Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 24/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 6945 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы № 23/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 18.08.2022 № 23/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
мәслихаттың хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Исмағамбетов

      2018 жылғы 14 желтоқсан

      "Казақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы Мемлекеттік
кірістер департаментінің Сандықтау
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К.Тайгунова

      2018 жылғы 14 желтоқсан

О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан в границах Сандыктауского района

Решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 14 декабря 2018 года № 24/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 19 декабря 2018 года № 6945. Утратило силу решением Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 18 августа 2022 года № 23/1

      Сноска. Утратило силу решением Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 18.08.2022 № 23/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Сандыктауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан в границах Сандыктауского района в десять раз.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрациии в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии,
секретарь районного
маслихата
С.Клюшников

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Сандыктауского
района
А.Исмагамбетов

      14 декабря 2018 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Республиканского
государственного учреждения
"Управление государственных
доходов по Сандыктаускому району
Департамента государственных
доходов по Акмолинской области
Комитета государственных
доходов Министерства финансов
Республики Казахстан"
К.Тайгунова

      14 декабря 2018 года