Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты шешім ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 "Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6124 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерiс енгiзiлсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғым:
оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Қ.Сұлтанов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Е.Сәденов |
"14" 06 2018 ж.
"Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Д.Ахмеджанова |
"14" 06 2018 ж.