"Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 678 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17929 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16899 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ақылы негізде мынадай:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

      2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

      4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әртүрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

      6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

      7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

      8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

      9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беру;

      10) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша ақылы негізде қызметтер ұсынады.

      Әскери, арнаулы оқу орындары да қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Мемлекеттік білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

      1) білім беру мекемелерінiң оқу-материалдық базасын нығайту;

      2) оқу жабдықтары мен мүкәммалдарды, оның iшiнде оқу тәжiрибе учаскесiнде жұмыс iстеу үшiн сатып алу;

      3) білім алушылардың тамақтануын жақсарту, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарын жабу;

      4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту;

      5) бiлiм алушыларды көтермелеу және бiлiм алушылардың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған жекелеген бөлiгiне материалдық көмек көрсету;

      6) күнi ұзақ болатын орта білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарында күн ұзақ болатын топтардағы білім алушыларды тамақтандыру;

      7) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделi жөндеу);

      8) орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының орындаған жұмыстарына ақы төлеу;

      9) экскурсиялар мен сыныптан тыс кештерді өткiзу;

      10) орта білім беру ұйымдарын, оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы жөндеу;

      11) мектеп жанындағы учаскенi дамыту және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңарту;

      12) спорт алаңдарын салу;

      13) қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен білім алушыларға стипендиялар мен сыйлықақылар беру;

      14) сауықтыру iс-шаралары;

      15) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешiлердiң (судьялардың) және медицина қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабу;

      16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру;

      17) секциялар мен үйірме жетекшiлерiнiң еңбегіне ақы төлеу;

      18) секцияларды және үйiрмелердi ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар;

      19) ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;

      20) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және басқа да төлемдер белгiлеу;

      21) көлік құралдарын сатып алу;

      22) жабдықтар, мүккәммал (оның iшiнде жұмсақ) және киiм-кешек сатып алу;

      23) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстар;

      24) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялау және күрделi жөндеу;

      25) демалыс лагерьлерi тәрбиешiлерiнiң және көмекші қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу;

      26) музыкалық аспаптарды жөндеу;

      27) қозғалтқыштарды пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстар;

      28) оқу-көмекшi, қосалқы шаруашылықтардың және оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын қызметкерлердiң еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;

      29) iссапар шығыстары;

      30) білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткзіу.

      10. Ғылыми зерттеулерді жүргізуде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен қаражат мынадай бағыттарда жұмсалады:

      1) еңбекақы – барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;

      2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;

      3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;

      4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;

      5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу;

      6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;

      7) үй-жайды жалдау;

      8) жабдықты және техниканы жалдау;

      9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ ______________

      20_ жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ___________ ______________

      20_ жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ___________ ______________

      20_ жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ ______________

      20_ жылғы "___" __________

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 октября 2017 года № 541 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями образования, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 678. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 декабря 2018 года № 17929

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 октября 2017 года № 541 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями образования, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16899, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 29 мая 2018 года) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями образования, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Государственные учреждения образования согласно статье 63 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" предоставляют на платной основе с заключением договора об оказании платных услуг следующие товары (работы, услуги) сверх требований государственных общеобязательных стандартов образования:

      1) реализации дополнительных образовательных программ (развития детского и юношеского творчества, склонностей и интересов в области спорта, культуры и искусства, повышения квалификации специалистов);

      2) организации дополнительных занятий с отдельными обучающимися по предметам (дисциплинам и циклам дисциплин) сверх учебного времени, выделенного по учебному плану и программам;

      3) организации углубленного изучения с обучающимися основ наук по предметам (дисциплинам и циклам дисциплин);

      4) организации и проведению различных мероприятий: спортивных соревнований, семинаров, совещаний, конференций среди обучающихся и воспитанников, педагогических работников и взрослого населения, а также по разработке и реализации учебно-методической литературы;

      5) предоставлению в пользование музыкальных инструментов и дополнительных услуг Интернет-связи;

      6) организации летнего отдыха, обеспечению питания обучающихся и воспитанников, участников различных мероприятий, проводимых в организациях образования;

      7) отпуску теплоэнергии, подаваемой энергоустановками и котельными;

      8) организации профессионального образования (переподготовке и повышению квалификации квалифицированных рабочих кадров и специалистов среднего звена);

      9) организации производства и реализации продукции учебно-производственных мастерских, учебных хозяйств, учебно-опытных участков;

      10) проведению научных исследований.

      Военные, специальные учебные заведения также вправе предоставлять на платной основе товары (работы, услуги) сверх требований государственных общеобязательных стандартов образования в соответствии с правилами оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными, специальными учебными заведениями и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), утверждаемыми первыми руководителями тех государственных органов, в ведении которых находятся военные, специальные учебные заведения.";

      дополнить пунктами 9 и 10 следующего содержания:

      "9. Средства, поступающие от реализации товаров, работ, услуг сверх требований государственных общеобязательных стандартов образования, расходуются по следующим направлениям:

      1) укрепление учебно-материальной базы учреждений образования;

      2) приобретение учебного оборудования и инвентаря, в том числе для работы на учебно-опытном участке;

      3) покрытие расходов по улучшению питания, бытового и культурного обслуживания обучающихся;

      4) расширение учебно-производственных мастерских и подсобных хозяйств;

      5) поощрение обучающихся и оказание материальной помощи отдельным социально незащищенным слоям обучающихся;

      6) питание обучающихся, находящихся в организациях среднего образования с продленным днем и в группах продленного дня организации среднего образования;

      7) содержание столовых (заработная плата, приобретение продуктов питания, приобретение оборудования и инвентаря, капитальный ремонт и другие расходы);

      8) оплата выполненных работ обучающимися средних организации образования;

      9) проведение экскурсий и внеклассных вечеров;

      10) текущий ремонт организаций среднего образования, учебных корпусов и общежитий;

      11) развитие пришкольного участка и обновление оборудования мастерских организаций среднего образования;

      12) устройство спортивных площадок;

      13) выдача стипендий и премирование отличившихся в общественно-полезном труде обучающихся;

      14) оздоровительные мероприятия;

      15) покрытие расходов по питанию участников соревнований, оплата труда арбитров (судей) и медицинских работников;

      16) организация учебного процесса по дополнительным учебным программам;

      17) оплата труда руководителей кружков и секций;

      18) на мероприятия, связанные с организацией кружков и секций;

      19) оплата труда работников, оказывающих платные образовательные услуги;

      20) установление доплат, надбавок, премий и других выплат стимулирующего характера;

      21) приобретение транспортных средств;

      22) приобретение оборудования, инвентаря (в том числе мягкого) и обмундирования;

      23) расходы на оплату за отопление, электроэнергию, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих и хозяйственных целей, оплата услуг по обслуживанию здания, оплата транспортных услуг и прочие расходы на приобретение товаров;

      24) реконструкция и капитальный ремонт зданий и сооружений;

      25) оплата труда воспитателей и вспомогательного персонала лагерей отдыха;

      26) ремонт музыкальных инструментов;

      27) расходы, связанные с эксплуатацией и ремонтом двигателей;

      28) затраты, связанные с производственной деятельностью учебно-вспомогательных подсобных хозяйств и учебно-опытных участков, в том числе на оплату труда работников, занятых в этой деятельности;

      29) командировочные расходы;

      30) на проведение аккредитации организаций образования.

      10. Средства, поступающие от реализации товаров, работ, услуг от проведения научных исследований расходуются по следующим направлениям:

      1) заработную плату - вознаграждение за труд членов исследовательской группы, участвующих в проведении научного исследования, включая начисление всех налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      2) научные командировки - командировки, связанные с проведением исследований;

      3) услуги сторонних организаций - услуги научных лабораторий коллективного пользования, иных лабораторий, прочих организаций, необходимые для выполнения исследований, в том числе организационные взносы для участия в конференциях;

      4) приобретение материалов – приобретение расходных материалов для проведения исследований;

      5) приобретение оборудования и программного обеспечения;

      6) научно-организационное сопровождение – расходы на публикации, патентование и приобретение аналитических материалов, а также иные услуги по сопровождению проекта;

      7) аренду помещений;

      8) аренду оборудования и техники;

      9) эксплуатационные расходы оборудования и техники, используемых для реализации исследований.".

      2. Департаменту бюджетного планирования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
_____________ __________
"___" ___________ 20__года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр обороны
Республики Казахстан
_____________ __________
"___" ___________ 20__года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
_____________ __________
"___" ___________ 20__года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
_____________ __________
"___" ___________ 20__года