Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 06.10.2020 № 508-2075 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 18-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет есерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 633 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың:
1) "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 851 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашадағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
2) "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105-249 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 894 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 сәуірдегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумықтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
____________А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы "___" _____________
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-8 қаулысына қосымша |
|
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысымен бекітілген |
Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Р/с № | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. |
Көпес И.С. Силиннің үйі, | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары к-сі, № 35 |
2. |
Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй, | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров к-сі, № 57 |
3. |
Теміржолшылар сарайы, | Қала құрылысы және сәулет | Ақжайық к-сі, № 10 |
4. |
1954 жылы алғашқы тың игерушілер келген вокзал ғимараты және вокзал алаңы, | Қала құрылысы және сәулет | 310-дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң |
5. |
Сәкен Сейфуллин ескерткіші, | Қала құрылысы және сәулет | Жеңіс даңғылы, № 62 |
6. |
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіш, | Қала құрылысы және сәулет |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің |
7. |
Бозоқ қалашығы, | Археология |
Есіл өзенінің сол жағалауындағы алқап, Ильинка тұрғын алабынан солтүстікке қарай 5 шақырым жерде, |
8. |
Константин және Елена шіркеуі, | Қала құрылысы және сәулет |
Республика даңғылы, |
9. |
Қалалық басқарма ғимараты, | Қала құрылысы және сәулет | Желтоқсан к-сі, № 17 |
10. |
Гимназия, | Қала құрылысы және сәулет | Т. Бигелдинов к-сі, № 72 |
11. |
Көпес Д.В. Егоровтың үйі | Қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов к-сі, № 5а |
12. |
Көпес үйі, | Қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов к-сі, № 20 |
13. |
Дәрігер | Қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов к-сі, № 20а |
14. |
Жасыл мешіттің дуалы, | Қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 83 |
15. |
Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы, | Қала құрылысы және сәулет | Ә. Жангелдин к-сі, № 40 |
16. |
Көпес В.М. Кубриннің | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары к-сі, № 41 |
17. |
Көпес М.К. Кубриннің | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары к-сі, № 37 |
18. |
П.Г. Моисеевтің үйі, | Қала құрылысы және сәулет | Ә. Мәмбетов к-сі, № 40 |
19. |
"Октябрь" кинотеатрының | Қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 29 |
20. |
Пионерлер үйі, | Қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік к-сі, № 6 |
21. |
"Есіл" қонақ үйінің ғимараты, | Қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік к-сі, № 8 |
22. |
Астана қаласы | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров к-сі, № 60 |
23. |
Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің ғимараты, | Қала құрылысы және сәулет |
Т. Бигелдинов к-сі, |
24. |
Мұсылман жастарына арналған | Қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 24 |
25. |
"Астана-Бәйтерек" монументалдық құрылысы, | Қала құрылысы және сәулет | Солжағалау, №1 |
26. |
Кенесары хан ескерткіші, | Қала құрылысы және сәулет | Есіл өзенінің жағалауы |
27. |
А.С. Пушкин ескерткіші, | Қала құрылысы және сәулет | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданында |
28. |
С. Сейфуллин ескерткіші, | Қала құрылысы және сәулет |
С. Сейфуллин және |
29. |
"Астана" мүсіні, | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Тәшенов көшесіндегі шағынгүлбақта |
30. |
Метеостанция ғимараты, | Қала құрылысы және сәулет | Жамбыл к-сі, № 11 |
31. |
"Космос" және "Баспа" мозаикалық паннолар, | Қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік к-сі, № 25 |
32. |
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені, | Қала құрылысы және сәулет |
Ақмола облысы, |
33. |
"Қараөткел" мұсылман зираты, | Қала құрылысы және сәулет | "Жастар" шағын ауданы |
34. |
Бозоқ ІІ қыстауы, | Археология | Бұзықты көлінің шығыс жағалауында |
35. |
Қозыкөш І қыстауы, | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
36. |
Қозыкөш ІІ қыстауы, | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
37. |
Қозыкөш ІІІ қыстауы, | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
38. |
Қозыкөш ІV қыстауы, | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
39. |
Қозыкөш V қыстауы, | Археология | Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде |
40. |
Сығанақ көшесіндегі қорған, | Археология | Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы жаңа шағын ауданның аумағында |
41. |
Күйгенжар зираты, | Археология |
Күйгенжар ауылының шығысына қарай |
42. |
Сарқырама зираты, | Археология | Қосшы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде |
43. |
Шұбар зираты, | Археология | Шұбар тұрғын алабының солтүстік-шығысына қарай 1 шақырым жерде |
44. |
Көктал жалғыз қорғаны, | Археология | қаланың солтүстік бөлігінде, Көктал тұрғын алабынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде |