"Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 965 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 18160 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтын 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;";

      9-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорацияға:

      кеменің атауын және кемені тіркеу портын көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесі көшірмесі;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы кеме атауы мен кеменің тіркеу порты көрсетілген өтініш;

      ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электрондық көшірмесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы "___" __________

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 556 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере внутреннего водного транспорта"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 965. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 января 2019 года № 18160. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 515.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 05.10.2020 № 515 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 556 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере внутреннего водного транспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11369, опубликован 2 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в стандарте государственной услуги "Выдача свидетельства о минимальном составе экипажа судна", утвержденном указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "1) с момента сдачи пакета документов в Государственную корпорацию, а также при обращении посредством портала – 2 (два) рабочих дня.

      При обращении в Государственную корпорацию день приема не входит в срок оказания государственной услуги;";

      подпункты 1) и 2) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "1) в Государственную корпорацию:

      заявление по форме, с указанием названия судна и порта регистрации судна согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги;

      документ, удостоверяющий личность (требуется для идентификации личности);

      утвержденное штатное расписание экипажа, соответствующего установленным требованиям к минимальному составу экипажей судов, утвержденный уполномоченным органом в сфере внутреннего водного транспорта;

      2) на портал:

      заявление с указанием названия судна и порта регистрации судна в форме электронного документа по форме, согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя;

      электронная копия утвержденного штатного расписания экипажа, соответствующего установленным требованиям к минимальному составу экипажей судов, утвержденный уполномоченным органом в сфере внутреннего водного транспорта.".

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство информации и коммуникаций
Республики Казахстан
"__" ______________ 2018 года