Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 02.08.2022 № С-19/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Біржан сал ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
И.Магерко |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Шәуенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Сабыров |
"29" наурыз 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекшілдер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Д.Әділбеков |
"29" наурыз 2018 жыл