ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 2-т.).
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі |
М.Мұстафин |
2018 жылғы "16" ақпан
"Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Шәймерденов |
2018 жылғы "16" ақпан