк түсті. Қызметтік куәліктің ашылған күйіндегі көлемі тігінен 65 миллиметр және көлденеңінен 190 миллиметр.
2. Қызметтік куәліктің бет жағында баспа қарпімен мемлекеттік және орыс тілдерінде: "ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ" деген жазу жазылған және қызметтік куәліктің ортасында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес орындалған, "QAZAQSTAN" деген жазуы бар алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылған.
3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң бөліктері Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің белгіленген үлгісінде ақ түсте орындалған.
4. Қызметтік куәліктің ішкі сол бөлігінде:
жоғарғы бөлігінде қара түсте орындалған мемлекеттік тілде: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМДЫҚ ЖЭНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АУМАҒЫ БОЙЫНША ОРГАН АТАУЫ" деген жазу бар;
сол бөлігінің ортасында қара түспен мемлекеттік тілде "№ 00-00 КУӘЛІК" деген жазу орналастырылған, оның астында қара түспен мемлекеттік тілде мемлекеттік техникалық инспектордың (бұдан әрі – инспектор) аты, әкесінің аты, тегі және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады:
сол бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес орындалған, астында көк түсте мемлекеттік тілде "АЭҚБК Қазақстан" деген жазу орналастырылған, "QAZAQSTAN" деген жазуы бар алтын түсті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген;
төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің қолдану мерзімі мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.
5. Қызметтік куәліктің оң бөлігінде:
жоғарғы бөлігінде қара түсте орындалған орыс тілінде "МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАИМЕНОВАНИЕ ОРГАНА ПО ТЕРРИТОРИАЛЬНОСТИ КОМИТЕТА АТОМНОГО И ЭНЕРГЕТИЧЕСКОГО НАДЗОРА И КОНТРОЛЯ" деген жазу бар;
сол бұрышында 3х4 сантиметр көлемінде инспектордың түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Инспектор ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;
оң бөлігінің ортасында қара түсте орындалған орыс тілінде "УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00" деген жазу орналастырылған, оның астында орыс тілінде инспектордың аты, әкесінің аты, тегі және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады;
қызметтік куәліктің оң бөлігінде қара түсте орындалған мемлекеттік тілде "Комитет төрағасы Председатель Комитета" деген жазу орналастырылады.
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері инспекторларының қызметтік куәлігі Комитет төрағасының қолымен бекітіледі және Комитеттің елтаңбалық мөрімен басылады.
7. Инспекторға қызметтік куәлікті беру кезінде куәлік нөмірі ұсынылған шифрлар ескеріле отырып қалыптастырылады, атап айтқанда, № 00-00, мұндағы алғашқы екі сан 00 – Комитеттің орталық аппараты немесе аумақтық бөлімшесінің шифрі, одан кейінгі екі сан 00 – мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және кәдеге жарату журналына сәйкес инспектор куәлігінің реттік нөміріне сәйкес.
Комитеттің орталық аппарат және аумақтық бөлімшелер инспекторларының шифрлары:
01 – орталық аппарат;
02 – Комитеттің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті;
03 – Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті;
04 – Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті;
05 – Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;
06 – Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;
07 – Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;
08 – Комитеттің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;
09 – Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
10 – Комитеттің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;
11 – Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
12 – Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;
13 – Комитеттің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;
14 – Комитеттің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;
15 – Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;
16 – Комитеттің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;
17 – Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;
18 – Комитеттің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.
Қызметтік куәлікте инспектордың лауазымы Комитеттің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымына сәйкес көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
2018 жылғы 28 қарашадағы | |
№ 459 бұйрығына | |
2-қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
2015 жылғы 13 ақпандағы | |
№ 92 бұйрығына | |
2-қосымша |
Мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі
Ескертпе.
1. Инспектордың мөртабаны қол құралы ретінде, қағаз жеткізгіште бояғышты көшіру түрінде оқиғаны тіркеу функциясын орындау үшін инспектордың – мөртабан иесінің қолын растау ретінде қолданылады.
2. Инспектордың мөртабаны түрлі материалдарға бедер түрінде оқиғаны тіркеу функциясын орындау үшін есіктерді, сейфтерді, металл шкафтарды, банк қоймаларын, сонымен қатар басқа да сыйымдылықтарды, шкафтарды және т.б. пластилинде (мастикада), сүргіште немесе басқа да (пломбираторға қарағанда) жұмсақтау материалдарда бедерді қою жолымен мөрлеп тастауға арналған.
Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мөртабандардың түрлері үшін түрлі материалдарға бедер немесе бояғышты көшіруді қолдану түрлеріне қарамастан мынадай талаптар белгіленеді.
Инспектор мөртабандарының конструкциясы біреуін екіншіге бұрау (бұранда бойынша) жолымен екі бөлшектелінетін бөліктен тұратын конструкцияны білдіреді. Әр бөлік бос әр түрлі тереңдігі бар металл (пластмасса) сыйымдылықтан тұрады (стакан түрдегі).
Мөртабан инспектордың жеке мөртабаны болып табылады, төменде көрсетілген шығыңқылығы сыртқы цилиндрлік жиегінің шетінен (аз) сыйымдылығынан 2,5 миллиметрден кем емес батырып бедерлеу нөмірлі мөртабаны бар силиконды (пластмассалық) ендірме.
Мөртабанның алынбалы қақпағын бояғышпен (мастикамен) нөмірлі мөртабанды батырып бедерлеу үшін мөрқалыптық тығырығы орнатылады.
1-сурет. Инспектордың мөртабан үлгісінің нысаны.
Инспектордың нөмірлі мөртабаны дөңгелек нысанда болады, диаметрі 40 миллиметр.
Дөңгелек сұлбасының ішкі жағында мөртабан шетінің бойымен (шеңбер бойымен) ААА әрпімен Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшелерінің аббревиатурасы осы Қосымшаның 1-кестесіне сәйкес көрсетіледі.
Үлгі үшін (ААА):
"ҚР ЭМ АЭҚБК орталық аппараты Центральный аппарат КАЭНК МЭ РК"
Ішкі дөңгелек (шеңбер) бойымен аббревиатура мен мөртабанның ортасында орналасатын нөмірдің арасында БББ инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіліп, толық жазылады.
Үлгі үшін (БББ):
"Тегі (Фамилия), Есімі (Имя), Әкесінің аты (Отчество) (бар болған жағдайда)"
Мөртабанның ортасында инспектордың қызметтік куәлігінің реттік нөмірі көрсетіледі.
1-кесте. Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшелерінің аббревиатурасы
Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшесінің аббревиатурасы | Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшесінің толық атауы |
Орталық аппарат | Комитеттің орталық аппараты |
Астана қаласы бойынша АБ | Комитеттің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті |
Алматы қаласы бойынша АБ | Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті |
Шымкент қаласы бойынша АБ | Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті |
Ақмола облысы бойынша АБ | Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті |
Ақтөбе облысы бойынша АБ | Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті |
Алматы облысы бойынша АБ | Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті |
Атырау облысы бойынша АБ | Комитеттің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша АБ | Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті |
Жамбыл облысы бойынша аумақтық АБ | Комитеттің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті |
Батыс Қазақстан облысы бойынша АБ | Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті |
Қарағанды облысы бойынша АБ | Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті |
Қостанай облысы бойынша АБ | Комитеттің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті |
Қызылорда облысы бойынша АБ | Комитеттің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті |
Маңғыстау облысы бойынша АБ | Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті |
Павлодар облысы бойынша АБ | Комитеттің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша АБ | Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті |
Түркістан облысы бойынша АБ | Комитеттің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті |
Ескертпе: Комитеттің аббревиатурасын қосумен – ҚР ЭМ АЭҚБК