РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "2018 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № С-17/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6254 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
""Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, 19-шы кезекті сессиясының төрағасы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2018 жылғы "20" наурыз