РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-10-576 ұсынысы негізінде Тасөткел ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының аумағындағы ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Жарқайың ауданының Тасөткел ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5746 болып тіркелген, 2017 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тасөткел ауылының әкімі | С.Саухимова |