Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18025 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.05.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадр қызметі басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
571 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.05.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппаратының (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомстволарының және Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеулер лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері, олардың қызметін бағалау нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер, мерейтойлық даталар және еңбек сіңірген жасқа толу жағдайы бойынша қолданылады.

      3. Министрліктің, оның ведомстволарының және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.

      4. Министрлік орталық аппаратының, оның ведомстволарының және Комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу:

      1) Министрдің не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша Министрліктің басшылығына және Комитеттер басшыларына;

      2) аппарат басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша Министрліктің қызметкерлеріне, Комитеттер басшыларының орынбасарларына және аумақтық бөлімшелердің басшыларына жүргізіледі.

      5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті, оның ведомстволарының және Комитеттің аумақтық бөлімшелері ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Министрдің алғысы жарияланады.

      7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Министрліктің алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

      8. Министрліктің грамотасымен, Министрдің алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешім Министрлік ведомствосының құрылымдық бөлімшелері мен Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады және Министрдің бұйрығымен ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметшілерді Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген еңбегі сипатталған бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар жетекшілік ететін вице-министрмен (аппарат басшысымен) келісу бойынша оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолымен немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қолымен Министрліктің кадр қызметіне жіберіледі.

      9. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің грамотасымен және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді Комитеттің аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және Комитеттің аумақтық бөлімшілері басшыларының бұйрығымен ресімделеді.

      Грамотамен және алғыс жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып Комитеттің аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолымен кадр қызметіне жолданады.

      10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметіне тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.

      11. Грамота және алғыс хат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Министрдің немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қолы қойылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілерді Министр немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.

      13. Грамота мен алғыс хат жоғалған жағдайда олардың түпнұсқалары берілмейді.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді ведомстволық наградалармен марапаттау жүзеге асырылады.

      15. Мынадай мемлекеттік қызметшілер:

      1) алынбаған тәртіптік жазалары бар;

      2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

      3) Министрлікте, оның ведомствосында және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінде бір айдан кем жұмыс істегендер көтермелеуге жатпайды.

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 571. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2018 года № 18025.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 25.05.2023 № 176 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      2. Управлению кадровой службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Курмангалиеву А.Д.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
М. Абылкасымова

  Утверждены
приказом Министра труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 24 декабря 2018 года № 571

Правила применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 25.05.2023 № 176 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок применения поощрений государственных служащих центрального аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее – Министерство), его ведомств и территориальных подразделений Комитета труда и социальной защиты (далее-Комитет).

      2. Поощрения государственных служащих применяются за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в трудовой деятельности, по результатам оценки их деятельности, а также по случаю празднования национальных, государственных, профессиональных и иных праздников, юбилейных дат и достижения выслуги лет, определенной законодательством Республики Казахстан.

      3. К государственным служащим Министерства, его ведомств и территориальных подразделений Комитета применяются следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение ценным подарком;

      4) награждение грамотой;

      5) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм поощрений, указанных в части первой настоящего пункта, и только один раз с указанием конкретных заслуг.

      4. Поощрение государственных служащих центрального аппарата Министерства, его ведомств и территориальных подразделений ведомства единовременным денежным вознаграждением производится:

      1) по решению Министра либо лица, его замещающего, в отношении руководства Министерства и руководителей Комитетов;

      2) по решению руководителя аппарата либо лица, его замещающего, в отношении работников Министерства, заместителей руководителей Комитетов и руководителей территориальных подразделений.

      5. Выплата единовременных денежных вознаграждений осуществляется за счет экономии средств республиканского бюджета, предусмотренных на содержание Министерства, его ведомств и территориальных подразделений Комитета по плану финансирования.

      6. Благодарность Министра объявляется государственным служащим за выполнение заданий особой важности и сложности, надлежащее и добросовестное выполнение поручений руководства Министерства.

      7. Грамотой Министерства, ценным подарком награждаются государственные служащие за образцовое выполнение должностных обязанностей, достижение высоких результатов в служебной деятельности, личный вклад в решения особо важных задач, поставленных перед Министерством.

      8. Решение о поощрении грамотой Министерства, благодарностью Министра и ценным подарком принимается по представлению руководителей структурных подразделений и территориальных подразделений Комитета и оформляется приказом Министра.

      Представления о поощрении государственных служащих грамотой Министерства, благодарностью Министра и ценным подарком с описанием конкретных заслуг государственных служащих направляются в кадровую службу Министерства за подписью руководителей его структурных подразделений по согласованию с курирующим вице министром (руководителем аппарата) или за подписью руководителей территориальных подразделений Комитета.

      9. Решение о поощрении грамотой территориальных подразделений Комитета или благодарностью руководителя территориальных подразделений Комитета принимается по представлению руководителей структурных подразделений территориальных подразделений Комитета и оформляется приказом руководителя территориальных подразделений Комитета.

      Представления о поощрении государственных служащих территориальных подразделений Комитета грамотой и благодарностью направляются за подписью руководителей структурных подразделений территориальных подразделений Комитета в кадровую службу с описанием конкретных их заслуг.

      10. Если поощрение грамотой и благодарностью приурочено к праздничным и юбилейным датам, то представление о поощрении направляется в кадровую службу Министерства или территориальных подразделений Комитета не позднее 20 календарных дней до соответствующей даты.

      11. Грамота и благодарность составляются на государственном либо русском языках и подписываются Министром или руководителем территориального подразделения Комитета.

      12. Учет поощрения государственных служащих грамотой и благодарностью Министра или руководителя территориальных подразделений Комитета осуществляется кадровой службой Министерства и территориальных подразделений Комитета с занесением данных о поощрении в трудовую книжку и личное дело государственного служащего.

      13. В случае утери грамоты и благодарности их дубликаты не выдаются.

      14. Награждение государственного служащего ведомственными наградами осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан".

      15. Не подлежат поощрению государственные служащие:

      1) имеющие не снятые дисциплинарные взыскания;

      2) в период прохождения испытательного срока;

      3) проработавшие в Министерстве, его ведомстве и территориальных подразделениях ведомства менее одного месяца.