"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 926 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18085 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері арқылы алу үшін құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арқылы алу үшін Астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні, басқа өңірлерден – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      3) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      4) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат беретін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жобалық құжаттаманы келісуге жіберу туралы өтініш;

      3) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      4) уран өңдіру саласындағы жобалық құжаттамаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамалық қорытындысының электронды көшірмесі.

      Сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-1-қосымшамен көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері түпнұсқаларын электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      осы бұйрықтын қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2016 жылғы "_____"_____________

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрiнiң
  2018 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 926 бұйрығына
  қосымша
  "Қауіпті өндірістік объектілерді
  салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға,
  жаңғыртуға, консервациялауға және
  жоюға арналған жобалау құжаттамасын
  келісу" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет стандартына
  1-1-қосымша

Уран өңдіру саласындағы жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының мазмұны

      1. Жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама процесінде қаралған жобалық, конструкторлық құжаттар туралы мәліметтерді;

      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;

      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;

      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;

      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.

      2. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 511 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области промышленной безопасности"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 926. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2018 года № 18085. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 8 сентября 2020 года № 457.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 08.09.2020 № 457 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 511 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области промышленной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11363, опубликован 9 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в стандарте государственной услуги "Выдача разрешения на постоянное применение взрывчатых веществ и изделий на их основе", утвержденном указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Срок оказания государственной услуги с момента сдачи пакета документов на портал – 5 (пять) рабочих дней.

      Услугодатель в течение 2 (двух) рабочих дней с момента получения документов услугополучателя проверяет полноту представленных документов.

      В случае установления факта неполноты представленных документов и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель в указанные сроки дает письменный мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления.";

      в стандарте государственной услуги "Согласование проектной документации на строительство, расширение, реконструкцию, модернизацию, консервацию и ликвидацию опасных производственных объектов", утвержденном указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Срок оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов в Государственную корпорацию для получения государственной услуги через территориальные департаменты Комитета индустриального развития и промышленной безопасности – 15 (пятнадцать) рабочих дней;

      2) с момента сдачи документов в Государственную корпорацию для получения государственной услуги через Комитет индустриального развития и промышленной безопасности расположенные в городе Астана – 15 (пятнадцать) рабочих дней, с других регионов – 22 (двадцать два) рабочих дня.

      При обращении в Государственную корпорацию день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги;

      3) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов в Государственную корпорацию – 15 (пятнадцать) минут;

      4) максимально допустимое время обслуживания при обращении в Государственную корпорацию – 15 (пятнадцать) минут.

      Услугодатель в течение 2 (двух) рабочих дней с момента получения документов услугополучателя проверяет полноту представленных документов.

      В случае установления факта неполноты представленных документов и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель в указанные сроки дает письменный мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо его представителя по доверенности) в Государственную корпорацию:

      1) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      2) заявление о направлении проектной документации на согласование согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги;

      3) электронная копия проектной документации;

      4) электронная копия экспертного заключения промышленной безопасности для проектной документации в области добычи урана.

      Экспертное заключение должно содержать требования, предусмотренные в приложении 1-1 к настоящему стандарту государственной услуги.

      При приеме документов работник Государственной корпорации сверяет электронную копию с оригиналом, после чего возвращает оригинал услугополучателю.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность, государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      Работник Государственной корпорации получает письменное согласие услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги.

      При подаче услугополучателем всех требуемых документов в Государственную корпорацию выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      Выдача результатов государственной услуги через Государственную корпорацию осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении документа удостоверяющего личность (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности).

      В случаях предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренным настоящим пунктом, работником Государственной корпорации выдается расписка об отказе в приеме заявления на назначение по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги.

      Государственная корпорация обеспечивает хранение результата в течение одного месяца, после чего передает его услугодателю для дальнейшего хранения. При обращении услугополучателя по истечении одного месяца, по запросу Государственной корпорации услугодатель в течение одного рабочего дня направляет готовые документы в Государственную корпорацию для выдачи услугополучателю.";

      дополнить приложением 1-1 согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр по инвестициям и
развитию Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство информации
и коммуникаций
Республики Казахстан
"___"_________2018 года

  Приложение
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 27 декабря 2018 года № 926
  Приложение 1-1
к стандарту государственной
услуги
"Согласование проектной
документации
на строительство, расширение,
реконструкцию, модернизацию,
консервацию и ликвидацию
опасных
производственных объектов"

Содержание экспертного заключения промышленной безопасности проектной документации в области добычи урана

      1. Экспертное заключение о соответствии организации требованиям промышленной безопасности должно содержать:

      1) наименование экспертного заключения;

      2) вводную часть, включающую основание для проведения экспертизы, сведения об экспертной организации, сведения о специалистах, проводивших экспертизу промышленной безопасности и наличие аттестата на право проведения экспертизы промышленной безопасности;

      3) перечень объектов экспертизы, на которые распространяется действие экспертного заключения;

      4) данные об организации;

      5) цель экспертизы;

      6) сведения о рассмотренных в процессе экспертизы проектных, конструкторских документах;

      7) краткую характеристику и назначение объекта экспертизы;

      8) результаты проведенной экспертизы;

      9) заключительную часть с обоснованными выводами, рекомендациями по техническим решениям и мероприятиям;

      10) приложения, содержащие перечень использованной при экспертизе нормативной правовой, технической и методической документации, актов испытаний;

      11) согласованные и утвержденные организационно-технические мероприятия по приведению объекта экспертизы в соответствие с требованиями промышленной безопасности.

      2. Экспертное заключение действует в течение одного года со дня проведения экспертизы промышленной безопасности.

      Экспертное заключение подписывается руководителем экспертной организации, прошивается с указанием количества сшитых страниц.