Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С 14/5 "2018 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С 17/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 6422 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "2018 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С 14/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6215 тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      ""Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Безверхова Н.А.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "Келісілді"

      Атбасар ауданының әкімі А.Ә.Қалжанов

      9 ақпан 2018 жыл

О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 27 ноября 2017 года № 6С 14/5 "О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Атбасарского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2018 год"

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 9 февраля 2018 года № 6С 17/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 21 февраля 2018 года № 6422

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атбасарского районного маслихата "О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Атбасарского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2018 год" от 27 ноября 2017 года № 6С 14/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6215, опубликовано 21 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Безверхова Н.А.
      Секретарь Атбасарского
районного маслихата
Борумбаев Б.А.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Атбасарского района
А.А.Калжанов

      9 февраля 2018 год