РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
Ерейментау ауданының әкімі |
Е.Нұғыманов |
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "14" наурыздағы № а-3/100 қаулысымен бекітілді |
2018 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Меншік түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | ||
Бөбекжай- бақшасы | Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық | Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық | |
мемлекеттік | 190 | 0 | 520 |
жеке меншік | 170 | 10 | 0 |
кестенің жалғасы:
Бір тәрбиеленушіге айына (теңге) шығындардың орташа құны | Мектепке дейінгі мекемелерде айына (теңге) ата-ана төлемақысының мөлшері | ||||
Бөбекжай- бақшасы | Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық | Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық | Бөбекжай- бақшасы | Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық | Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық |
30500 | 0 | 9343 |
Үш жасқа дейін -11000 | 0 | 0 |
30500 | 17650 | 0 |
Үш жасқа дейін -12000 |
Үш жасқа дейін-2500 | 0 |