Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С-19-2 "2018 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 6515 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуіріндегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жақсы аудандық мәслихатының "2018 жылға арналған Жақсы ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсанындағы № 6С-19-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6324 тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарында "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі қазақ тілінде жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Ұ.Шакеев
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

      2018 жыл "16" 03

О внесении изменения в решение Жаксынского районного маслихата от 22 декабря 2017 года № 6С-19-2 "О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жаксынского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2018 год"

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 16 марта 2018 года № 6С-21-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 апреля 2018 года № 6515

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Жаксынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жаксынского районного маслихата "О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жаксынского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на на 2018 год" от 22 декабря 2017 года № 6С-19-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6324, опубликовано 22 января 2018 года в районной газете "Жаксынский вестник") следующее изменение:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Жаксынского районного
маслихата
У.Шакеев
      Секретарь Жаксынского
районного маслихата
Б.Джанадилов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Жаксынского
района
К.Суюндиков

      "16" 03 2018 год