Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 30.09.2022 № 7С-29-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5-тармағына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Астрахан ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Д.Сағадатов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі |
Н.Сейілов |
29.06.2018 ж