Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 08.06.2020 № А-112 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 43-2 бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аршалы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі |
А.Тайжанов |
Аршалы ауданы әкімдігінің "31" 05 2018 жылғы № А-162 қаулысына қосымша |
Аршалы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ р/н | Аршалы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1. | Аршалы кентінің Т.Бигелдинов көшесі | 2,2 |
2. | Аршалы кентінің Тналин, Астана көшелері | 2,2 |
3. | Аршалы кентінің Ново-Автобазовская көшесі | 2,2 |
4. | Аршалы кентінің Амангелді Иманов, Жамбыл Жабаев, Алейников, Восточная, Сазонов, Заводская көшелері, Жамбыл тұйық | 2,1 |
5. | Аршалы кентінің Республика, Абай Құнанбаев, Митченко, Добровольский көшелері | 2,2 |
6. | Аршалы кентінің Родниковская, Труд, Мәншүк Мәметова, Жұмабек Тәшенов, Писарев, Речная, Сельхозтехника, Тәуелсіздік, Юго-восточная, Промышленная, ПТЛ-14, Северная, Пацаев, Отан, Конституции, Мәдениет, Ықшам аудан, Зеленая, Жолдаспаев, Жеңіс, Жастар, Есіл, Бейбітшілік, Волков, Достық көшелері | 2,1 |
7. | Аршалы кентінің Железнодорожная, Озерная, Макаренко, Дзержинский, Гранитная, Асфальтная, Щебзаводская, Коммунальная, Спортивная, Луговая, Заречная, Линейная көшелері | 2,0 |
8. | Аршалы кентінің Целинная, Матросов, Станционная, Вокзальная, Широкий, 40-лет Целины көшелері | 2,0 |
9. | Анар станциясы, Донецк ауылы, Ақтасты ауылы, Ақбұлақ ауылы, Қостомар ауылы, Ақжар ауылы, Николаевка ауылы, Ольгинка ауылы, Береке ауылы, Белоярка ауылы, Красное озеро ауылы, Родник ауылы, Шөптікөл станциясы, Байдалы ауылы, Бұлақсай ауылы, Шортанды селосы, Бірсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында 035 есептiк тоқсаны | 1,7 |
10. | Константинов ауылы, Михайлов ауылы, Волгодонов ауылы, Түрген ауылы, Арнасай ауылы, Ижев ауылы, Жалтыркөл ауылы | 1,9 |
11. | Сарыоба ауылы, Сары-оба станциясы, Бірсуат ауылы, 42-разъезд, Бабатай станциясы, Қойгелді ауылы | 1,8 |
12. | Жібек жолы ауылдық округінің Б. Момышұлы, Жамбыл, Ә. Молдағұлова, Қ. Сәтпаев, Ә. Ермекова, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Қажымұқан, Т. Рысқұлов, Затаевич, Гумилев, М. Мақатаев, А. Сері, Ш. Қалдаяқов, Әл Фараби, Кенесары, Қарасу, Абылайхан, Ә. Бөкейханов, Желтоқсан, А. Сейдімбеков, Мойылды, Абай, Панфилов, Бірлік, Республика, В.Г. Чайка, Кеңес, Ақан Кұрманов, Қарасу, Ұлытау көшелері, Жаңа Ауыл 2030, №1, №2, №3 шағын аудандары | 2,0 |
13. | Жібек жолы ауылдық округінің Қазыбек би, Бейбітшілік, Сары Арқа, С.Бейбарыс, Достық, Н.Тілендиев, М.Мәметова көшелері | 1,9 |