"Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17827 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14740 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларында:

      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс туралы есепті:

      орталық мемлекеттік органдар - Агенттікке;

      орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері - Агенттіктің аумақты органдарына "Е-қызмет" персоналды басқарудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

      Есеп орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді мемлекеттік орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысын қамтиды.

      62. Жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс туралы есепті Агенттікке және оның аумақтық органдарына "Е-қызмет" персоналды басқарудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

      Есеп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысын қамтиды.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша есепті бекітілген нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-інші күнінен кешіктірмей береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А. Шпекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "___"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "___"______________

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 8 декабря 2016 года № 78 "Об утверждении Правил государственного контроля за качеством оказания государственных услуг"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 28 ноября 2018 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2018 года № 17827

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 8 декабря 2016 года № 78 "Об утверждении Правил государственного контроля за качеством оказания государственных услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14740, опубликован 6 февраля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      В Правилах государственного контроля за качеством оказания государственных услуг, утвержденных указанным приказом:

      пункты 61 и 62 изложить в следующей редакции:

      "61. Отчет о работе по внутреннему государственному контролю с приложением аналитической справки по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам предоставляют через интегрированную информационную систему управления персоналом "Е-қызмет":

      центральные государственные органы – в Агентство;

      территориальные подразделения центральных государственных органов и их ведомств – в территориальные органы Агентства;

      Отчет содержит итоги внутреннего государственного контроля за качеством государственных услуг, оказываемых центральным государственным органом, его ведомствами, подведомственными организациями, а также физическими и юридическими лицами, координация деятельности которых осуществляется государственным органом.

      62. Отчет о работе по внутреннему государственному контролю с приложением аналитической справки по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам местные исполнительные органы предоставляют в Агентство и его территориальные органы через интегрированную информационную систему управления персоналом "Е-қызмет".

      Отчет содержит итоги внутреннего государственного контроля за качеством государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, подведомственными организациями, а также физическими и юридическими лицами, координация деятельности которых осуществляется местными исполнительными органами.

      Местные исполнительные органы районов (городов областного значения) предоставляют отчет по внутреннему государственному контролю за качеством оказания государственных услуг по утвержденной форме в местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом.".

      2. Департаменту государственных услуг Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, курирующего вопросы контроля и оценки качества оказания государственных услуг.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по делам
государственной службы
и противодействию коррупции
А. Шпекбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
_____________________ Д. Абаев
"__"___________ 2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Председатель
Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
_____________________ Н. Айдапкелов
"__"___________ 2018 года