Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 6С 25/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 6933 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 6С 40/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 09.06.2020 № 6С 40/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Атбасар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған);

      "Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/5 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6С 2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5341 тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясынын төрағасы
А.Т.Комбатуров
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.А.Борұмбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар ауданының
әкімі
А.Ә.Қалжанов

      28 қараша 2018 жыл

  Атбасар аудандық мәслихатының
2018 жылғы 28 қарашадағы
№ 6С 25/5 шешіміне қосымша

Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталады, ол отбасының (азаматтың) жиынтық табысын қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.12.2019 № 6С 35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге, отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.12.2019 № 6С 35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Атбасар ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге ұсынылады.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.12.2019 № 6С 35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Тұрғын үй көмегі өтінішті беру күніне қарамастан ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      7. Коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша алынады.

      8. Электрқуатты, суық суды, ыстық суды, кәрізді, қоқысты әкету және жылуды тұтыну шығындары өткен тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.

      9. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесі сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      10. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса береді (бұдан әрі - Ереже).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.12.2019 № 6С 35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      12. Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.12.2019 № 6С 35/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      14. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      15. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      17. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Атбасарском районе

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 28 ноября 2018 года № 6С 25/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 14 декабря 2018 года № 6933. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 9 июня 2020 года № 6С 40/3

      Сноска. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 09.06.2020 № 6С 40/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Атбасарском районе согласно приложению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Атбасарского районного маслихата:

      "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе" от 9 февраля 2015 года № 5С 31/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4679, опубликовано 27 марта 2015 года в газетах "Атбасар", "Простор");

      "О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 9 февраля 2015 года № 5С 31/5 "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе"" от 27 апреля 2016 года № 6С 2/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5341, опубликовано 20 мая 2016 года в газетах "Атбасар", "Простор").

      3. Настоящее решение вступает в действие со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
КомбатуровА.Т.
      Секретарь Атбасарского
районного маслихата
БорумбаевБ.А.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Акима Атбасарского
района
А.А.Калжанов

      28 ноября 2018 года

  Приложение к решению
Атбасарского районного
маслихата от 28 ноября
2018 года № 6С 25/5

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Атбасарском районе

Глава 1. Размер оказания жилищной помощи

      1. Уполномоченным органом по назначению жилищной помощи определено государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Атбасарского района", который исчисляет совокупный доход семьи (гражданина) за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.

      2. Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 04.12.2019 № 6С 35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Доля предельно допустимых расходов:

      на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается в размере 11 процентов к совокупному доходу семьи (гражданина).

      Сноска. Пункт 3 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 04.12.2019 № 6С 35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      4. Оплата на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается тридцать квадратных метров.

Глава 2. Порядок оказания жилищной помощи

      5. Жилищная помощь предоставляется за счет средств районного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Атбасарском районе, на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 04.12.2019 № 6С 35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      6. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, независимо от даты подачи заявления, при этом доходы семьи (граждан) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.

      7. Расходы по коммунальным услугам берутся по предъявленным поставщикам счетам на оплату коммунальных услуг.

      8. Расходы потребления электроэнергии, холодной воды, канализации, горячей воды, мусороудаления и теплоснабжения, оплачиваются по фактическим затратам за предыдущий квартал.

      9. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифа абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Глава 3. Порядок назначения жилищной помощи

      10. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением документов в соответствии с пунктом 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 (далее – Правила).

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 04.12.2019 № 6С 35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      11. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      12. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      Сноска. Пункт 12 – в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 04.12.2019 № 6С 35/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      13. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      14. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      15. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      16. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      17. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Атбасарского района" через банки второго уровня.