Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 08.02.2019 № а-2/29 (ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ерейментау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі |
В.Радченко |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы |
К.Сыздықов |
"29" тамыз 2018 жыл
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "29" тамыздағы № а-9/296 қаулысына қосымша |
Ерейментау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1. Ерейментау ауданы әкімінің алғыс хаты.
2. Ақшалай сыйақы.
2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
3. Осы тәртіп Ерейментау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.
5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі" (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.
6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрық шығарылады.
9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Ерейментау ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.