"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 34) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтемақы төлемдері – халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеу және оңалту шығындарының құнын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Өтемақы төлеуді жүзеге асыру тәртібі";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтемақы төлемдерін алу үшін халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адам (бұдан әрі – өтініш беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өтініш берушінің өкілі жүгінген кезде – нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін белгіленген нысандағы өтініш;
3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;
5) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;
6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Өтемақы төлеуді жүзеге асырудан бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:
1) өтініш берушінің және (немесе) өтемақы төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) өтемақы төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";
қосымша осы бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) қолданысқа енген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Деңсаулық сақтау министрлігі
Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін ӨТIНIШ
Сiзден ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________ сұраймын.
____________ ______________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___" ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________
______________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 371 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.