РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Бестөбе кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бестөбе кентінде көшелер қайта аталсын:
Дзержинский көшесі Ақан сері көшесіне, Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне, Пушкин көшесі Алаш көшесіне, Покрышкин көшесі Тәуелсіздік көшесіне, Чкалов көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне, Больничная көшесі Нұрлы көшесіне, Шахтерская көшесі Кеншілер көшесіне, Спортивная көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне, Степная көшесі Тың дала көшесіне, Казахстанская көшесі Қазақстан көшесіне, Суворов көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне, Клубная көшесі Мәдениет көшесіне, Базарная көшесі Береке көшесіне, Ватутин көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне, Первомайская көшесі Шуақты көшесіне, Транспортная көшесі Құрманғазы көшесіне, З.Космодемьянская көшесі Ә.Молдағұлова көшесіне, Комсомольская көшесі Дина Нұрпейісова көшесіне, Советская көшесі Қайрат Рысқұлбеков көшесіне, М.Горький көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне, Матросов көшесі Күләш Байсейітова көшесіне, Новая көшесі Төле би көшесіне, Подхоз көшесі Кең дала көшесіне, Пролетарская көшесі Қаныш Сәтпаев көшесіне, Фрунзе көшесі Желтоқсан көшесіне, Промышленная зона көшесі Өнеркәсіптік аймак көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бестөбе кентінің әкімі | М.Исмағұлов |