Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 05.10.2020 № 112-2072 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Астана қаласында спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 112-10 қаулысына қосымша |
Астана қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Астана қаласында спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген кезекті қаржы жылына жүйелі түрде базалық лауазымдық жалақы көлемінде (бұдан әрі – БЛЖ) төмендегідей коэффициенттер белгіленсін:
1.1. Спорттық ойын түрлерінің спортшылары үшін:
1) спорттық атағына:
Р/с № | Спорттық атақ | БЛЖ–ға коэффициенті |
1. | 1 разряд | 4,0 |
2. | Спорт шеберіне үміткер | 5,0 |
3. | Спорт шебері | 6,0 |
4. | Халықаралық дәрежедегі спорт шебері | 7,0 |
5. | Еңбек сіңірген спорт шебері | 8,0 |
2) спорттағы жетістіктері үшін:
Р/с № | Жарыс атауы |
БЛЖ–ға | ||
Жүлдері орындар | ||||
I | II | III | ||
1. | Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1,5 | 1,3 | 1,2 |
2. | Азия чемпионаты | 1,7 | 1,6 | 1,5 |
3. | Азия ойындары | 2,0 | 1,9 | 1,8 |
4. | Әлем чемпионаты | 2,3 | 2,1 | 2,0 |
5. | Олимпиада ойындары | 2,5 | 2,4 | 2,3 |
1.2. Спорт түрлері бойынша спортшылар үшін:
1) спорттық атағына:
Р/с № | Спорттық атақ |
БЛЖ–ға |
1. | Спорт шеберіне үміткер | 2,0 |
2. | Спорт шебері | 3,0 |
3. | Халықаралық дәрежедегі спорт шебері | 4,0 |
4. | Еңбек сіңірген спорт шебері | 5,0 |
2) спорттағы жетістіктері үшін:
Р/с № | Жарыс атауы |
БЛЖ–ға | ||
Жүлделі орындар | ||||
I | II | III | ||
Олимпиадалық түрлері | ||||
1. | Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1,5 | 1,3 | 1,2 |
2. | Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1,0 | 0,9 | 0,7 |
3. | Ересектер арасындағы Азия чемпионаты | 1,7 | 1,6 | 1,5 |
4. | Азия ойындары (жазғы, қысқы) | 2,0 | 1,9 | 1,8 |
5. | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары | 2,0 | 1,9 | 1,8 |
6. | Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты | 2,3 | 2,1 | 2,0 |
7. | Жастар арасындағы Әлем чемпионаты | 1,7 | 1,6 | 1,5 |
8. | Олимпиада ойындары | 2,5 | 2,4 | 2,3 |
Олимпиадалық емес түрлері | ||||
1. | Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1,2 | 0,9 | 0,6 |
2. | Ересектер арасындағы Азия чемпионаты | 1,6 | 1,4 | 1,2 |
3. | Азия ойындары (жазғы, қысқы) | 1,8 | 1,6 | 1,4 |
4. | Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты | 2 | 1,8 | 1,6 |
1.3. Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін және қатынасатын спортшылардың жаттықтырушылары мен клубтық командалардың жетекшілері үшін:
Р/с № | Жарыс атауы |
БЛЖ–ға | ||
Жүлделі орындар | ||||
I | II | III | ||
1. | Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1,5 | 1,4 | 1,3 |
2. | Азия чемпионаты | 1,8 | 1,7 | 1,6 |
3. | Азия ойындары | 2,1 | 2,0 | 1,9 |
4. | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары | 2,1 | 2,0 | 1,9 |
5. | Әлем чемпионаты | 2,4 | 2,3 | 2,2 |
6. | Олимпиада ойындары | 2,7 | 2,6 | 2,5 |
2. Теңгемен спортшылар үшін ақша қаражат көлемінің есебі:
АҚ = БЛЖ х (САК + СДК).
2.1. Теңгемен жаттықтырушылар және клубтық командалардың жетекшілері үшін ақша қаражат көлемінің есебі:
АҚ = БЛЖ x СДК.
Түрлі жарыстарда нәтижелілік болған жағдайда ең жоғары көрсеткіш бойынша коэффициент қолданылады.
Ескертпе:аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ – ақша қаражаты
БЛЖ – Қазақстан Республикасының Үкіметі кезекті қаржы жылына белгілеген базалық лауазымдық жалақы
САК – спорттық атақ коэффициенті
СДК – спорттық дәреже коэффициенті