РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысының, "Біржан сал ауданы Дон ауылдық округінің Невское ауылын қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы" Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № а -7/239 қаулысының және Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 17 шілдедегі № С-26/4 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Дон ауылдық округінің Невское ауылы Ақмола облысы Біржан сал ауданы Дон ауылдық округінің Тасшалқар ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
М.Мырзалин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Б.Наурызбаева |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |